400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пән: математика Сабақтың тақырыбы: Заңдылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Заңдылықтар

Мектеп:№55 ЖОББМ

Мұғалімнің аты-жөні:Калденова Салтанат

Күні: 10.03.2020ж

Сынып:1


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.3.2 іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектелгенін анықтау,сандар,фигуралар,ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар.т.б тізбектерін құру және тізбектегі заңдылықтың бұзылыуын табу.

Сараланған сабақ мақсаты:


Барлық оқушылар:

Фигураларды ажыратады, түрлі-түсті моншақтар,символдан тұратын тізбектердегі қатесін тауып, бұзылған заңдылықтарын біледі.

Көптеген оқушылар:

Берілген есептерді шығара отырып, заңсыздығын анықтайды.

Кейбір оқушылар:

Заңдылыққа сүйене отырып, мысалдар келтіріп қолдана алады.

Бағалау критерийі

-сандардың, фигуралардың, ойыншықтардың, түрлі түсті моншақтардың тізбегін құрастырады;

- Бұзылған заңдылықтарды анықтайды.

- Заңдылыққа сүйене отырып, мысалдар келтіріп айта алады.


Тілдік мақсат

Заңдылық, заңдылыққа сүйене отырып тізбек құрастыру, бұзылған заңдылықтар, тізбектер, фигуралар, жемістер, символдар, сандар тізбегі.

Құндылықтарды дарыту

Бірлесіп жұмыс жасауға, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу

Ресурстар

суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  таратпа карточкалар, топтық тапсырмалар, кері байланыс

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу-қызыл көк моншақтарды атайды. Заттардың үшбұрыш,төртбұрышын атайды.


АКТ

Интерактивті тақтаға геометриялық пішіндерді шеңбер, үшбұрыш,төртбұрыш көрсеттім


Бастыпқы білім

Моншақты домалақ екенін біледі,фигураларды атай алады.

Сабақтың жоспары

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақ барысы

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Интерактивті тақтаға геометриялық пішіндерді шеңбер, үшбұрыш,төртбұрыш көрсеттім. Геометриялық пішіндер арқылы топқа біріктіру.

Мақсаты:

Геометриялық пішіндерді орнымен орналастыру мақсатында біріктірдім

Шеңбер, үшбұрыш,төртбұрыш.





Шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш суреттері.








Оқушыларға жол ережесіне сай көрсетемін.

Мақсаты: Суреттегі ережелерді көрсете отырып жол ережелерін қамтып заңдылықпен заңсыздықты түсіндіру

Суретке байланысты қойылатын сұрақ: қалай ойлайсыңдар, қайсы сурет заңдылықты сақтауға, ал қайсысы заңдылықты бұзуға арналған? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Жол жүру ережесін сақтамау – заңдылықты бұзуға жатады. Заңдылықтың бұзылуы деп қандай да бір ереженің бұзылуын немесе сақталмауын айтамыз.



Жол ережесінің суреттері









Сабақтың ортасы


23 минут

Топтық жұмыс: «Орындап көр» әдісі

Мақсаты: Фигураларды санай отырып ажыратады, түрлі-түсті моншақтар,символдан тұратын тізбектердегі қатесін тауып, бұзылған заңдылықтарын болжайды.

Интер белсенді тақтадан геометриялық пішіндерді шеңбер, үшбұрыш,төртбұрыш көрсеттім оқушыларға таратпа карточка беріледі.

Шеңбер тобы: Моншақ тізбегіндегі қатені тап.

Моншақ болып тізілген суретті беремін.

Үшбұрыш тобы: Қай фигураның орны ауысып кеткен.

Әр түрлі фигуралар бар сурет беремін.

Төртбұрыш: Нөмірленген үйлер

Дарын үйлерді нөмірледі. Ол қандай қате жіберді?

Үйдің санмен бейнеленген сурет беріледі.

Дескриптор:

-қызыл түсті моншақтың 6-ау екенін ,көк түсті моншақтың 4-еу екенін біледі.

-екі қызыл моншақтан кейін екі көк моншақтың заңсыз екенін айтады.

-үшбұрыш,төртбұрыш, шеңбер,көпбұрыш екенін біледі.

- үшбұрыш пен шеңбердің орнының ауысқанының заңсыз екенін айтады.

- Дарын үйлерді нөмірлегенде №6 үйде қателескенін заңсыз екенін айтады.

2-тапсырма Жұптық жұмыс «Кім жылдам» әдісі

Мысалдардағы заңдылықты анықта. Ол қай жерде бұзылған.

Мақсаты: Берілген есептерді шығара отырып, заңсыздығын анықтайды.

Оқушыларға таратпа карточка беремін әр оқушы жұптық жұмыс жасайды.

80-40 20+20 30+10

10+30 90-50 60-20

70-30 50-20 50-10



Дескриптор:

сандарды қосып,азайтқанда 40 болатынын біледі

50-20 азайтқанда 30 болатынын біледі оның заңсыз екенін ажыратады

3- тапсырма «Ойлан тап» әдісі. Дәптермен жұмыс

Шығарып көр. Кестедегі қатені тап.

Мақсаты:

Заңдылыққа сүйене отырып, мысалдар келтіріп қолдана алады.

Дәптерлерімен жұмыс жасайды

а)1,2,3,4,13

ә)50,40,60,30,20

б)20,18,16,12,10

Дескриптор:

а)4 санынан кейін 13 санының заңсыз екенін айтады.

ә)50,40,санынан кейін 60 саны заңсыз екенін айтады.

б)20,18,16,12,10 сандарының заңды екенін айтады.



Таратпа карточкалар


Моншақ суреттер.


Әр түрлі фигуралар суреті.


Үйдің санмен бейнеленген

суреттер.




















таратпа карточка.



















Жұмыс дәптер.



Сабақтың соңы


7 минут





Кері байланыс

Жұптық жұмыс.

Заңдылық қай жерде бұзылған?

Заңдылықты сақтай отырып, фигураларды орналастырып көр.

Мақсат:

Фигураларды ажыратады, символдан тұратын тізбектердегі қатесін тауып, бұзылған заңдылықтарын болжайды.

Оқушыларға фигуралар мен символдан тұратын тізбектердегі жемістер суретін беремін.




Таратпа карточка













Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


«Орындап көр» әдісі

Мақсаты: Фигураларды санай отырып ажыратады, түрлі-түсті моншақтар,символдан тұратын тізбектердегі қатесін тауып, бұзылған заңдылықтарын болжайды.

«Кім жылдам» әдісі

Мысалдардағы заңдылықты анықта. Ол қай жерде бұзылған.

Мақсаты: Берілген есептерді шығара отырып, заңсыздығын анықтайды.

«Ойлан тап» әдісі.

Мақсаты:Заңдылыққа сүйене отырып, мысалдар келтіріп қолдана алады.




Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Жұптық жұмыс.

Заңдылық қай жерде бұзылған?

Заңдылықты сақтай отырып, фигураларды орналастырып көр.


Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері:


Жазу барысында оқу құралдарымен дұрыс жұмыс жасау.

Рефлексия





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі