400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пайдалы қазба деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
іс-тәжірибе алмасы үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: «Пенжім орта мектебі» КММ

Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазба деген не?

Күні:

Мұғалімнің есімі:Калиева Маржан Нұрболатқызы


Сынып:4

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау

4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау

Оқушылардың басым бөлігі: Оқушылар Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін біледі, олардың кен орындарын шартты белгілерін қолданып, картадан көрсетеді.

Кейбір оқушылар: өмірлік тәжірибесін қолданып, пайдалы қазбалардың тұрмыста, шаруашылықта қолданысы туралы зерттеу жүргізеді, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

-көмірдің (мұнайдың, саздың, граниттің) тұрмыста, шаруашылықта қолданысын атайды;

- кен орындарын шартты белгілерін қолданып, картадан көрсетеді.

- өмірлік тәжірибесін қолданып, пайдалы қазбалардың тұрмыста, шаруашылықта қолданысы туралы зерттеу жүргізеді, қорытынды жасайды.


Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

-көмірдің (мұнайдың, саздың, граниттің) тұрмыста, шаруашылықта қолданысын атайды;

-Қазақстанның негізгі кен орындары туралы әңгімелейді.

Терминология:

Табиғат ресурстары, пайдалы қазбалар, кен орны, бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, кен, шахта, карьер, бұрғылау, ашық әдіс, жабық әдіс.

Сөз тіркестері:

Талқылау сұрақтары:

- Табиғи қазбалар деген не?

- Қазақстанда қандай негізгі пайдалы қазбалар өндіріледі?

- Әктасты қайда қолданады?

- Мұнайдан не алынады?

- Көмірді қайда пайдаланады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Оқушылар «табиғат ресурстары» ұғымын түсінеді. Табиғат ресурстарының түрі мен көздерін анықтай алады, шығу тегі бойынша жіктей алады. Топырақтың құрамы мен қасиетін атай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

Сергіту жаттығуы

«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.


Алдыңғы білімді еске түсіру

Жедел жауап

• Табиғат ресурстары деген не?

• Табиғат ресурстарын не үшін пайдаланады?

• Табиғат ресурстарын қайдан алады?



Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Ортасы

Топтық жұмыс

Кластер толтыру.

Пайдалы қазбалар түрлері, олар не үшін пайдаланады?

Жэтон арқылы бағалау

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Пайдалы қазбаларды түрлі әдіспен өндіреді. Жер бетіне жақын жатқан кенді экскаватормен қазып алады. Оны ашық әдіс деп атайды. Қазылған жерлерде үлкен ойыстар – карьерлер түзіледі. Карьердегі қазылған кенді экскаватормен мәшинелерге тиеп, өңдейтін орынға жеткізеді. Терең жер қойнауында жатқан кенді қазып алу үшін шахта жасалады. Бұл жабық әдіс деп аталады. Шахтадан өндірілген кен арнайы вагонмен жер бетіне шығарылады. Ал мұнай жер қыртысында қоймалжың күйде кездеседі. Оны бұрғылау әдісімен алады. Ол үшін мұнай шоғырланған жерді үлкен бұрғымен тесіп, сорғымен тартады.

ҚБ тапсырма

Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету

Дескрипторы:

  1. Пайдалы қазбалардың белгілерін біледі

  2. Картадан белгілерді табады

  3. Белгілердің атын атап береді

3 балмен бағалау

Пайдалы қазбалар не үшін, қай жерде қолданылады?

Қай жерден алынады?

Дескрипторы:

Ақпарат көзін және жеке өмірлік тәжірибесін қолданып, пайдалы қазбалардың тұрмыста, шаруашылықта қолданысы туралы зерттеу жүргізеді және қорытындылайды.



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырма

лары.

Аяқталуы



Рефлексия «Білім қоржыны» әдісі.




Үйге тапсырма: бір пайдалы қазба туралы мәлімет жазу.



Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс«Білім қоржыны» әдісі тапсырмалары арқылы білдіре алады.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
1011
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі