400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пайдалы қазбалардың түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп










Ашық сабақ


Пайдалы қазбалардың түрлері



Сыныбы: 3 қазақ

Пәні: Дүниетану

Мұғалімі: Наурызова Ағила Төреғалиқызы















2015-2016 оқу жылы




Қысқа мерзімді жоспар


Пәні : дүниетану сыныбы: 3 қазақ


Мұғалімі: Наурызова Ағила Төреғалиқызы

Тақырыбы:

Пайдалы қазбалардың түрлері

Мақсаты:

Оқушыларға пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы түсінік қалыптастыруға ықпал ету;

Сілтеме:

Дүниетану. 3 сынып. Дүниетану оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық. Ресурстар.

Дереккөздер мен жабдықтар:

Ғаламтор, слайдтар, суреттер, ноутбук, үлестірмелі парақшалар, деңгейлік тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже:

Пайдалы қазбалар түрлері, қасиеттері мен пайдаланылатын салалары, өндіру жолдары туралы біледі

Қолданылатын әдіс – тәсілдер және модульдер:

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі, «сын тұрғысынан ойлау» модулі, АКТ, «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі, диалогтік әдіс, топтық жұмыс,дамыта оқыту әдісі

Кезеңдері


Уақыты


Мұғалімнің

іс – әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті

Тапсырмалар

Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау

Мотивациялық кезең

10 мин

1.Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Топқа бөлу.



Психологиялық икем

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!




«Ой шақыру»

ребус шешу арқылы топтың атын шығару.




3-топқа бөлінеді.


Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Және т.б.




ребусты шешеді







Әртүлі фигуралар арқылы бөліну.


Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:













Мадақтау






жұлдызша

Операциялық кезең

15 мин





Дамыта оқыту әдісі арқылы оқушыларды тыңдау.


Дәптермен жұмыс




Сен білесің бе?

-Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?

-Мұнай туралы не білеміз?

Топпен жұмыс





Географиялық

диктант.



түсінігін айтады.




Күннің жадын,тақырыпты жазу.





Слайдпен жұмыс



Слайдпен жұмыс



Картамен жұмыс жасайды



әр пайдалы қазбалардың атауының орнына, шартты белгілерін  қойып отырады





Алдын ала берілген мәтін бойынша жұмыс


Пайдалы қазбалардың шартты белгілерін салу




Қ.Сәтбаевпен таныстыру.


Мұнай туралы мәліметтермен таныстыру


Кен орындарына тоқталу

Шартты  белгілер

табу


Тас көмірдің  аса  ірі кен орны Қарағандыда.

Маңғыстаудың  түбегінде  мұнай мен газдың  аса бай  қорлары бар.



смайлик


















жұлдызша








смайлик


Рефлексивті кезең

10 мин

Сергіту сәті



«ортада қаламсап» әдісі


Кері байланыс



Бағалау

Жарнама жасайды.


өз ойларын ортаға салу


тілек жазу




Әр топ өз өнімдеріне жарнама жасайды.


сабақты қорытындылау


картаға көгершіндерді жабыстыру





мадақтау






Жиынтық бағалау. Қорытындылау

Үйге тапсырма

10 мин

Пайдалы қазбалардың түрлері

күнделіктеріне жазады

«Кім болам?» эссе жазу






Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады.



Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай және газ жатады.Тас көмір-ең көп өндірілетін қазба.Сен тас көмірді тек отын ретінде ғана пайдаланылмай,одан басқа да көптеген заттаралынатынын білесің.Оны өңдеу арқылы дәрі-дәрмек,мата бояйтын бояу,әтір,қопарғыш зат,тыңайтқыш, нафталин,пластмасса және басқа көптеген заттар алынады.

Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол.Тас көмірдің аса ірі кен орны-Қарағанды.Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.

Мұнай-өте қызулы отын.Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді.Мұнайды айыру арқылы бензин,керосин,машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алынады.

Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.



Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
-Отанымызға, елімізге, халқымызға, табиғи байлықтарымызға тіреу де, сүйеу де, қорған да бола білген академик, ғалым, қоғам қайраткері, пайдалы қазбаларды ашуға көп еңбек сіңірген осы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болатын.




Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.


Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген
күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде
мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін
жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап
алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және
бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында
метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан,
пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды
пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір
кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу
жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі