жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пән: ПМП-2 «Тауартану сипаттамасы азық-түлік өнімдерінің құрамы және сақталуы.»
КГУ «Агротехнический колледж №9»
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Алкогольді, алкогольсіз, жай алкоголдьді сусындардың сипаттамасы мен сапасына қойылатын талаптар.»
Мұғалім: Абдилдина А.М.
Жаңаесіл а.
Ашық сабақ жоспары
Пән: ПМП-2 «Тауартану сипаттамасы азық-түлік өнімдерінің құрамы және сақталуы.»
Топ: ОП-21
Күні: 07.11.2019ж
Тақырыбы: Алкогольді, алкогольсіз, жай алкоголдьді сусындардың сипаттамасы мен сапасына қойылатын талаптар.
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Студенттерге алкогольді, алкогольсіз, жай алкоголдьді сусындардың сипаттамасы мен сапасына қойылатын талаптар туралы қорытындылау және пәндерден алған білімді толық қалыптастыру, білімді меңгеру деңгейін жетілдіру.
Дамыту: Студентердің пәнге деген қызығушылықтарын, шеберліктерін, тапқырлықтарын арттыру. Логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз ойын жүйелеп жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, имандылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, білімді саналы азамат болуға баулу.
Сабақ типі: Тарау бойынша бекіту сабағы
Оқыту әдістері: Ойын сабағы:
а)топқа бөлу,
б)топпен жұмыс,тест сұрақтары.
в)слайдпен жұмыс
г)тәжірибе орындау.
Көрнекті құралдар: үлестірме қағаздар,интерактивті тақта, сұрақ карта, слайд, суреттер, сусын шикізаттары. Бағалау житондары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу
2. Студенттерді түгендеу
3. Дәптерін тексеру
II. Кезеңдік сайыс ойыны.
1. Сайыс ойынына топты бөлу.
Студенттер жреби таңдау арқылы топтарға бөлініп отырады.
I. кезең. Миға шабуыл.
№1 Карта. 1. Арақтың 60% ын құрайтын шикізат? (Су)
2. Алкогольді ішімдіктер дегеніміз? (Құрамында этил спирті бар сусындар)
№2 Карта. 1. Ром дегеніміз? (Ром спиртінен әзірленетін күшті ішімдік)
2. Ромдағы спирттің және қанттың пайыздық көрсеткіші?(45% спирт және 2% қант)
№3 Карта. 1. Ащы тұндырмалардың спиртінің пайыздық көрсеткіштері?(36%-60%)
2. Джин дегеніміз....(Ағылшын алкогольді сусыны, тұндырманың бір түрі, Таңқурай ароматымен және коньяк спиртімен ароматтандырылады 45%-50% этил спирті бар)
№4 Карта. 1. Ликер немен ерекшеленді? (Жоғары қант мөлшерімен)
2. Күшті ликерлердегі қант мөлшері? (32%-50%)
№5 Карта. 1. Пунштағы спирт пен қант мөлшері?(15-20% спирт пен 33-40% қанттан)
2. Десертті сусындар немен ерекшеленеді? (Жеміс-жидек ароматымен)
№6 Карта. 1. Аперитивтер қандай сусындар? (Тәбет ашатын)
2. Аперитвтердегі спирт пен қант мөлшері?(15%-35%спирт,4%-19% қант)
№7 Карта. 1. Жүзім шараптарындағы спирт мөлшері? (9%-20%)
2. Шампан дегеніміз? (Көмірқышқыл газымен қанықтырылған көпіршікті жүзім шарабы)
№8 Карта. 1. Қант мөлшеріне байланысты шараптар қандай түрлерге бөлінеді? (Аса құрғақ 1,5%, құрғақ 3%, жартылай құрғақ 5%, жартылай тәтті 8%, тәтті 10%)
2. Коньяк әлсіз алкогольді сусын ба? (Жоқ күшті алкогольді сусын, спирт 40-57% ға дейін барды)
№9 Карта. 1. Коньяктардың 3,4,5,жұлдыздармен белгіленуі нені білдіреді? (Емен бөшкесінде сақталу уақытын.)
2. Алкогольді сусындарды органолептикалық әдіспен айыруға болады ма? (Йа болады.)
№10 Карта. 1. Сыра қайнатудың негізгі шикізаты? (Арпа)
2. Сырадағы спирттің пайыздық мөлшері? (1,5%-7%)
№11 Карта. 1. Квастағы спирттің пайыздық мөлшері? (1,2%)
2. Сусло күшті алкогольді сусын ба? Жоқ , әлсіз алкогольді сусын.
№12 Карта. 1. Дәрігерлердің тағайындауымен ішілетін минералды сулар?(Ессентуки №4, Ессентуки №17)
2. Нектардағы жұмсағының пайыздық мөлшері? 30-60%
II. кезең Тақырыпты талқылау, қорғау
I топ: Алкогольді сусындар. II топ: Алкогольсіз сусындар. Әр топтан бір студент сусындардың пайдасы мен зияны туралы айтады.
III кезең. Тапқырлар әлемі.
Слайд көрсету арқылы студенттер алкогольді және алкогольсіз сусындарды құтысынан табу тиіс. Олар: Джин, Виски, Ром, Арақ, Пунш, Ликер, Десертті сусындар, Аперитивтер, Шараптар, Шампан, Коньяк, Сыра, Квас, Нектар, Сироптар.
IV кезең. Ой толғау. Берілген сусындарды қандай ыдыстарға құйылатынын анықтау. Әр топқа сусындар мен ыдыстардың суреті беріледі
V кезең. Кім жылдам. Тест жұмысын орындау. Әр топ алкогольді және алкоголсіз сусындардың сапасы мен сақталуын табады
Тест жұмысы
Алкогольсіз сусындарды:
А) таза қараңғылаған бөлмелерде сақтайды
Б) таза күн көзі түсетін бөлмелерде сақтайды
В) сақтау мерзімдері шектеусіз
2. Кепілді сақтау мерзімі минералды сулар үшін?
А) 5 жылға дейін
Б) 3 жылға дейін
В) 1 жылға дейін
3. Кепілді сақтау мерзімі газдалған сусындар үшін?
А) 25-30 күн
Б) 7-15 күн
В) 2ай-6ай
4. Сақтау мерзімі: пастерленген сыра?
А) 25-30 тәулік
Б) 18-20 тәулік
В) 3-17 тәулік
5. Сақтау мерзімі: пастерленбеген сыра?
А) 25-30 күн
Б) 1-3 ай.
В) 2ай-6ай
6. Коньякты шығарылған күнінен бастап сақтайды?
А) 34 ай.
Б) 24 ай.
В) 14 ай.
7. Коньякта сақтау мерзімі аяқталғанда лайлану немесе тұнба байқалмаса?
А) ары қарай сақтауға рұқсат етіледі.
Б) ары қарай сақтауға рұқсат етілмейді.
В) 14 ай. Мүлдем тұнба түзілмейді
8. Шараптарды қараңғы бөлмелерде?
А) Тігінен тұрғызып, 20-25 градус температурада сақтайды.
Б) горизонталь жатқызып, +8, - +16 градус температурада сақтайды.
В) горизонталь жатқызып, -20 градус температурада сақтайды.
9. Шараптарды мұздатуға?
А) болады
Б) болмайды
В) шарап түріне байланысты
10. Спирттік сусындарды қандай ылғалдылықта сақтайды?
А) 85-95%
Б) 65-75%
В) 25-35%
VI кезең. Білім шыңы. Берілген шикізаттарды пайдаланып алкогольсіз сусын түрін дайындау. Әр топқа: Лимон, лайм, лимонад, сироп, жалбыз, дәмдеуіштер беріледі.
III. Қорытындылау:
Ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтау
IV. Бағалау : Студенттерге жеке жеке баға беру
V. Үй тапсырмасы: Дәмдеуіштер тақырыбы бойынша тест сұрақтарын тарату

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген