|
күтілетін
нәтиже
|
Барлық
балалар:
Қарапайым әуендерді, таныс
әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту
қабілеттеріне сүйеніп ән сала
алады.
көпшілік
балалар:
Музыка жанрларын (ән, күй, би,
марш) ажырата алады.
кейбір
балалар:
Балаларға арналған ұрмалы
аспаптарда (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған), жеке және ансамбльде
күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнай
алады.
|
|
Тілдік
мақсат
|
Балалар:
Көгөністерді жемістерден ажырата
алады.
Әннің мазмұнын түсініп, оны өз сөздерімен
түсіндіре алады.
Көптілділік:
жемістер – овощи –
vegetables.
негізгі терминдер мен сөз
тіркестері:
Күй, марш, би, полька,
вальс.
Пікір алмасу
сұрақтары:
Неліктен жемістер пайдалы деп атаймыз? Несімен
пайдалы?
Музыка жанрларын (ән, би, күй, полька, вальс)
ажырата аласың ба?
Қандай биді
ұнатасың?
Музыка ырғағына ілесіп ойдан би қимылдарын жасай
аласың ба?
|
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй
орнату 0-2
минут
ІІ. Өмірлік тәжірибені
маңыздандыру.
Мақсатты
болжам
3-5
минут
|
Балалармен
амандасу. Ұрмалы музыкалық аспаптарда
үйренген әуендерді еске түсіріп
қайталау.
Проблемалық
сұрақ: Пайдалы және
салауатты тағам деген
не?
Педагог балалармен пайдалы және пайдалы емес
тағам туралы әңгіме
өткізеді.
– Балалар, сендер түрлі жанрда, түрлі ырғақта,
түрлі көңіл күйде музыка тыңдадыңдар. Бүгін жанрларға
тоқталамыз.
«Күй» не екенін білесіңдер, күй – аспаптық
музыка, зейін салып тыңдасақ, не туралы екенін түсінуге болады.
Көбіне домбырамен орындалады. Би музыкаларына «полька», «вальсті»
жатқызуға болады.
«Полька» – жеңіл, ойнақы болса, «вальс» –
қалықтап, айналып биленеді.
Музыка тыңдап, жанрларды
ажыратайық.
|
|
|
ҰОҚ-нің
ортасы
ІІІ. Тақырып
бойынша
жұмыс
6-27
минут
|
(Т) Музыка
тыңдау: «Алатау» күйі (Құрманғазы),
«Полька», «Вальс», «Би әуені» (муз. Г.
Левкодимова).
Балалардан қандай
жанрларда музыка тыңдағанымызды
сұрау.
Полька мен вальстің айырмашылықтары неде екенін
сұрау, түсіндіру.
Күй
туралы мағлұмат беру.
(Т, Ж) дауыс жаттығулары:
«Жоғарыға шығамыз, төмен қарай
түсеміз».
Әуенді біртіндеп көтеріп, жоғары дыбысқа жеткенде
дауысты қаттырақ шығарып, айқайламай, демді үнемдеп шығарып,
біртіндеп төмен қарай
түсеміз.
(Т, Ж) Ән айту:
«Жемістердің пайдасы» (муз. Ә.Қонысбеков, сөзі
Ұ.Қонысбекова).
Педагог әнді орындап, таныстырып болған соң,
әннің не туралы айтылғанын әңгімелейді. Балалардан не туралы
айтылып отырғанын сұрақ-жауап арқылы сұрайды.
Әннің көңіл күйі туралы, қарқыны қандай күйде жазылғаны туралы
түсінік алады. Ән орындау кезінде бір-бірін тыңдап, үйлесімді
орындауларын талап
етеді.
(Т,
Ж) аспапта
ойнау: «Қандай аспап?» – асатаяқ,
тұяқтас, үшбұрыш, ксилофон, металлофон аспаптарының үндерінен есту
қабілеттері арқылы дыбыстарынан
ажырату.
Қай аспаптың қалай
дыбысталатынын айтып
беру.
(Т, Ж) Әліппе-дәптермен
жұмыс:
1-сабақ. айсұлудың сұрағы
мен тапсырмасы: Саған қандай жемістер мен
көгөністер ұнайды? Олардың қандай пайдасы
бар?
Жұмбақтарды шешіп, пайдалы
жемістер мен көгөністің аталуын тап. Жемістерді қызыл түспен шыны
ыдысқа, ал көгөністерді жасыл түспен себетке
жина.
2-сабақ. айсұлудың сұрағы
мен тапсырмасы:
Алатау тауы еліміздің қай
жерінде? Басқа қандай тауларды
білесің?
Күйдің екпіні, ырғағы
қандай?
Суретті күйдің мазмұнына
сәйкес түстерді таңдап,
боя.
Музыкалық аспаптардың
дыбысталуын еске
түсірейік.
Олардың дыбысталуы әртүрлі:
жоғары, төмен болады.
|
«Алатау»
күйі
«Полька»,
«Вальс»,
«Би
әуені»
«Жемістердің пайдасы»
әні
Асатаяқ, тұяқтас, үшбұрыш, ксилофон,
металлофон
Әліппе-дәптер
|