Пайыз ( Қайталау)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пайыз ( Қайталау)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-сыныптағы математика курсын қайталау.

Мектеп: «Бақыршық орта мектебі» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пайыз ( Қайталау)


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру;

5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ;

5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;

5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу;

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Пайыз ұғымын біледі;

  • бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдырады;

  • берілген санның пайызын табу;

  • берілген пайызы бойынша санды табады.

  • пайызға берілген есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

- Процент анықтамасын біледі;

- Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдырады;

- Санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- Пайыз есептерін шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат

Оқушылар:пайыз, бөлік ,үлес ұғымдарымен танысады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Пайыз сөзі «жүзден бір үлес» .Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - %

  • бөлшекті пайызбен жазу үшін ...

  • пайызды бөлшекпен жазу үшін ...

  • берілген санның пайызын табу үшін ...

  • пайызы бойынша санды табу үшін ...

  • бөлінді бойынша бөлінгіш бөлгіштің неше пайызын құрайтынын табу үшін ...

Бастапқы білім


Жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 2мин.


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызды 5 – сыныпта өткен материалдарымызды еске түсіре отырып қайталаймыз.


Сабақтың ортасы

3 – 17 мин.



























18 - 19 мин.



20 - 29 мин.

































30 – 37 мин









Мұғалім пайыз ұғымын еске түсіріп оқушылардан сұрақ- жауап алып отырады, презентация арқылы мысалдармен тиянақтайды.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

С-1: Пайыз деп нені айтады?

С-2: Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?

С-3: Бөлшек пайызбен қалай жазылады?

С-4: Берілген санның пайызы қалай табылады?

С-5: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

Пайыз сөзі - «жүзден бір үлес» дегенді білдіреді . Процент – Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - %

Процентті ондық бөлшек ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 бөлу немесе 0,01 көбейту керек

Мысалы :

125%= 125:100=1,25 немесе

125%=125 * 0,01= 1,25

Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады.

Ондық бөлшекті процент ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 көбейту керек

Мысалы :

0,7 = 0,7 * 100% = 70%

0,45 = 0,45 * 100% = 45%

Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады.

Жалпы бөлік, үлестер арқылы 50,25,75 проценттердің шамасына бірнеше мысалдарды оқушылардың өзіне өмірден мысалдар келтіруін талап етеді.

Сергіту сәті:

Музыка мен мультипликация арқылы көзге шынықтыру жасау.

Жалпы сыныппен жұмыс

1.Есеп.Тігін фабрикасы 1500 костюм шығарды. Оның 40% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды? Шешуі:

1500-і -100%-ті құрайды

  1. 1500:100 =15 костюм 1%-ті құрайды.

  2. 15*40=600 жаңа костюм түрі

Жауабы: 600 жаңа костюм түрі

2.Есеп. Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 15 оқушы алды,бұл барлық оқушының 50%. Сыныпта неше оқушы?

Шешуі :

Белгісіз сан -100%

  1. 15 : 50 =0,3 оқушы 1% құрайды

  2. 0,3*100 = 30 Сыныпта оқушы

Жауабы: 30 Сыныпта оқушы

3.Есеп. 1800 га жердің 558 га жеріне картоп егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне картоп егілді?

Шешуі:

1800 га -100%- ті құрайды.

1) 1800: 100 =18 га 1% құрайды

2) 558 : 18 = 31; 558 га 31% құрайды.

Жауабы : 558 га картоп 31%құрайды

4.Есеп. 2008 жылы қалада 40000 адам тұрды.

2009 жылы қала тұрғындары 8%-ға өсті. Ал 2010 жылы2009 жылмен салыстырғанда –9%-ға өсті.

2010 жылы қалада қанша адам тұрды?

Шешуі:

2009 ж. тұрғындар : 100% +8% =108% (1,08)

400*1,08 =43200 (адам)

2010 жылы тұрғындар: 100% +9% =109% (1,09)

43200 *1,09= 47088 (адам)

Жауабы : 47088 адам

Жұптық жұмыс.

Есеп 1. Мектепті жөндеу кезінде 28 әйнектің 10 пластикаға ауыстырды. Барлық әйнектің қанша процентін пластикалы әйнек құрайды?

Есеп 2. «Элекс» дүкені компьютерлі техникаларды 12%жеңілдікпен жаппай сатылым туралы хабарландырды. Мен ата-анамнан 118000 теңгенің ноутбугын сатып алуын сұрадым. Ноутбук канша тұрды?

Оқушылар жұптаса отырып «Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі тексеріп бағалайды.

Презентация


Жауап берген оқушыларды мадақтау

Смайликтер беру.






















Презентация

Қосымша

















Сабақтың соңы

38 – 40 мин.


Үй тапсырмасы:№35,36

Рефлексия:

  • Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.

  • Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.

  • Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.

  • Мен бүгін сабаққа араласпадым

  • Мен бүгінгі сабаққа түсінбедім

Презентация

Қосымша



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2019
1135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі