400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пәндік шара "Ойлан,тап!"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ойлан,тап!" атты пәндік шарада оқушылардың білімділігін, шығармашылығын, икемділігін, шеберлігін, шапшаңдығын, ойлау қабілетін дамыту арқылы өткізілген сайыс сабақ. Пәндік шарада оқушылар топқа бөлініп бейнелеу өнеріне байланысты суретті сөзжұмбақ, сурет салу, суретті тест, сиқырлы бояулар арқылы есептер шығару, жұмбақтар шешу, сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тексеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ойлан, тап!»

(пәндік шара)

1.Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың білімділігін, шығармашылығын арттыру.

Ә) дамытушылығы: Оқушылардың икемділігін, шеберлігін,

шапшаңдығын, ойлау қабілетін дамыту

б) тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие бере отырып, өнерге баулу

2. Түрі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс

3. Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, үлестірмелі парақтар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Психологиялық тренинг «Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық: (оқушылар қимыл-қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы- деп

-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін 4-сыныптар арасында «Ойлан,тап! атты сайыс сабағы өткелі отыр. Сайысқа қатынасатын оқушыларды ортаға шақырайық. (оқушылар топқа бөлінеді)

І-топ –«Графика» ІІ-топ- «Палитра» топтары

Сайысқа қатынасып отырған оқушылар өздерін бейнелеу өнері пәні бойынша білімдерін ортаға салады.

Кіріспе: Сайыс болған жерде оған баға беріледі. Баға беру үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.

Сайысымыздың жоспарымен таныстыру.

І. «Ойлан, тап» (суретті сөзжұмбақ)

II. «Кім шапшаң?» (сурет салу)

III. «Айырмашылығын табу» (суретті тест)

ІV. «Есеп шығару» (сиқырлы бояулар)

V. «Түстерге бостандық» (әріптерді орнына қою)

VІ. «Сергіту сәті» (жұмбақтар шешу)

VІІ. «Кім жылдам» (сұрақтарға жауап)

VIII. Сайысымызды қорытындылау

Сайыстың бөлімдері (шарттары)

І. «Ойлан, тап» сайысы

Шарты: Тақтадан суретті сөзжұмбақ шешу

1.Қанша жемістің түрі бар? (9)

2.Қанша қоян бар? (9)

3.Кай көлеңке жолбарыстың баласына тән? (сол жағынан екінші)

ІІ. «Кім шапшаң?»

Шарты: Әр топтан екі оқушыдан шығып, тақтаға көзін байлап сурет салу, бірінікін –бірі жалғастыру

ІІІ. «Айырмашылығын табу»

Шарты: Суретті тест (суретке қарап адам көңіл-күйін ажырату)

IV. «Есеп шығару»

Шарты: Сиқырлы бояулармен есеп шығару

+ Δ = ○

Қызыл сары қызғылт

Δ + □ = ○

Көк сары жасыл

+ Δ = □

Ақ қызыл алқызыл

+ ○ = Δ

Қызыл көк күлгін

V. «Түстерге бостандық» сайысы

Шарты: Бір сиқыршы түстердің әріптерін ауыстырып жіберіпті сол

әріптерді орнына қойып, түстерге бостандық берейік.

Лызық – қызыл, лысаж – жасыл, қа-ак, арақ-қара, дөргілік-көгілдір, ырас-сары.

VI. Сергіту сәті

Жұмбақ шешу: Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (аяз)

Сырып ашып пышаққа

Жұмыссыз мен қалдым деп

Мені жонып үшкірле

Пайдам тисін адамға (қарындаш)


Жұмыс берсең оған

Қарындаш бекер шаршаған (өшіргіш)


Қимылдаса қос шебер

Қыруар-қыруар іс өнер (екі қол)

VII. «Кім жылдам» (екі топқа сұрақтар қою)

Сұрақтар: 1. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар?

2. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма?

3. Жылы түстер?

4. Суық түстер?

5. Негізгі түстер қандай түстер?

6. Сызықтың неше түрі бар?

7. Натюрморт дегеніміз не?

8. Жылдың неше мезгілі бар?

9. Штрих дегеніміз не?

VIII. Сайысты қорытындылау:

Әділқазылар алқасы сайыскер топтардың жинаған жұлдызшалары арқылы жеңімпаз топтарды анықтап, сайысты қорытындылау


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.12.2017
1182
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі