400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Пайыз 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайыз тақырыбына арналған қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:

Сынып: 5

Мектеп: №6 Шұбарқұдық негізгі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Қаленов Ғабит Орынбайұлы

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Пайыз

Оқу мақсаты

5.1.1.16. Пайыз ұғымымен таныстыру;

5.1.2.33 Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды үйрету.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Пайыз белгісімен танысады, оны жаза алады. Бүтін бөліктің 100 пайыз болатынын , бір пайыздың –жүзден бір бөлік болатынын пайымдайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген санның % -ын таба алады. Пайызды бөлшекпен және бөлшекті пайызбен жазып мысал келтіре алады.

Кейбір оқушылар:

Пайыздың өмірде қолданылуына мысалдар келтіре алады.Өз бетінше тапсырмалар құрастыра алады

Бағалау критерийлері


1.Оқушылар пайыз ұғымын анықтайды.

2.Берілген санның қажетті пайызын таба алады.

3..Берілген бөлшекті пайызбен және пайызды

бөлшекпен жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пайыздың анықтамасын айта алады,пайыз бөлшекпен және бөлшек пайызбен қалай жазылатынын түсіндіре алады.

Құндылықтарға баулу


Жақсы қарым-қатынас орнату, жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдыққа, бірін бірі сыйлауға тәрбиелеу.


Пәнаралақ байланыс


Жаратылыстану, физика

АКТ-ны қолдану дағдылары

Интернет ресурстары. (сайттар, видеолар, т.б.)

Алдыңғы білім

Ондық бөлшекті, жай бөлшекті жаза алады.

Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырады.

Ондық бөлшекті 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;.... сандарына көбейту, бөлу амалдарын орындайды.

Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды таба алады.

Сабақтың барысы




Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

2 мин



4 мин




  • Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.

  • «Жүректен -жүрекке» жаттығуын орындату арқылы психологиялық жағымды ахуал орнату.

  • Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен саған , сен маған»

(слайд бетіндегі дұрыс жауап бойынша бір-бірін тексереді.)







Слайд 1


Сабақтың

ортасы

2 мин














9мин




























7мин









3 мин














7 мин









































Өткен тақырыптарды пысықтау және жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Жасырын сөз» жаттығуын орындатамын. Сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі сөзді анықтайды. Жауаптар дұрыс болғанда жаңа сабақтың тақырыбы шығатынын айтамын.





П

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 






 

 

 

Й

 

 







 

 

Ы

 








 

 

З








  1. Тұрған орны деген мағынаны білдіретін сөз (позиция)

  2. Статистикалық шама (медиана)

  3. Арифметикалық амал (азайту)

  4. Бөлшек сызығының үстіндегі өрнек (алым)

  5. Онның квадраты (жүз)

Жаңа сабақ.

Ой қозғау «3 сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.

1 Не? Пайыз деген сөзді естігендерің бар ма?

2. Не үшін? Пайыз ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар?

3. Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қай жерде қолданылады? Оқушылар өз айналасындағы, күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан пайызға байланысты мысалдарды атайды. Атап айтсақ: «күнделікті тұтынатын өнім құрамындағы қоспалардың пайызын, дүкендерде заттарға берілген пайыздық жеңілдіктерді, ұялы телефондағы қуаттың пайыздық көрсеткішін, қаржыға байланысты жеке кәсіпкерлік істерде көп қолданылуы» туралы және тағы басқа мысалдар келтіреді. Оқушылардың жауаптарын саралап, құптап, пайыз ұғымына түсінік беремін.

Кез келген шаманың (санның ) жүзден бір бөлігін «бір пайыз» деп атау қабылданған.Мысалы 1 метрде қанша сантиметр бар?(оқушылар жауап береді) Сонда 1 см 1метрдің қанша қанша пайызын құрайды? 5 см ше?

1%= немесе 1%=0,01

5% оқылуы « бес пайыз»

1% шаманың бөлігіне тең болғандықтан ,толық шама 100% тең болады.

Пайызды бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін,пайыз белгісі (%)алдындағы пайыз санын 100ге бөлу керек.

.Мысалы,0,3=(0,3*100) %=30%, =( *100) %= 75%




Оқулықпен жұмыс.Оқушылар жұптасып отырып орындайды.

№1087 1) Пайызды ондық бөлшекпен жазу

1%=0,01 т.с.с.

2) Пайызды жай бөлшекпен жазу:

2%=200/100% немесе 2%=2/100=0,02 т.с.с.

№1088 Бөлшектерді пайызбен жазу тапсырмаларын орындайды.

1) 9/100=9%; 51/100=51%; т.с.с.

2) 1/25=4%; 3/5=60%; т.с.с.


Жеке жұмыс.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатамын.

Бағалау критерийі: Білім алушы пайыз ұғымын орындайды.

1-тапсырма

Сөйлемдерді жалғастырыңыз:

а) санның жүзден бір бөлігі... деп аталады.

ә) пайыз ... белгісі арқылы жазылады

б) 100% деп ... алынады

в) санның жартысы санның ... пайызына тең.

Дескриптор : «Пайыз» ұғымын түсіндіретін сөйлемді жалғастырады.


Сәйкестендіру» жаттығуын орындатамын. Бұл жерде әр топқа есептер мен оның дұрыс жауаптарын қағаз қиындылары арқылы таратамын. Оқушылар дұрыс жауапты есептің тұсына сәйкестендіреді.

1-тапсырма: Жұптық / топтық жұмыс.

Берілген кестені карточкаларға қиып, оқушылардан суретті, бөлшектерді және пайызды сәйкестендіруді сұраймын.

Дескриптор :

-суретті пайдаланып ,бөлшекті және пайызды сәйкестендіреді














3-тапсырма: Кестені толтыру тапсырмасын орындатамын.


Жай бөлшек

Ондық бөлшек

Пайыз


0,15



73%




30%




0,06





Дескриптор: - пайызды ондық бөлшекке айналдырады,

-пайызды жәй бөлшекке айналдырады.



Слайдтағы

Сөзжұмбақ

«Математика» журналы. №2. 2013ж.















оқулық

математика 5кл.













































http://bartman.com/worksheet
















http://www.superteacerworksheets.com





Сабақтың соңы

6 мин

Сабақты бекіту: Тақырыптың түйіні бір пайыз дегеніміз...

Пайызды жай бөлшек немесе ондық бөлшек түрінде жазу үшін...

Жай бөлшекті немесе ондық бөлшекті пайызбен жазу үшін...

Үйге тапсырма №1094, №1095

Қабілетті оқушыларға: №1098,1099,1100

-Үй тапсырмасына бағыт-бағдар беремін.

-Келесі сабаққа жоспар құру үшін оқушылардан БББ кестесі арқылы кері байланыс аламын.

Стикерге жазып тақтадағы суретке ілемін.


Саралау

  • Үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы.

  • Қабілеті жоғары оқушыларға қиын(жоғары дәрежелі) сұрақтар қоямын.

(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қарым-қатынас мәдениеттілігін ұстануларына түрткі болу, тапқырлық танытуын мадақтау, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту, есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету... )


Бағалау



  • Бағалау критерийлері.

  • Кері байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Интерактивті тақтаны тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын, оны қолдану кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау.






Рефлексия


Сабақтың жоспарланған мақсаттары нақты болды. Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар пайыз ұғымын меңгерді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Саралау тиімді бол ды. Берілген уақытта жоспарланған жағдаяттар толық өткізілді.

Жоспарға түзетулер енгізілген жоқ.

Жалпы бға

1: Топтық жұмыс - оқушылардың бірігіп жұмыс жасауына оң ықпалын тигізді

2:Рефлексия кезінде оқушылар өз ойларын толық, нақты жеткізе білді



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Әдіс-тәсілдерді толықтыру керек

2:Оқушылардың белсенділігі сабақ барысында жақсы көрінді


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесң сабақтарда көңіл бөлу қажет?

Бұл сабақта қабілеті жоғары және қабілеті төмен оқушыларды анықтап, жетістікке жетсем, келесі сабақта осы оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындау.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
916
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі