400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Пайдалы қазбалар қалай пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Кабекеева Айжамал Джолдыбаевна

Тараз қаласы Шона Смаханұлы атындағы №44 о/м

Мектеп:44

Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазбалар қалай пайда болды?

Күні:18.02.20ж

Мұғалімнің есімі:КабекееваА

Сынып:4-Б

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Оқу мақсаты


4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау

4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын кар картадан көрсету

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Табиғат ресурстарының түрі мен көздерін анықтай алады, шығу тегі бойынша жіктей алады. Топырақтың құрамы мен қасиетін атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Оқушылар Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар өндірілетінін біледі, олардың кен орындарын шартты белгілерін қолданып, картадан көрсетеді. Кейбір оқушылар: Ақпарат көзін және жеке өмірлік тәжірибесін қолданып, пайдалы қазбалардың тұрмыста, шаруашылықта қолданысы туралы зерттеу жүргізеді.

Бағалау критерийлері:


-көмірдің (мұнайдың, саздың, граниттің) тұрмыста, шаруашылықта қолданысын атайды;

-Қазақстанның негізгі кен орындары туралы әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар:

-көмірдің (мұнайдың, саздың, граниттің) тұрмыста, шаруашылықта қолданысын атайды;

-Қазақстанның негізгі кен орындары туралы әңгімелейді.

Терминология:

Табиғат ресурстары, пайдалы қазбалар, кен орны, бор, тұз, әктас, саз, мұнай, и кө , кен, шахта, карьер, бұрғылау, ашық әдіс, жабық әдіс.

Сөз тіркестері: Талқылау сұрақтары:

-Табиғи қазбалар деген не?

-Қазақстанда қандай негізгі пайдалы қазбалар өндіріледі?

-Әктасты қайда қолданады?

-Мұнайдан не алынады?

-Көмірді қайда пайдаланады?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу

Оқушылар «табиғат ресурстары» ұғымын түсінеді. Табиғат ресурстарының түрі мен көздерін анықтай алады, шығу тегі бойынша жіктей алады. Топырақтың құрамы мен қасиетін атай алады.

Жоспар

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы











Ортасы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.

І-тапсырма

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) Сұрақ - жауап әдісі.

1.Пайдалы қазба дегеніміз не?

2.Пайдалы қазбалардың қандай түрлері бар?

3.Пайдалы қазбалардың адам өміріндегі маңызы қандай?

4.Пайдалы қазбаларды қандай әдіспен өндіреді?

5.Жер бетіне жақын жатқан кенді қандай әдіспен өндіреді?

6.Терең жер қойнауында жатқан кенді қалай қазыпи алады?

7.Жер қыртысында мұнай қоймалжың сұйық күйде кездеседі оны қандай әдіспен өндіреді?

Қорытынды: (суретпен жұмыс пайдалы қазбаларды өндіру әдістері)

Кері байланыс:

ОЙЫН: Қазақстанның пайдалы қазбалар картасына саяхат.

Мақсаты: Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету .

Кері байланыс:

Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау(Пайдалы қазбалар қалай пайда болады?)

Оқу мақсатын таныстыру

Кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас,саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау

Күтілетін нәтижені анықтау көмірдің (мұнайдың, саздың, граниттің) тұрмыста, шаруашылықта қолданысын атайды,қалай пайда болғандығын анықтайды.

Қызығушылықты ояту

Жедел жауап (қаламсап стратегиясы)

• Жердің қабықтарын ата.(литосфера деп атаймыз шөгінді жыныстары кездеседі)

• Пайдалы қазба қабықтардың қайсысында кездеседі?(литосферада және гидросферада кездеседі)

• Пайдалы қазбалардың қандай түрлерін білесің?

ІІ-тапсырма. Жұптық жұмыс(болжам жасау)

Жер қыртысын еске түсіреміз.

Жердің беткі қабаты қатты болады оны жер қыртысы деп атайды.Ло миллиарттаған жылдар бұрын қалыптасып,сыртқы және ішкі күштің әсерінен өзгеріске ұшырап отырды.Жер қыртысының біраз бөлігі құрлықта,біраз бөлігі су астында жатыр.

-Суретпен жұмыс.(шөгінді,тау жынысы,магма)

*Оқушы жұптарына түрлі пайдалы қазбалар заттарын беріп болжам жасату(бор,көмір құм,тұз)

1)Бұл қандай заттар?

2)Олар неден жасалған?

3)Бұл пайдалы қазба жер қыртысында қалай пайда болды?

Жауап: пайдалы қазбалардың пайда болуы туралы өз болжамдарын айтады.

Тексеру:тексеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргіземізҮдерістің барысын баяндаймыз.

.Нәтижесінде не түзіледі?

ІІІ-тапсырма топтық жұмыс.

Дескрипторы: Жер қыртысында болатын үдерістерді инфографикамен бейнелейді

Үдерістің барысын баяндайды.

Нәтижесінде не түзіледі анықтайды

І-топ.

Жер қойнауындағы магманың жер бетіне шығуы,оның суынып қатып тау жынысына айналуы туралы баяндайды.(гранит,темір кені,алтын)

ІІ-топ

Ежелгі заманда ағаштардың құлауы нығыздалуы тау жынысына айналуы(көмір,саз,құм)

ІІІ-топ

Мұхит түбіндегі тірі ағзалардың қалдықтарының шөгуі(мұнай,газ,гипс,әктас)алынады.

Рефлексия:Әр жағдайда қандай үдерістер пайда болды?Бұл үдерістердің нәтижесінде нені білдік?

- бірінші магмалық, -екінші,үшінші суретте шөгінді жыныстар пайда болды

Кері байланыс:

IV-тапсырма топтық .Зерттеу(пайдалы қазбалар қалай пайда болды?)

(Венн диаграммасын қолдану. Ұқсастығы айырмашылығын анықтау)

І-топ теміртас

ІІ-топ көмір

ІІІ-топ тұз

  1. Құрылысымен ұқсастығы айырмашылығын анықтау. (зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

  2. Ресурстарды ұлғайтқыш шынымен зерделейді.

  3. Әр минералдың құрылысндағы ерекшеліктерді анықтайды

  4. Зерттеу нәтижелерін жазады

  5. Қорытынды жасайды

Рефлексия

І-топ теміртастың кеуек беті біртегіс екендігін анықтайды (магмалық тау жынысы)

ІІжәне ІІІ топ көмір мен тұздың қатпарлы бірінің үстіне бірі біртіндеп қаланған тақтай тәрізді шөгінді тау жынысы екендігін анықтады(Венн диаграммасын қолдану)

Тапсырма

ны орындаған оқушыны мадақтау,

толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Кері байланыс

VІ-тапсырма Ойлан айдары (дұрыс-бұрыс)

1.Алтыннан не жасайды?Оны қайда қолданады?(әшекей бұйымдар)

2.Алтынды қайдан алады? (Алтын магмалық тау жынысынан алынады)

3.Табиғатта кездесетін алтын қандай болады?

Жауабы:Алтын магмалық тау жынысына жатады.Алтын кенін басқа тау жыныстарынан бөліп алады. Алтын кені көрініп тұратын кен өте сирек кездеседі

Есте сақта айдары

Сен білесіңбе айдары







Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырма

лары

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Бейнефильм көрсету












Мұғалім түсіндірмесі

































































Бейнефильм көрсету

Аяқталуы


Сабақ бойынша рефлексия

Бүгін сабақта не үйрендік?

Табысты жерлеріміз қандай болды?

Кері байланыс.




Үй жұмысы

Оқып түсінгенін айту


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
5563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі