400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Пандемия кезінде психологиялық көмек

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарга пандемия кезіндегі көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жалтыр №2 орта мектебі» ММ

«Мемлекеттік пандемия кезіндегі, білім алушыларға психологиялық көмек»

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.



Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесіне, мектеп өміріне енуде.

Осындай оқушыларға білім берудің күрделә де қызықты түрі жаһанды жайлаған індеттің кесірінен жүзеге асады деп ұстаздар да, мемлекетте, ата-аналарда ойламаған. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан өмірдің әртүрлі тосыннан келетін сынағына дайын тұратын ұрпақпыз.



Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен әдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық, облыстық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.



Қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі – үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады.



"Қашықтан оқыту айтарлықтай оңай, әрі жеңіл ме?", "Білім беру ұйымдары 100% қашықтықтан оқыту форматына көше ала ма?" деген сынды сауалдар жиі қойылуда. Әлбетте, бәрі айтарлықтай оңай емес. Орта білім беру жүйесіне қатысты үлкен жұмыс атқарылуда, қазірдің өзінде нәтиже бар деп айтуға болады. Мемлекетіміз арнайы жұмыс топтарын құрды. Оның құрамына қашықтан білім беру саласында жұмыс істейтін "Bilimland", "Daryn.online", "Күнделік", "Univer", "Platonus", "EduPage", БИЛ, "BTS education", "U-study" и "AGS" сынды ұйымдардың өкілдері және педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорлары, директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және ЖОО проректорлары енді.

Бұл ретте жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Мәселен:
А) Тапсырмаларды беруді, олардың орындалуын тексеруді, бағалауды және кері байланысты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу;

Б) Білім алушылар бейне-сабақтарға қатысып, тапсырмалар алып, қажет болған жағдайда педагогтердің өз сыныбымен онлайн-талқылау, бағалау бойынша немесе бейне-стриминг сервистерін пайдалана алуын қамтамасыз ететін жүйелерді іске қосу;

В) Телеарналар арқылы сабақ өткізуге дайындалуда. Онда бейне-сабақтар сабақ кестесіне сай көрсетілетін болмақ. Бұл тетік, әсіресе, интернет қуаты әлсіз және қажетті құрал-жабдықтарға қатысты қиындықтары бар ауылдық білім беру ұйымдары үшін өзекті.

Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдаумен және мультимедиалық материалдармен қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі қажет,- деп еліміздің БҒМ Айтмағамбетов мырза сөз сөйледі.

Оқушыларға бәсекеге қабілетті етіп тәлім-тәрбие мен білім беру ұстаздар міндетіне жүктелсе, берілген білімді шыңдауға тәрбиенің нығаюуына күш салып бірлікте жұмыс жасауға ата-ана көмегі үлкен орын алады. Сондықтан, ата-аналар осындай қиын-қыстау уақытында балаларымыздың білім алу үдерісін тоқтатпай сапалы білім беруге бірге күш жұмсайық.

Осы орайда мынандай кеңестер тізбегін айта кеткім келіп отыр:

  • күн тәртібінде белгілі бір уақытты белгілеңіз. Күнелікті жұмыс күніндей ерте тұру, таңғы ас, физикалық жаттығулар.

  • Белгілі бір жұмыспен балаларды бос қалдырмаңыз. (мысалы сурет салу, кітап оқу, теледидар қарау)

  • Балаға дос ретінде көңіл бөліңіз (бірге ас әзірлеу, сүйікті бағдарламаны қарау, әртүрлі тақырыпта кеңес беру/ қандай жағдайда болмасын балаға ұрысуға, бұйрық беруге болмады!)

  • Оқу кезеңі басталған жағдайда балаға керекті оқу-құралдарымен қамтамасыз етіңіз. (тыныш орта, керекті техника нотбук, смартфон, ғаламтор (бірлік).

  • Сынып жетекшісімен , пән мұғалімдерімен үздіксіз қарым-қатынаста болу керек. Берілген тапсырмаларды орындауға жағдай жасау.

  • Әртүрлі қиын тапсырмаларды шешу жолдарына бірге шешуге көмектесу керек.

Құрметті ата-аналар, елімізде болып жатқан ауыр кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бір тәртіпке бағынайық. Тазалық шараларын сақтайық. Балаларымызға қамқор болып, барынша білім алуына жағдай жасайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
1140
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі