Материалдар / Пайыздар біздің өмірімізде
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Пайыздар біздің өмірімізде

Материал туралы қысқаша түсінік
6-7 сыныптарға арналған ғылыми жұмыс болып табылады, Өмірде пайыздың маңыздылығын түсіндірілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2024
250
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

32 жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.









Зерттеу жобасы.

«Пайыздар біздің өмірімізде»



Математика 6 –сынып

3-секция математика, информатика


Орындаған : Мусырманкул Кәусар

Жоба жетекшісі: Джанисбаева Г




















2022-2023 оқу жылы




Мазмұны. бет


  1. Кіріспе

    1. Пайыз ұғымының пайда болу тарихынан

    2. Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде берілу тәсілдері мен жолдары.

  2. Негізгі бөлім

    1. Пайыздар күнделікті өмірде.

    2. Анкета

    3. Пайызға байланысты есептердің негізгі түрлері ( өзімнің мысалдарыммен)

III.Қорытынды.

    1. Пайызды қолдану салалары

    2. Автор қорытындысы.

Қолданылған әдебиет



























Жобаның мақсаты:

-Біздің өмірімізде пайыз қай жерде және қалай қолданылатынын анықтау.

Жобаның мәселесі:

-Күнделікті өмірде адамдар пайыз ұғымымен қаншалықты жиі кездеседі

Жобаның өзектілігі:

- Пайыз (процент) біздің күнделікте өмірімізде кездесетін математикалық ұғымдардың бірі. Қазіргі уақытта пайызды түсіну және пайыздық есептеулер жүргізу білу әр адам үшін қажет. Бұл тақырыптың қолданбалы маңызы өте зор және біздің өміріміздің қаржылық, экономикалық, әлеуметтік аспектілеріне әсер етеді.

Зерттеу міндеттері

-Пайыздың шығу тарихын зерттеу

-Біздің өмірімізде кездесетін пайызға байланысты практикалық есептер қарастыру

-Пайызды практикалық қолданудың көлемін анықтау.



Зерттеу жоспары:

-Пайыздың пайда болу тарихы туралы әдебиет оқу.

-Пайызбен байланысты біздің өмірден мысалдар келтіру.

-Сыныппен анкета өткізу (қорытындысын диаграммамен көрсету)

-Пайызға байланысты есептер жинағын жасау

Жұмыс нәтижесі:

-Пайыздың шығу тарихынан барысындағы білмеген тұстарынан тереңірек мәлімет жинау. Біздің күнделікті өмірімізде «пайыз» ұғымының маңызы мен мағынасынпайызға байланысты өмірден алған мысалдармен көрсету, пайыз тақырыбына буклет жасау

2

I.Кіріспе.

Математика пәніндегі ең өзекті тақырыптардың бірі-өмір сүру үшін қажетті білімі мен түсініктерінің болуын талап ететін-пайыз ұғымы. Пайыздың біздің қоғамдық ортада және математикада кеңірек қолданылатыны белгілі. Сондықтан әрбір адамда пайыздар туралы түсініктердің болғаны дұрыс өмір талабы.Математика сабағында мен алғаш рет «пайыз» сөзімен таныстым. Бізге пайыз өмірде қай жерде кездесетіні маған қызық болды. Есептер шығару барысында, менде сұрақтар туындады. –Пайыз қайдан пайда болды? Пайыз адамдарға керек пе? Мұғалім маған осы сұраққа жауап іздеуді ұсынды.. Менің тақырыбым күнделікті өмірде, саудада, ауылшаруашылығында, банк ісінде, биология, география, экология пәндерінде маңыздылығын көрсетеді.

1.1 .Пайыз ұғымының пайда болу тарихынан.

Пайыз (процент) дегеніміз қандай да болсын санның жүзден бір үлесі , % белгісімен таңбаланады. «Процент» латынның pro centum деген сөзінен шыққан, ол дәлме-дәл аударғанда «жүзден» дегенді білдіреді. Проценттер тұтас нәрсенің бөліктерін өзара оңай салыстыруға мүмкіндік береді, есептеулерді оңайлатады. Сондықтан да өте көп таралған. Ресейде процент термині XVIII ғасырдың аяғында басталды. Ұзақ уақыт «пайыз» деген термин тек ғана 100 рубльден пайда немесе шығынды болды. Пайыз тек сауда және ақша мәмілелерде қолданды. Содан соң оның қолдану аймағы кеңейді. Қазіргі уақытта пайыздар шаруашылық және қаржылық есептеу, статистика, ғылым мен техникада қолданылады.Пайыздар Ежелгі Римде кең таратылған болды.Римдіктер әрбір жүздікке берілген қарыз ақшаны пайыз деп есептеді. Проценттер идеясы көп бұрын пайда болған-вавилондық өсімқорлар процентті табуды білген (бірақ олар «жүзден» емес «алпыстан» есептеген, өйткені Вавилонда алпыстық бөлшектерді пайдалагған). %белгісі кітап басқанда кеткен қатеге байланысты пайда болған деп жорамалданады. Қолжазбада pro centum-ді «cento» -жүз сөзімен жиі алмастырып отырған және оны қысқарған түрде-cto деп жазатын болған. Европада ондық бөлшектер 1000 жылға кеш шыкты, ондық бөлшектерді 1584 жылы белгиялық ғалым Симон Стевин енгізді. Ол алғаш рет пайыздар кестесін жариялады. Пайыз «%» белгісі итальяндық cento сөзінен шықты. 1685 жылы Парижде коммерциялық арифметика жөнінде нұсқау-кітап басылып шыққан, онда теруші қателесіп cto-ның орнына % терген. Осы қатеден кейін көптеген математиктер де процентті белгілеу үшін % белгісін қолдана

3



бастайды. Сөйтіп, бірте-бірте жаппай қолданылатын болған.

Пайызды белгілеу үшін осыдан жеңіл жолмен қазіргі белгілеу шықты.Метрдің жүзден бір бөлігі-сантиметр , центнердің жүзден бір бөлігі-килограмм ц,Кейде бүтін нәрсенің неғұрлым ұсақ нәрсенің ұсақ бөліктерін-мыңдық бөліктерді, яғни проценттің ондық бөлігін де қолданады. Оларды промилле (латынның «мыңнан» деген сөзінен шыққан) атап */% деп белгілейді.

1.2. Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде берілу тәсілдері мен жолдары.XXI ғасырдың тез өзгеріп жатқан өмір ағысында әрбір индивид өзінің кәсіби біліктілігі арқылы, белгілі бір арнайы тілдің, басқаша айтқанда, ғылым саласының иесі ретінде танылады. Бұл білім беру саласында терминдердің мәнін дұрыс түсіндіру, олардың табиғатын тану мәселесін өзектендіреді. Ғылыми ұғымды жеткізетін терминдер ұлттық та, ұлтаралық та, халықаралық та бола алады. Терминологияда қолданылатын терминсөздердің көпшілігі шығу тегі жағынан халықаралық немесе бірнеше тілдергеортақ болып келеді. XX ғасырдың 50-70 жылдары аралығында қазақ тілінің терминдер жүйесі қалыптастырылды, реттелді, бұл тармақ әсіресе практикалық тұрғыдан біршама тиянақталды деген тұжырым жасалған болатын және бұған дәйек ретінде қазақ терминологиясының 70-80 паыйзын кірме, яғни интернационалдық (халықаралық) терминдер құрайтындығы көрсетілген еді. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қазақ тілінің тарихында да үлкен маңызды өзгерістер, оқиғалар, жаңалықтар болып жатыр. Бұл кезеңге тән ерекшеліктердің бірі араб тілінен енген сөздердің қайтадан жанданып, терминдік қасиетке ие бола бастауы. Сонау Қазан төңкерісіне дейін қолданыста болып, кейін орыс сөздеріне ығысып орын берген шығыс элементтері қайтадан оралып, тілден орын ала бастады. Оның мысалы ретінде қазіргі қазақ терминдердің жүйесіндегі мынадай жаңарған терминдер: класс-сынып, процент-пайыз, текст-мәтін, проблема-мәселе және тағы басқалар. Бұл тілдік құбылыстың себебі ұлттың «жаны», «рухы» болып табылатын тілдегі мұндай өзгерістердің санадағы жаңғырумен байланысты екендігі сөзсіз. Біраз уақытқа дейін жарыса қолданылып келген мүндай бірліктердің тегі араб, парсылық болып табылатын қазақ баламаларын қолдану қатаң нормаға айналды.

4

II. Негізгі бөлім.

2.1. Пайыздар күнделікті өмірде (менің зерттеулерім)

1. Дүкендерде мереке кездерінде жеңілдіктер. Мысалы аяқ киім дүкенінде 1 аяқ киім алсан 2-ші аяқ киімге жеңілдік 10%

2. Пайызбен матаның құрамын өрнектейді. Мысалы көйлек матасының құрамы 90% мақта 10% эластаннан тұрады.

3. Пайыздарды аптекаларда кездеседі.

4. Бухгалтерлер жалақы санаған кезде пайызды қолданады. Мысалы жұмысшының жалақыдан 10% оның зейнетақы қорына аударылады.

5. Банктан несие алған кезде банк берген ақшаға пайыздық мөлшерлеме қосады. Мысалы,Хоум кредит банктің тұтынушылық несие мөлшерлемесі 15% құрайды.

6. Теледидардан немесе газеттен пайыз туралы жиі естуге болады.Мысалы, сайлауда депутат 92% дауыс алды.

7. Ата-анамнан пайыз туралыбанктен пайыздар бойынша несие алғандарын және пайызды өздерінің жұмыстарында әрқашан қолданатынын білдім.

8. Мектеп мейірбикесінен медициналық құралдарды өңдеу үшін

1) 5% саморовка ерітіндісі

2) йод-5% спирт ерітіндісі

3 ) 10% аммиак ерітіндісі қажет екенін білдім.

9. Мұғалімдерденоқушылардың үлгерімін және білім сапасын пайызбен есептейтінін білдім

10. Мектеп аспазшысынан тамақтың құрамында да пайыз кездесетінін білдім. Мысалы тамаққа қосатын сірке қышқылы 9% және 70% болатынын білдім.







5





Менің сыныбым

Ұлдар

60%

Қыздар

40%



Анкета

Менің сыныбымның оқушыларының сүйікті жыл мезгілі (%)

Қыс

10%

Көктем

30%

Жаз

40%

Күз

20%



6

Менің сыныбымның хоббиі ( %)

Велосипед

Компьютер

Домбыра

Футбол

Би

Сурет

10%

30%

10%

20%

10%

20%



Сүйікті пәндері (%)

Пәндер


қазақ тілі

30%

математика

25%

биология

15%

орыс тілі

10%

дене тәрбиесі

20%







7

2.2 Пайызға байланысты есептердің негізгі түрлері

1. Берілген санның пайызын табу.

Берілген санның пайызын табу үшін:

  1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек

  2. Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек

Мысал Біздің мектепте 120 оқушы оқиды. Оқушылардың 15% музыка мектебіне қатысады. Музыка мектебіне неше оқушы қатысады?

Шешуі:

Пайызды ондық бөлшек түрінде жазамыз 15%=

Берілген санды пайызға көбейтеміз 120* =18

Жауабы: біздің мектептен 18 оқушы музыка мектебіне қатысады.



2. Пайызы бойынша санды табу.

Пайызы бойынша санды табу үшін:

  1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек

  2. Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек

Мектеп кітапханасымен кездесіп кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет алып пайызы бойынша санды табу мысалын құрастырдым

Мысал. Біздің мектеп кітапханасында 2500 оқулық бар. Оқулықтар кітапханадағы барлық кітаптардың 40% құрайды. Біздің кітапханада барлығы неше кітап бар?

Шешуі: Мектептегі барлық кітаптар саны х-100%

Оқулықтар саны 2500-40%

х= 6250

Жауабы: мектеп кітапханасында 6250 кітап бар.



8

  1. Берілген сандардың пайыздық қатынасын табу.

Аудандық статистика бөлімінің берген мәліметтерін алып өзім тұратын қаланың халық санының пайыздық қатынасын табу мысалын құрастырдым.

Мысал. Қазақстанның халық саны 17769475 адам құрайды. Мамлютка қаласының халық саны 7238 адам құрайды.

Мамлютка қаласының тұрғындар саны Қазақстанның халық санының неше % құрайды?

Шешуі: Қазақстан 17769475-100%

Мамлютка 7238-х%

Х= =0,04%

Жауабы: біздің қаланың тұрғындарының саны республикамыздың халықтар санының 0,04% құрайды.

III. Қорытынды

Мен өзімнің жобамда «пайыз» ұғымының тек адамның өмірінің кейбір саласында нақты міндеттерді шешу үшін қолданылатынын көрсеттім. Зерттеу барысында мына тұжырымға келдім, үлкен ақпарат ағымында сауатты талдай білуге үйретеді, үнемдеуге арналған жеңілдіктерді пайдаланып тиімді зат сатып алуға, математикалық есептерді шешуге үйретеді. Өмірдегі проценттік есептеулерді толығымен қарастыру мүмкін емес, өйткені пайыздар адам өмірінің барлық салаларында қолданылады. Бұл тақырып одан әрі зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.

СShape1 Shape3 Shape2 татистика Медицина Фармация

Shape4

Пайызды қолдану салалары:









Shape7 Shape6 Shape5



Тамақ өнеркәсібі Сауда Ғылым мен техника

9

Пайыз адамның функционалдық сауаттылығын арттырады:

-үнемдеуді үйретеді

-пайдасы бар іске өз ақшасын ақылмен жұмсауды үйретеді

-жарнамалық жеңілдіктерді пайдаланып өзіне пайдалы сауда жасауды үйретеді

-отбасы бюджетін жоспарлауды үйретеді

Жасаған қорытындым: Бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені мен математиканы экономикамен байланыстырғым келді. Жалпы математика пәнін ұнатамын және бұл пәнді жақсы білу керек деп санаймын. Өткізген жұмыс барысында мен пайыз туралы толығырақ мәлімет алып,пайыздың практикалық маңызы күнделікті өмірде қажет екенін түсіндім.Менің жасаған зерттеулерімнің негізінде біздің күнделікті өмірімізде пайыз кеңінен кездесетінін және қолданылатындығын көрдім. Пайыздың қолданылатын аумағы деп айту мүмкін емес, өйткені адам өзінің күнделікті өмірінде пайызды өте көп шамада қолданады. Қорытындылай келе, пайыздар бізге бүтін бөліктерді, есептеулерді жеңілдетеді, сондықтан пайыз кең таралған. Зерттеу барысында өзіме «пайыз» туралы қосымша көп жаңалық алдым және өэім үшін өте пайдалы жұмыс жүргіздім деп ойлаймын, әрі осы зерттеу барысында білген ақпараттарым күнделікті өміріме қажет болады деп есептеймін.





















10

Қолданылған әдебиет:

  1. Алдамұратова Т.А. Математика-5 оқулығы ,2015ж

  2. Балаларға арналған энциклопедия. 2009 ж

  3. Элементарлық математика анықтамалығы 2000ж

  4. Жас математиктің энциклопедиясы















450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!