400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пән әдіс бірлестігінің пікірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттестаттау кезінде жазылатын пікір үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ -нің еңбек пәнінің мұғалімі Тасболатова Ақмарал Түгелбайқызына

Пікір

2006 жылдан бері Тасболатова Ақмарал Түгелбайқызымен қызметтес, әріптес болып келемін. 13 жыл ішінде Ақмарал өзін жан-жақты жақсы қырынан таныта білді.

Еңбек, сурет, сызу пән әдіс бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі пән апталықтарында, семинарларда өткен сабақтары мен түрлі тәрбиелік іс-шаралары «Өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени-көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.

Шығармашыл жетекші ретінде де атқарған жұмыстары тиянақты. Үнемі ізденіс үстінде, мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.

Тасболатова Ақмарал Түгелбайқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, таза, ұқыпты ұстаз. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік, жақсы сырлас. Ақыл-парасаты өмірде көрген- білгендігімен ұштасып жатады. Тапсырылған кез-келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.

Тасболатова Ақмарал екі ұл, бір қыздың анасы, адал жар, отбасында да ұжымда да сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын соза білетін, ешкімге жамандық ойламайтын өзіндік мәдениеті жоғары адам.

Мек Тасболатова Ақмарал Түгелбайқызы туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз деген пікірдемін



А.Тасболатованың әріптесі,

Еңбек, сурет, сызу пән әдіс

бірлестігінің жетекшісі Көлшікбаев С.Б.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 маусым
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі