400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Пән: Қазақ тілі сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Сыныбы: 2 Б

№55 жалпы орта білім беретін мектеп

Мұғалім: Исахова Улбала

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дара және күрделі етістік

26-30 жаттығу

Оқу мақсаты:

2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.5* - дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/етістікті анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылыр: мәтін ішіндегі кезесетін сөздерге сұрақ құрастырады және жауп береді.

Оқушылардың басым бөлігі: мәтін ішіндегі кездесетін сөздердің мағынасын ажыратады. мұғалім көмегімен мәтіннің мазмұнын анықтайды

Кейбір оқушылар: дара және күрделі етістіктерді анықтайды.

Бағалау критерийлер

Мұғалім көмегімен мәтіннің мазмұнын анықтай алады

Мәтін ішіндегі кездесетін сөздердің мағынасын ажырата алады.

Дара және күрделі етістіктерді анықтай алады

Құндылықтарды дарыту

-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау

-білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті

Пән аралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Бастапқы білім

Етістік

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психалогиялық ахуал қалыптастыру

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Құрметтейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім., - деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.


Үй жұмысы.

«Сөзден сөйлем құра» әдісі. Ребустың шешуіндегі сөзден сөйлем құра.

Нұржан жүгіру жарысынан озып келді.


«Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы өткен тақырыптарға қатысты ашық сұрақтар қою. – Қандай сөз таптарын білесіңдер?

- Зат есім дегеніміз не?

-Етістік дегеніміз не?

-Етістіктің сұрақтары, Мысал келтір


«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

Асан мен Үсен асық ойнап отыр.

Мағжан әжесіне көмектесті.

Марат әкесі мен анасына кітап оқып берді.

  • Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Дара және күрделі етістік


Ережені бекіту.

Етістік дара және күрделі болып екіге бөлінеді. Дара етістік бір сөзден тұрады: жазды, көрді, ұшады.

Күрделі етістік екі не үш сөзден тұрады: жазып отыр, ұшып бара жатыр.


«Адасқан етістіктер» ойыны.

  • Етістіктерді тиісті себетке орналастыр.

Дара етістік Күрделі етістік



ойнады ойнап жүр

жүгірді жауып тұр

ұшты ұшып бара жатыр

жазды жазып отыр




















Суреттер









Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс.

26-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы, көшіріп жаз.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

  • Өлеңдегі етістіктерді тап және сыз.

  • Өлең мазмұны бойынша сұрақ қой.


27-жаттығу «Ойлан, тап, жаз!» әдісі арқылы жаңылтпашты қатесін түзеп жаз.


Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.


  • Етістіктерді тауып дара не күрделі екенін айт.


Біле жүр!

  • Түбіттің не екенін білесіңдер ме?

Түбіт - жүннен тоқылған жылы орамал.


28-жаттығу «Баяндама» әдісі.

  • Мәтінді түсініп оқы.

Құстардың тұмсығы дән шоқу, жаңғақ шағу, жемістерді жұлу үшін қажет.

Кейбір құстар тұмсықтарын ұя салатын немесе тесік оятын құрал ретінде пайдаланады.


  • Қандай құстар түрлерін білесіңдер?

Оқушылар құстар туралы өз ойларын айтады.


«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы топтық жұмыс (постер қорғау)

  • «Құстар біздің досымыз» деп мен сіздерге құстардың суретін беремін және сол құс туралы шағын мәтін құрап жаз.

Тапсырмалар.

1 топ Қарлығаш құсы.

2 топ Аққу құсы.

3 топ Бұлбұл құсы.

4 топ Көгершін құсы.

5 топ Тоқылдақ құсы.

6 топ Бүркіт құсы.


Тақтадан бүркіт құсы және туымыз көрсетіледі. Рухани жаңғыру құсы көрсетіліп, сабаққа қатысып отырған әріптестермен «Бес жолды өлең» құрастырамын.

«Сингвейн» стратегиясы (бес жолды өлең)

1.Зат есім Бүркіт

2.Сын есім Алғыр, сақ

3.Етістік Ұшады, аулайды, мекендейді

4.Сөйлем Бүркіт - алғыр, сақ құс.

5.Синоним Құс


ҚБ тапсырмасы (саралау)

*Сөйлемнен етістікті тап.

*Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.

*Сурет бойынша дара және күрделі етістікті қатыстырып сөйлем құра.


Асан мектепке барды. Аяулым анасына гүл сыйлады. Ағаштың жапырақтары гүлдеді.


Көктем ..... . Күн ..... . Құстар жылы жақтан .... .... .


Дескриптор:

-Етістікті табады.

- Тиісті етістіктерді жазады.

- Етістіктерді қатыстырып сөйлем құрайды.


Оқулық















тақтадан орамалдың суреті көрсетіледі)
















Сабақтың соңы



Үйге тапсырма

«Менің сөзім» әдісі арқылы әр оқушы орынан тұрып, бүгінгі сабақтан не үйренгенін айтады.


29-жаттығу 81 бет

Shape2

Кері байланыс.

-Күннің ортасын боя.

Жасыл түс – маған бәрі түсінікті болды Сары түс – мен әлі түсінгім келеді Қызыл түс - маған түсініксіз болды





Сабақ бойынша рефлексия







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
755
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі