жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ
Жылкибаева Маржан Ешимханқызы көркем еңбек пәнінің мұғалімі
ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті
Marzhan.zhylkibaeva@mail.ru.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты-еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі, ХХІ ғасыр-білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі-білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ дегеніміз-жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушыларымыз. Демек, олар бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы-компьютерді жетік меңгеруі, апараттық- коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алуы, ақпарат алмасудың негізгі көзі-ғаламтор желісін тиімді пайдалана білуі керек.
Жаңа ақпараттық-технологияның негізгі мақсаты-оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Оқу үрдісінде компьютерде пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Олардың баяндама, реферат жазғанынан презентация жасағаны тиімді, себебі, презентация жасау барысында олар алған материалдарын жүйелеп, негізгісін, тақырыптың өзекті жерлерін бөліп алады. Бұл дағды оқушының логикалық ойлауын, шығармашылықпен, ақпаратпен жұмыс жасауын қалыптастырады. Оқушылардың ғылыми жоба жазуына да ақпаратпен жұмыс жасауы көмегін тигізеді.
Бүгінгі таңда әрбір отбасының күнделікті өмірге қажетті техникалық құралдардың бірі-компьютер. Компьютерге аяғын апыл-тапыл басқан сәбиден бастап еңкейген кәріге дейін қызығушылық танытуда. Ал мектеп жасындағы балалар үшін компьютерді жақсы меңгеріп, әртүрлі бағдарламада жұмыс тәжірибесін жанындағы құрбысынан асыра көрсете алса, құбылыстарының алдында бала беделін одан да жоғары көтеретіні сөзсіз. Компьютерге деген қызығушылықтың басқа да пәндерге деген қызығушылықтан басым түсе бастауы: оның күн сайын жаңа модельдерінің шығуы және заман талабына сай әртүрлі бағдарламалардың артып келе жатуында. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары: психологиялық ахуал туғызу; оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын (уәж, ынты, ұмтылыс) тудыру; ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс імтей білуге үйрету; ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты болуы; сыныптағы әр деңгейлі оқушылар ескерілуі керек; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру; өз бетінше орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; оқушылардың өздері үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, экскурсия-сабақ және т.б. жатқызуға болады. Біз оқушыларға күрделі және көлемді үлкен материалдарды бергенде зейіндерін сабаққа аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дәл осы уақытта оларды қызықты әңгімемен немесе ойын арқылы ынталарын, сабаққа қарай көңілдерін аударуымыз қажет.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала әртүрлі ойлау қабілетіне ие болады, мысалы, кейбірі шапшаң ойлап, шапшаң жұмыс істесе, кейбір тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып тұрады.
Видеосабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілік ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығуларын арттырады. Презентациялар, бір жағынан оқущыларға жаңа материалды иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану үрдісін де жеңілдетеді.
Видеосабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Балалардың ақпаратты теледидар, компьютер және т.б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтыны белгілі жайт. Видеосабақты қолдану ақпаратты жоғары көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Ашық көркемдеулер және анимацияланған үрдістер назардың көбірек аударылуына ықпал етеді. Егер мұғалімнің түсіндіруін оқушы дұрыс қабылдай алмай қалса, видеосабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Мысалы, дәрістік материалдың мазмұны бүкіл бір сабақтың уақытын алса, ал оқу видеофильмдері 20 минут қана уақыт алады немесе тәжірибелік жұмысқа нұсқауды көркем жеткізуге мүмкіндік береді. Осының арқасында материалды тәжірибелік меңгруге көп уақыт қалады. Видеосабақты қысқаша талқылау материалдың негізгі кезеңдеріне назар аударып, қорытындылар шығаруға көмектеседі. Яғни, қажеттілігінше видеосабақтарды пайдалану оқушының пәнге қызығуын арттыруға мол мүмкіндік береді. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларға ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. [1]
Білім
ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында
құнның негізгі көзіне айналуда. Ғылым
мен жаңа технологияларды, білім беруді
дамытудың жаһандық үрдістері:
1.
Ақпараттық коммуникациялық
технологиялар.
2.
Ақпараттық мәдениет
орталығы.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияға интернет, теледидар,
электрондық почта, радионы жатқызуға
болады. Мұғалім ақпараттық коммуникациялық
технологиялар арқылы оқушылармен
байланысын жеке-дара жақындаса алатындай
жолмен жүргізуге мүмкіндік алады.
Мультимедия кабинетінде электрондық
оқулықпен сабақ берудің тиімділігі
көп:
1. Мұғалім оқушы білімін
бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл
бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл
болуын қамтамасыз етеді.
2. Оқушы
жеке жұмыс жасайды.
3. Мұғалім
сыныптағы оқушылардың жағдайын толық
көріп, әрбір оқушының қабілетіне қарай
онымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі
ашылады.
Сонымен қатар пәндерді
оқыту әдістемесіне интернет жүйесін
қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар
еді. Интернет жүйесі арқылы оқыту
оқушылардың өзара ақпарат алмасуын
мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады,
білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз
бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың
мұндай қабілеттерін ашып, танымдық
іс-әрекетін қалыптастыратын әрине,
мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл
жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды
әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде
болады.
Ақпараттық
қоғамның негізгі талабы – оқушыларға
ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық ойлау-құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамыту, ақпараттық
технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің
ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр
ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу,
яғни ақпараттық қоғамға
бейімдеу. [1]
Ақпараттық-коммуникативтік
технология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу,
дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен
анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:
а)
электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық
технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару)
Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік
технологияны оқу-тәрбие үрдісіне
енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы
мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік
электронды кешендер құру, әдістемелік
пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді
пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық
әдістерді пайдаланып, бағдарламалық
сайттар, құралдар жасау. (Мультимедиалық
және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі)
барысында өздігінен қосымша білім алуды
қамтамасыз ету. [1]
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны дамыту білім берудің бір
бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай
күнделікті сабаққа компьютер, электрондық
оқулық, интерактивті тақта қолдану
жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі
электрондық байланыс, ақпарат алмасу,
интернет, электрондық пошта, телеконференция,
On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі
күні инновациялық әдістер мен ақпараттық
технологиялар қолдану арқылы оқушының
ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін
дамытып, қызығушылығын тудыру,
белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат
болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан
оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда,
бұған бірнеше факторлар, ең бастысы –
білім беру мекемелерінің қуатты компьютер
техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің
барлық бағыттыры бойынша электрондық
оқулықтар құрылуы және Интернеттің
дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары
мен құралдары өте көп. Оқу процесінде
ақпараттық және телекоммуникациялық
құралдар мүмкіндігін комплексті түрде
қолдануды жүзеге асыру көп функционалды
электрондық оқу құралдарын құру және
қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім
беруді ақпараттандыру жағдайында
оқушылардың ақпараттық сауаттылығын,
ақпараттық мәдениетін және ақпараттық
құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді
қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің
өзекті мәселесіне айналып
отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби
бағыттағы міндеттерді шешуде
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану
қабілеті.
Көркем еңбек сабағында
ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы оқушылардың ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі
заман талабына сай ақпараттық
технологияларды, электрондық оқулықтарды
және Интернет ресурстарды пайдалану
оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Атап айтар болсам, көркем еңбек пәнінен
Интернет желісі арқылы оқушыларым
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ
творчестволық Бірлестігі Қазақ Хандығының
550 жылдығына арналған «Таланттар
акдемиясы» Интернет-Көрмесіне қатысып,
жарияланған дарынды туындылары үшін
оқушыларым грамотамен марапатталды.
«ҚР
Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының
иегері Martebe.kz білім порталының
ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық
«Алтын күз» байқауында шығармашылықпен
ерекше көзге түскен қолөнері 1-ші орын,
«Дарабоз»
оқу орталығының ұйымдастыруымен
Республикалық "оқушының ғылыми
жұмысы" конкурсы. Тақырыбы: «Киізді
ойыстырып, жаңаша сәндеу әдістері» бас
жүлде, “Өнеге”
интеллектуалды білім порталының
Республикалық қашықтықтан өткізілген
“Үздік ғылыми жоба ” байқауы
бас жүлде т.б. көптеген байқаулардан
оқушыларым жүлделі орындар алуда.
Сонымен қатар Интернет-Көрмесіне
шәкірттер дайындағаным үшін әр байқауда
алғыс хатымен марапатталдым. Сонымен
қатар әр сабақта АКТ-ны пайдалану
арқылы түрлендіріп өткізуге болады.
Қазіргі білім беру ісінің басты
шарттарының бірі болып оқушының өзіне
керекті мәліметті өзі іздеп табуына
үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын
өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің
ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын
жобалаудағы басты мақсат оқушының
өздігінен оқуға талаптандыру, яғни
ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Қолөнерді
оқытуда теориялық білім беру мен әр
жанрмен терең таныстыру, нақтылы
бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз
байланысты жүргізіледі. Қолөнер туралы
әңгіме жасағанда оқушыларды көркем
бейнелеудің маңызды құралдарын ұғынуға
үйреткен орынды. Сабақ барысында әр
алуан әдіс тәсілдерді кеңінен пайдаланған
жөн.Әр сабақ қызықты және әсерлі өту
үшін әртүрлі қолөнердің әдіс тәсілдерін
үйретуге дағдыландыру талап етіледі.
Оқушыларға сәндік қолданбалы өнерді
оқытқанда әр халықтың көркем мұралары
сөз етіліп халық шеберлерінің еңбектерімен
таныстырылады.Оқушылардың көркемдік
теориялық білімін жетілдіру, практикалық
іс әрекеті арқылы өз бетімен шығармашылық
жұмыс істеуге белсенділігін
күшейтеміз.
Сабақта
ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқытуды қолданудың бүгінгі таңда маңызы
зор, оқушылардың білім сапасын арттырып
қоймай,олардың шығармашылық ойлау
қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктерінің
өсуіне жәрдемдеседі.
Бүгінгі жас
ұрпақ -біздің өміріміздің тікелей
жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің
тірегі, мызғымас болашағы деп айта
аламын.
Көркем еңбек
пәні танымдық жағынан қызықты әрі тез
қабылдауға лайықты болу үшін дәстүрлі
сабақтармен қатар ақпараттық-коммуникациялық
технологияны пайдалану тиімді болып
отыр. Шығармашылық
жұмыстар оқушылардың ой өрісін кеңейтіп
бұйымды жасауда берілген эскиздерді
талапқа сай орындауда шығармашылық
қабілеттерін арттырады. [1]
Қорыта
айтқанда ұстаз үшін нәтижеге жету
шәкіртінің білімді болуы ғана емес,
білімді өздігінен алуы және алған
білімдерін қажетіне қолдану болып
табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа
әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте
көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау
үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі
түрде жеткізе алатындай, коммуникативті
және ақпараттық мәдениеті дамыған,
интерактивтік тақтаны пайдалана алатын,
Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін
меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман
талабына сай жаңа технология әдістерін
үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз.
Оқушылардың
жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға
бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге
сай дамыған елдердің қатарына ену
ұстаздар қауымына зор міндеттер
жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан мектебі №6. 2013ж
Қазақстан мектебі №10. 2014ж
Қазақстан мектебі № 9, 2015ж
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
5. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
6.
О.С.Сатқанов
«Қазақ халқының қолданбалы қолөнері»
туралы
әдістемелік нұсқау.
7. «Мектептегі көркем еңбек» Республикалық журналы №6, 2019ж
Аты-жөні |
Жылкибаева Маржан Ешимхановна |
Жұмыс орны, лауазымы |
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі |
Ғылыми дәрежесі мен атағы |
- |
Жұмыс бағыттары (секция атауы) |
Этномәдениеттану |
Баяндама тақырыбы |
Пәндерді оқытудың әдістемесін жетілдіруде жаңа ақпараттық технологияның маңызы |
Баяндама ұсыну түрі: тікелей, сырттай (қажеттісінің астын сызу) |
Сырттай |
Адрес, телефондары: жұмыс, үй, ұялы, электрондық пошта адресі (E-mail) |
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Балпық би1/2, 3-08-33, 3-14-36, 877548110267 marzhan.zhylkibaeva@mail.ru |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген