Материалдар / "Пандемия кезінде мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Пандемия кезінде мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Пандемия кезінде мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту үшін ата - анамен жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2020
460
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Пандемия кезінде мектептегі психологиялық ахуалды жақсарту»


«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ –де Covid-19 дертінің психологиялық алдын алу мақсатында, және дертке қарсы күрес кезінде мектепте тиісті сақтандыру шаралары бүгінгі күнде жасалып жатыр, және мектептің педагог-психологтары Мадетова Камила Сапарқызы және Жумагалиева Гульмира Мұратқызы тарапынан психологиялық жұмыстарын атқарып жатыр. Әрине, қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін бүгінгі күнде қашықтықтан оқыту негізінде зор пайдасын келтіріп жатқан платформалармен жұмыстар атқарылуда. Қашықтықтан оқудың тиімді жақтары да жоқ емес деуге болмайды. Бұл оқытудың небір тиімді қырлары ашылды десек болады. Сонымен қатар, zoom желісі арқылы оқушылармен түрлі тренинг, кеңес беру жұмыстарын көңіл толарлық деңгейде өткізуге болатынын нық сеніммен айта аламыз. Және де, онлайн анкета жүргізу де қиындық тудырмайды.

Қашықтықтан оқыту негізінде оқушылардан онлайн анкеталар алынып, нәтижелері де әзірленген. Сонымен қатар, ата-аналармен, педагогтармен де кеңес беру, жиналыстар, анкета алу жұмыстары жүріп жатыр.

Яғни, ата-аналармен жұмыс жасау барысында қашықтықтан және штаттық оқыту кезінде баланың психологиялық жағдайын ескеру туралы кеңестер беріліп, әңгімелер жүргізілді.


Ата-аналарға арналған психологиялық кеңестер


Қазіргі уақытта коронавирус (COVID-19) ауруы жайлы есту көпшілік адамдар үшін ауыр түсуі мүмкін. Сондықтан балаларыңыздың осы жәйтке байланысты алаңдаушылығының пайда болуы заңды жағдай. Балаларға  интернеттен немесе теледидардан көрген немесе басқа адамдардан естіген ақпаратты түсіну қиын болғандықтан, олар алаңдаушылық, күйзеліс және қапа болу секілді жағымсыз сезімдерге бөленуі мүмкін. Осы жайсыз сезімдер жайлы балаңызбен  ашық сөйлесу арқылы сіз  балаңыздың қазіргі болып жатқан жағдайды түсінуіне, тынышталуына, тіпті баланың өз құрдастастарына да көмектесуіне пайдасын тигізе аласыз.


Құрметті ата-ана мына кеңестерге құлақ түріңіз:

1.  Ашық сұрақтарды қойып, тыңдаңыз

2. Осы тақырыпты талқылау үшін балаңызбен тыныш жерде сөйлесу үшін арнайы орын мен уақыт бөліңіз.

3. Балаңыздың осы тақырып жайлы не білетіндігін анықтап, жауаптарын бөлмей тыңдаңыз.

4. Егер балалардың жасы тым кішкентай болып, олар осы ауру туралы мүлде естімеген болса,  сізге бұл тақырыпты көтерудің қажеті болмауы мүмкін,

5. Балаңыздың еркін сезініп сөйлеуіне мүмкіндік беріңіз. Ол үшін сурет салу, тарихтарды айтып беру және басқа да әдістер арқылы балаңыздың ашық сөйлесуіне жағдай жасаңыз.

6. Ең бастысы, олардың проблемаларына болмашы нәрсе ретінде қарамаңыз немесе олардан қашпаңыз.

7. Адал болыңыз: балаға түсінікті тілмен шындықты түсіндіріңіз

8. Балалар әлемде не болып жатқаны туралы шынайы ақпаратты білуге құқылы, дегенімен ересектер оларға зақым келтіретін ақпараттан қорғауы міндетті.

9. Балалардың жасына лайық келетін тілде сөйлесіп, олардың реакциясын қадағалап, олардың мазасыздығына көңіл бөліңіз.

10.  Оларға өздерін және достарын қалай қорғауға болатынын көрсетіңіз

11.Балаларды коронавирустан және басқа аурулардан қорғаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі - қолды үнемі жуып тұруына ынталандыру. Оны қорқыту арқылы үйретпеңіз.

12. Олардың көңілін көтеріңіз

13. Балаларыңызға күйзелістен шығу үшін мүмкіндігінше көбірек ойнауға және демалуға жағдай жасаңыз.

14.Әдеттегі күн-тәртібін, әсіресе ұйықтау тәртібін, барынша ұстаныңыз, немесе жаңа ортаға лайық жаңа күн тәртібін құруға көмектесіңіз.

15. Егер балаңыз өзін нашар сезінсе, онда өзінің және достарының қауіпсіздігі үшін үйде/ауруханада болудың қажеттілігін түсіндіріңіз.

16.Балаларыңызға әр оқушының мектепте қауіпсіз жағдайда болуға құқылы екендігін ескертіңіз.

17. Қорқыту - дұрыс емес, сондықтан, бір-бірімізге мейірімділік танытып, бір-бірімізді қолдау үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.

18. Балаларға басқа адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымдылық пен жомарттық танытуын үлгі ретінде көрсетіп отырыңыз, олар үшін бұл маңызды.

19.Аурудың өршуін тоқтатуда, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмыс атқарып жүрген  денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар, жастар және басқа да тұлалар туралы әңгімелермен бөлісіп отырыңыз.

20. Өзіңізді күтіңіз

21.Егер сіз өзіңізге қажетті күтім көрсетіп, қамқор бола алсаңыз, онда балаңызға да жақсырақ көмектесе аласыз.

22.Балалар сіздің жаңалықтарға деген реакцияңызды бірден сезеді, сондықтан өзіңіздің сабырлы болып, жағдайды бақылап ұстап отырғандығыңызды көру олар үшін көмек болады.

23.Егер сізді бір жайттар мазаласа немесе көңіл-күйіңіз бұзылып отырса, онда өзіңізге уақыт тауып, басқа отбасы мүшелерімен, достарыңызбен, не сенімді адамдарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Демалуға уақыт тауып, күшіңізді  қалпына келтіруге уақыт бөліңіз. 

24. Әңгімеңізді қамқорлық көрсете отырып, аяқтаңыз

25.Балаларға ата-аналарының өздерін қиын жағдайда қалдырмайтындығын білу маңызды.

26. Балалармен сөйлесіп болғаннан соң олардың бойындағы мазасыздық деңгейін байқап көріңіз, денесінің қалай қозғалатындығын, қалай тыныс алуын және дауыс үнін қадағалап, өзгерістің бар-жоғын бақылаңыз. 

27.Балаларға кез келген уақытта сізбен сөйлесуге болатындығын қайталап ескертіңіз.

28.Оларға қамқорлығыңызды білдіріп, әрқашан да тыңдауға дайын екендігіңізді айтып,

29. Егер оларды бір нәрсе мазаласа оларға көмекке келуге дайын екендігіңізді айтыңыз.

Әдетте жұрт көңілі алаң осындай кезді ел ішіне үрей таратып, байбалам салушылар өз мүддесіне пайдалануға тырысады.

Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек.  Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Сондықтан біз  сарыуайымнан, енжарлықтан арылып, тығырықтан шығудың жолын іздеген бүкіл әлем халқымен бірге ширыға, шыңдала түсуіміз керек. Балаларыңызды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз және өздеріңізге деген зор сенімдеріңіздің арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз




«Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ –нің

педагог-психологтары

Мадетова К.С, Жумагалиева Г.М

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!