400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пайдалы қазбалар 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогикалық көмек ретінде ұсынылып отыр. Материалда 4-сынып оқушыларының дүниетану пәнінен " пайдалы қазбалар" туралы мәліметтер және оқушыларға сабақты қызықты етіп өткізу жоспары қамтылған. Оқушылар картамен жұмыс жасап үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Дүниетану


Мұғалім

Пернебаева Меруерт Нұрғалиқызы

Мектеп

126 «Айнатас» негізгі орта мектебі

Сабақ тақырыбы

Пайдалы қазбалар


Сабақтың мақсаты

Пайдалы қазбалар туралы мағлұматтар беру, шартты белгілерімен атауын айтып, картадан көрсе алу.

Жетістік критерийлері

Қазақстан қартасынан пайдалы қазбаларды шартты белгілері бойынша табады. Тұрмыста қалай пайдаланатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Кенге жататын және кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың атауларын білу, кен орындары, ашық және жабық шахталар, кен қалдықтары, террикон атаулары мен сөз тіркестерін, идеялары мен пікірлерін айтуда, ақпаратты табуда қолдану.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында

Оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік, қызығушылық қасиеттері дамиды және өзінің тұратын тұрғылықты мекенінде қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

5 минут

Жанғыш

Кенге жататын

Кенге жатпайтын

пайдалы қазбалар суреттері және заттар беріледі, қолындағы затқа байланысты өз тобын тауып отырады. Суреттері бойынша ортақ қасиеттерін табады.

Ресурстар

Құм, бор, әктас, қасық, темір сызғыш, мыс қиындысы, магнит, күміс әшекей, мұнай, газ, көмір, т.б. суреттер мен заттар.

Сабақ ортасы

20 минут













Жигсо әдісі жойынша бүгінгі тақырып туралы қысқаша мағлұматтар жазылған мәтін беріледі. Мәтінді бір-біріне түсіндіреді.

І топ: Жанғыш

ІІ топ: Кенге жататын

ІІІ топ: Кенге жатпайтын


Оқулық, картамен жұмыс

Оқулықта берілген мәтінді оқып қысқаша мазмұндайды. Қазақстан картасында берілген шартты белгілермен таныса отырып қандай облыста не өндірілетіні жайлы мағлұматтар алады. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар мен кенге жататын пайдалы қазбаларды салыстырады, жанғыш пайдалы қазбалардың ерекшелігіне тоқталады.


Сергіту сәті

Өзің жақсы білетін облыста қандай кен бар екен картадан тауып, шартты белгімен белгіле, тағы не бар екенін ойлан.


Оқушыларға. «Мен із кесушімін»

Шартты белгілер бойынша жұмыс.

Бұл заттың иісі жоқ, суда ериді, дәмі ащы, магнит тартпайды, бұл сонда қандай зат? ...

Өте жеңіл, адам денсаулығына зияны жоқ, өзі қатты, жылуды тез өткізеді, бұл не? ...

Бұл заттың иісі бар, түсі сарғыш, сұйық, адам денсаулығына, өсімдікке зиянды, оттан абай бол деген жазуы бар. Бұл не? ...



Дәптермен жұмыс

Шартты белгілерді Қазақстан картасына түсіру

Өзің тұратын жерде қандай пайдалы қазбалар бар екен?

Тест

Сұрақтың жауабын дәптерге белгілеп, жұпта тексереді.















Рефлексия

Сабақтың соңы


5 минут


Білемін

Білдім

Білгім келеді

Сабақтың басында толтырылады







Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қима сөздер

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.

Тұсбағдарды қолдана отырып, көкжиек тұстарын анықтай алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі