Пайыздар біздің өмірімізде

Тақырып бойынша 20 материал табылды

Пайыздар біздің өмірімізде

Материал туралы қысқаша түсінік
Пайыз (процент) дегеніміз қандай да болсын санның жүзден бір үлесі , % белгісімен таңбаланады. «Процент» латынныңpro centum деген сөзінен шыққан, ол дәлме-дәл аударғанда «жүзден» дегенді білдіреді. Проценттер тұтас нәрсенің бөліктерін өзара оңай салыстыруға мүмкіндік береді, есептеулерді оңайлатады. Сондықтан да өте көп таралған. Ресейде процент термині XVIII ғасырдың аяғында басталды. Ұзақ уақыт «пайыз» деген термин тек ғана 100 рубльден пайда немесе шығынды болды. Пайыз тек сауда және ақша мәмілелерде қолданды. Содан соң оның қолдану аймағы кеңейді. Қазіргі уақытта пайыздар шаруашылық және қаржылық есептеу, статистика, ғылым мен техникада қолданылады.Пайыздар Ежелгі Римде кең таратылған болды.Римдіктер әрбір жүздікке берілген қарыз ақшаны пайыз деп есептеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пайыз ұғымының пайда болу тарихынан.

Пайыз (процент) дегеніміз қандай да болсын санның жүзден бір үлесі , % белгісімен таңбаланады. «Процент» латынныңpro centum деген сөзінен шыққан, ол дәлме-дәл аударғанда «жүзден» дегенді білдіреді. Проценттер тұтас нәрсенің бөліктерін өзара оңай салыстыруға мүмкіндік береді, есептеулерді оңайлатады. Сондықтан да өте көп таралған. Ресейде процент термині XVIII ғасырдың аяғында басталды. Ұзақ уақыт «пайыз» деген термин тек ғана 100 рубльден пайда немесе шығынды болды. Пайыз тек сауда және ақша мәмілелерде қолданды. Содан соң оның қолдану аймағы кеңейді. Қазіргі уақытта пайыздар шаруашылық және қаржылық есептеу, статистика, ғылым мен техникада қолданылады.Пайыздар Ежелгі Римде кең таратылған болды.Римдіктер әрбір жүздікке берілген қарыз ақшаны пайыз деп есептеді.

Проценттер идеясы көп бұрын пайда болған-вавилондық өсімқорлар процентті табуды білген (бірақ олар «жүзден» емес «алпыстан» есептеген, өйткені Вавилонда алпыстық бөлшектерді пайдалагған). %белгісі кітап басқанда кеткен қатеге байланысты пайда болған деп жорамалданады. Қолжазбада pro centum-ді «cento» -жүз сөзімен жиі алмастырып отырған және оны қысқарған түрде-cto деп жазатын болған. Европада ондық бөлшектер 1000 жылға кеш шыкты, ондық бөлшектерді 1584 жылы белгиялық ғалым Симон Стевин енгізді. Ол алғаш рет пайыздар кестесін жариялады. Пайыз «%» белгісі итальяндық cento сөзінен шықты. 1685 жылы Парижде коммерциялық арифметика жөнінде нұсқау-кітап басылып шыққан, онда теруші қателесіп cto-ның орнына % терген. Осы қатеден кейін көптеген математиктер де процентті белгілеу үшін % белгісін қолдана бастайды. Сөйтіп, бірте-бірте жаппай қолданылатын болған.

Пайызды белгілеу үшін осыдан жеңіл жолмен қазіргі белгілеу шықты.Метрдің жүзден бір бөлігі-сантиметр , центнердің жүзден бір бөлігі-килограмм ц,Кейде бүтін нәрсенің неғұрлым ұсақ нәрсенің ұсақ бөліктерін-мыңдық бөліктерді, яғни проценттің ондық бөлігін де қолданады. Оларды промилле (латынның «мыңнан» деген сөзінен шыққан) атап */% деп белгілейді.

Халықаралық терминдердің қазіргі қазақ тілінде берілу тәсілдері мен жолдары.

XXI ғасырдың тез өзгеріп жатқан өмір ағысында әрбір индивид өзінің кәсіби біліктілігі арқылы, белгілі бір арнайы тілдің, басқаша айтқанда, ғылым саласының иесі ретінде танылады. Бұл білім беру саласында терминдердің мәнін дұрыс түсіндіру, олардың табиғатын тану мәселесін өзектендіреді. Ғылыми ұғымды жеткізетін терминдер ұлттық та, ұлтаралық та, халықаралық та бола алады. Терминологияда қолданылатын терминсөздердің көпшілігі шығу тегі жағынан халықаралық немесе бірнеше тілдергеортақ болып келеді. XX ғасырдың 50-70 жылдары аралығында қазақ тілінің терминдер жүйесі қалыптастырылды, реттелді, бұл тармақ әсіресе практикалық тұрғыдан біршама тиянақталды деген тұжырым жасалған болатын және бұған дәйек ретінде қазақ терминологиясының 70-80 паыйзын кірме, яғни интернационалдық (халықаралық) терминдер құрайтындығы көрсетілген еді. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері қазақ тілінің тарихында да үлкен маңызды өзгерістер, оқиғалар, жаңалықтар болып жатыр. Бұл кезеңге тән ерекшеліктердің бірі араб тілінен енген сөздердің қайтадан жанданып, терминдік қасиетке ие бола бастауы. Сонау Қазан төңкерісіне дейін қолданыста болып, кейін орыс сөздеріне ығысып орын берген шығыс элементтері қайтадан оралып, тілден орын ала бастады. Оның мысалы ретінде қазіргі қазақ терминдердің жүйесіндегі мынадай жаңарған терминдер: класс-сынып, процент-пайыз, текст-мәтін, проблема-мәселе және тағы басқалар. Бұл тілдік құбылыстың себебі ұлттың «жаны», «рухы» болып табылатын тілдегі мұндай өзгерістердің санадағы жаңғырумен байланысты екендігі сөзсіз. Біраз уақытқа дейін жарыса қолданылып келген мүндай бірліктердің тегі араб, парсылық болып табылатын қазақ баламаларын қолдану қатаң нормаға айналды.

Пайыздар күнделікті өмірде

1. Дүкендерде мереке кездерінде жеңілдіктер. Мысалы аяқ киім дүкенінде 1 аяқ киім алсан 2-ші аяқ киімге жеңілдік 10%

2. Пайызбен матаның құрамын өрнектейді. Мысалы көйлек матасының құрамы 90% мақта 10% эластаннан тұрады.

3. Пайыздарды аптекаларда кездеседі.

4. Бухгалтерлер жалақы санаған кезде пайызды қолданады. Мысалы жұмысшының жалақыдан 10% оның зейнетақы қорына аударылады.

5. Банктан несие алған кезде банк берген ақшаға пайыздық мөлшерлеме қосады. Мысалы,Хоум кредит банктің тұтынушылық несие мөлшерлемесі 15% құрайды.

6. Теледидардан немесе газеттен пайыз туралы жиі естуге болады.Мысалы, сайлауда депутат 92% дауыс алды.

7. Ата-анамнан пайыз туралыбанктен пайыздар бойынша несие алғандарын және пайызды өздерінің жұмыстарында әрқашан қолданатынын білдім.

8. Мектеп мейірбикесінен медициналық құралдарды өңдеу үшін

1) 5% саморовка ерітіндісі

2) йод-5% спирт ерітіндісі

3 ) 10% аммиак ерітіндісі қажет екенін білдім.

9. Мұғалімдерденоқушылардың үлгерімін және білім сапасын пайызбен есептейтінін білдім

10. Мектепаспазшысынан тамақтың құрамында да пайыз кездесетінін білдім. Мысалы тамаққа қосатын сірке қышқылы 9% және 70% болатынын білдім.



Менің сыныбым

Ұлдар

70%

Қыздар

30%



Анкета

Менің сыныбымның оқушыларының сүйікті жыл мезгілі (%)

Қыс

10%

Көктем

30%

Жаз

40%

Күз

20%




6

Менің сыныбымның хоббиі ( %)



Велосипед

Компьютер

Домбыра

Футбол

Би

Сурет

10%

30%

10%

20%

10%

20%



Сүйікті пәндері (%)

Пәндер


қазақ тілі

30%

математика

25%

биология

15%

орыс тілі

10%

дене тәрбиесі

20%





Пайызға байланысты есептердің негізгі түрлері

1. Берілген санның пайызын табу.

Берілген санның пайызын табу үшін:

  1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек

  2. Берілген санды осы бөлшекке көбейту керек

Мысал Біздің мектепте 120 оқушы оқиды. Оқушылардың 15% музыка мектебіне қатысады. Музыка мектебіне неше оқушы қатысады?

Шешуі:

Пайызды ондық бөлшек түрінде жазамыз 15%=

Берілген санды пайызға көбейтеміз 120* =18

Жауабы: біздің мектептен 18 оқушы музыка мектебіне қатысады.



2. Пайызы бойынша санды табу.

Пайызы бойынша санды табу үшін:

  1. Пайызды жай бөлшекпен немесе ондық бөлшекпен өрнектеу керек

  2. Берілген санды осы бөлшекке бөлу керек

Мектеп кітапханасымен кездесіп кітапханадағы кітаптар туралы мәлімет алып пайызы бойынша санды табу мысалын құрастырдым

Мысал. Біздің мектеп кітапханасында 2500 оқулық бар. Оқулықтар кітапханадағы барлық кітаптардың 40% құрайды. Біздің кітапханада барлығы неше кітап бар?

Шешуі: Мектептегі барлық кітаптар саны х-100%

Оқулықтар саны 2500-40%

х= 6250

Жауабы: мектеп кітапханасында 6250 кітап бар.













































Қолданылған әдебиет:

  1. Алдамұратова Т.А. Математика-5 оқулығы ,2015ж

  2. Балаларға арналған энциклопедия. 2009 ж

  3. Элементарлық математика анықтамалығы 2000ж

  4. Жас математиктің энциклопедиясы

  5. Т.А.Алдамұратова, Е.С.Байшоланов «Математика» Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық, 2010 ж

  6. А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова «Математика» Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық, 2017 ж

  7. Интернет материалдарынан



































11



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2025
64
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі