Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Пайдалы және дәмді
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қауіпсіздік мінез құлқы
Тақырыбы: « Пайдалы және дәмді»
Мақсат :пайдалы азық-түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтанудың
Маңызы туралы білімдерін бекіту. Өз ағзасын күтуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмысы : дәрумендер, пайдалы
Блингвалды компонент: дәрумен-витамин
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс- әрекеті |
Мотивациалық- қозғаушылық Ұйымдастырушы лық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік |
Сәлемдесу Сәлеметсіздер ме-Здравствуйте-Helo 1. Шаттық шеңбері: біз балдырған тең басқан дос құшағын кең ашқан тілейміз әділдік ашық болсын көк аспан -Осы кезде шулаған дауыс шығады - Балалар бұл кімдердің дауысы екен. Кімдер шулап жатыр. 1. Ертегі: «Көкөністер мен жемістер» айтысы Автор: Ерте ,ерте,ертеде. Күз мезгілі болып, көкөністер мен жемістердің барлығы піскен кезде, олар бір – бірімен дауласа бастапты. Жиналыпқаппыз бәріміз Қайсымыз ең дәмдіміз Ішімізде адамға Тиеді көп пайдамыз – деп дауласыпты. осы кезде мақтаншақ Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен бәріне Дәмді тағамдармен Сый жсаймын бәріне Қызылша Менде бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге Менсіз борщ болмайды Винегретте үстелде Қырыққабат Мақтанғаннан не пайда менсіз дімді сый қайда мені қосса самсаға Жейді бәрі тамсана Автор: Осы кезде жеміс шырыны Алма шығады Алма: Нарттай қызыл алмамын Мәз болады алғандар Жазда әдемі киінем Тілді балдай үйірем Анар: Мен тәп-тәтті анармын Мен емеспін мақтанар Барлық, барлық адамға Тиер мен көп пайдам Осы айтысты қояйық Дауласуды тоқтатайық Автор: Дұрыс айтасың бұл дауласудың еш пайдасы жоқ. Көкөніс те, жеміс те Денсаулыққа пайдалы Мұны жатқа біліңдер Оларды жақсы көріңдер -балалар жемістер мен көкөністер дәмді ме?. Ал дәрумендердің біздің ағзамызға пайдасы көп пе? Көкөністер мен жемістерден қандай тағам дайындауға болады. -Балалар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? -Олай болса біз саяхатқа шығайық. -Балалар, біз саяхатқа жаяу емес поездбен барамыз. Саяхатымыз жай саяхат емес, қызықты болайын деп тұр. Жолға шықпас бұрын сндерге жол билетін таратып берейін. -балаларға жол билеті таратылып беріледі. -поезд дауысы естіледі. -Құрметті жолаушылар, Сақ болыңыздар! Пайдалы -Тәтті бағытындағы № 2021 жолаушылар поезді «Ақ тиін» бекетіне келіп тоқтады. Поездға отырғызылу басталды. --Балалар орындарынан тұрып массажды кілем үстімен шеңбер бойымен аяқтарын көтеріп жүреді. Екі топқа бөлінеді. -Осы кезде балаларға бекет аты хабарланады. -2. Құрметті жолаушылар поездіміз «Пайдалы және дәмді» бекетіне келіп тоқтады Бұл бекетте қандай тапсырма қандай берілгені түсіндіріледі. Шарты: Балалар тақтаға пайдалы немесе дәмді тағамдардың суреттерін іледі. қандай сурет ілгендерін айтып түсіндіреді. Тәрбиеші -Алма,алмұрт... дәмді әрі пайдалы- өйткені онда дәрумендер өте көп - пицца,кола ...- ол дәмді -балалар пицца,кола, ходдог .. дәмді, бірақ оны көп жеуге болмайды. Өйткені ол ағзамызға зиян. 2.-Құрметті жолаушылар №2021 жолаушылар поезді келесі бекетке жол тартты. Поезд дауысы Балалар шеңбер бойында аяқ ұшымен жүреді. 2. Құрметті жолаушылар поездіміз «Жұмбақтар» бекетіне келіп тоқтады 1.Көктемде 2.Доптар жатыр желісі бар, Қабат-қабат терісі бар (Қырыққабат) 3.Алма дерсің, түсіне
қарап, 4.Аспай
піскен, 5.Жасыл ала
дөңгелек, 6.Бақшадан жер
қазып, келесі бекет хабарланады. Құрметті жолаушылар №2021 жолаушылар поезді «Жұмбақтар» бекетінен жүргелі тұр. Сақ болыңыздар?Поезд жүрген дауысы -Балалар шеңбер бойымен ортопедиялық кілемде өкшемен жүреді. Құрметті жолаушылар поездіміз Балалар Тыныс алу жаттығуы 14. Тыныстайық тереңнен! Мұрынмен кезек дем алу Қиындығы: орташа. Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері. Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жасаймыз. Поезд дауысы. 3. Жолаушылар поездіміз Білгірлер» бекетіне келіп тоқтады. Тапсырма-командалар тәрбиешінің "Иә" және "жоқ" сұрақтарына жауап береді, тиісті белгілерді көтереді. Әр дұрыс жауап үшін командаға жетон беріледі. Мысалы, көктемде алма енді күздегідей пайдалы емес, өйткені олар қыста сақталған кезде олардағы дәрумендер жойылады. Сұрақтар: - Барлық өнімдер бірдей пайдалы ма? (Жоқ) - Адамның тамақтануы әртүрлі болуы керек пе? (Иә) - Өте тез тамақтану керек пе? (Жоқ) - Д витамині адам ағзасында тек күн сәулесінің әсерінен өндіріледі ме? (Иә) - Сіз ұйықтамас бұрын кешкі ас ішуіңіз керек, түні бойы аш болмау керек пе? (Жоқ) - Бананың түсі қызыл ? (Жоқ) - Күніне бір рет тамақтану керек пе? (Жоқ) — Күні бойына шоколад жеу керек пе? (Жоқ) - Сүт, ет және жұмыртқада витаминдер бар ма? (Иә) - Алма жерде өседі (Жоқ) - Сүттің түсі ақ па? (Иә) - Торттар мен тоқаштар – ең пайдалы тағам? (Жоқ) - Көкөністер мен жемістерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер көп пе? (Иә) баларға әр тапсырмадан кейін сұрақтар қойылып ол не үшін пайдалы екенін сұрау. 4 .Құрметті жолаушылар №2021 «Пайдалы және тәтті» бағытындағы жолаушылар поезді жүргелі тұр. Поезд жүрер алдында Сақ болыңыздар. Поезд дауысы. Құрметті жолаушылар поездіміз «Ақылдылар?» бекетіне келіп тоқтады. Тапсырма-тәрбиеші қандай да бір сапа туралы сұрақ қояды, балалар қолын көтеріп, осы анықтамаға сәйкес келетін көкөніс немесе жеміс деп атайды. Сұрақтар жауаптардың мысалдары: — Бұл ұзын, сопақ? Жауап: қияр, … - Қызыл не болады? Жауап: қызанақ, алма, бұрыш, шие, шие, қызылша, анар… - Жасыл не болады? Жауап: қияр, алма, қарбыз, алмұрт, қырыққабат, киви… - Сары не болады? Жауап: қауын, лимон, алма, пияз, шие, өрік, шие, банан… - Қызғылт сары не болады? Жауап: апельсин, мандарин, асқабақ … - Дөңгелек не болады? Жауап: қарбыз, алма, қызанақ, асқабақ, пияз, апельсин, мандарин… — Ол кейде тәтті? Жауап: қарбыз, алма, банан, алмұрт, апельсин, мандарин, манго… - Қоңыр не болады? Жауап: картоп, жаңғақтар… дұрыс жауап берген топтарға жетондар беріліп отырады. -балалар біз келесі бекет жеткенге дейін дейін жаттығу жасап алайық 5. Саусақ жаттығу «Көңілді доптар» . 6. Құрметті жолаушылар поездіміз «Жинақтаушы» бекетіне келіп тоқтады Қош келдіңіздер. Мнемокесте мен мнемошаршы арқылы балалар тапсырма орындайды. Поезд хабарланады. Құрметті жолаушылар Поездіміз Жинақтаушы бекетінен шықты. Келесі бекетке жеткенше сіздермен көзге арналған жаттығу жасап алайық. 7. Құрметті жолаушылар №2021 «Пайдалы және тәтті» бағытындағы жолаушылар поезді «Тәтті» бекетіне келіп тоқтады. қош келдіңіздер.( хабарланады) Тапсырма-балалар үстел үстінде стақанда құйылып тұрған шырынның ішіп көріп, қандай шырын екенін, неден дайындағанын және көкөністен бе жемістен бе жасалғанын айтады. Ең дұрыс жауаптары бар команда жеңеді. Әркім өзінің дәмін көрген шырынын түсінуі керек. Өнімді тапқаннан кейін (немесе білмегеннен кейін) тәрбиеші оның пайдалы екенін және одан не дайындауға болатындығын айтады балалар, бүгін біз тек қана саяхаттап қана қоймай түрлі тапсырмалар орындадық. Әр бекеттің өзінің тапсырмасы болды. Біз сол тапсырманы мұқият орындап шықтық. Екі топқа бөлінгеннен кейін жеңімпаз топ болады. Топқа берілген жетондарды санап шығайын. -Енді біз жеңімпаз топты атауымыз керек. Қорытынды: -Балалар біз бүгін саяхатқа немен шықтық? - Әр бекеттің өзінің қандай тапсырмалары болды? -Қандай тағамдар пайдалы екен? -Сендерге саяхат ұнады ма? |
Қимылмен жасайды.
қуанады
балалар билеттерін жолсерікке береді
-кілем үстінде шеңбер бойымен жүріп екі топқа бөлінеді |
Білу: көкөністердің адам ағзасына пайдасын
Меңгеру: Барлық көкөністер мен жемістерде дәрумендер көп екенін
Істей алу: Берілген тапсырмаларды орындай алады