400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Пәні: Жаратылыстану Магнит

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Жаратылыстану

Мектеп №12

Күні:14.03.19ж

Мұғалімнің есімі: Абдикадирова Г.Б.

Сынып: 1 «В»сынып





Сабақтың тақырыбы:

Магнит

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.5.6.1. Магниттілік қасиеті бар денелерді анықтау.

1.5.6.2. Магниттің қасиетін зерттеу.

Сабақ мақсаттары

Магниттілік қасиеті бар денелерді анықтай отырып,зерттейді

Барлық оқушылар: Магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтайды;

Көптеген оқушылар: Магниттердің қасиетін зерттеу жүргізу барысында түсінеді.

Кейбір оқушылар: Жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Бағалау критерийлері

Магниттік қасиеті бар денелерді анықтайды.

Магниттің қасиетін зерттейді.

Тілдік мақсат




Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру .

Оқушылар магнит, тарту, тебу тірек сөздерімен танысады. Магнит – магнит - magnet.

Тілдік дағдыларды дамыту:

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел” идеясындағы бағыттарды негізге ала отырып оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану,сауат ашу .Тірек сөзді үш тілде қолдану арқылы қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі пәндерімен байланыс іске асырылады

АКТ қолдану дағдылары

Мұғалімнің дағдысы . АКТ қолданамын .Магниттің қасиеті туралы мультфильмнен үзінді көрсету.

Бастапқы білім

Жалпы электр құралдары туралы түсінік бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Топқа бөлу

Психологиялық ахуал:

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.


1-топ Шеге

2-топ Түйреуіш

3-топ Қайшы





«Электр» тақырыбы қайталау үшін «Ыстық орындық» әдісімен ойын өткізіледі. Сыныптан бір оқушы «Электр» ролін сомдайды. Қалған оқушылар оған кезек бойынша сұрақтарын қояды

Қандай жылытқыщ құралдарын білесің?

Теледидар жұмыс істеу үшін не қажет?

Жылытқыш құралдарды не үшін пайдаланады?

Сөзжұмбақ:

--Дастарханға қоямыз, жейміз, түсі сары,

--Ең мейірімді адам,

--Тамақ жасағанда қолданамыз, оған тамақ - жасаймыз, шай қайнатамыз,

--Ас атасы,

--Адамның досы,

--Рәміздеріміздің бірі.

Сөзжұмбақ шешімі «МАГНИТ» сөзі

М

а

й

А

н

а

Г

а

з

Н

а

н

И

т


Т

у



Балалар! Мен дүкеннен қолғап сатып алдым жәй қолғап емес, «сиқырлы» қолғап. Қолғап пен бірге қорапта әртүрлі заттар жатыр екен?
Ал қолғаптың сиқырлы екенін қалай білуге болады екен?

- Қолғапты киіп қораптың ішінен заттарды шығарайық. Не байқадыңдар? Кейбір заттар қолғапқа жабысып қалады.
- Неге? Қолғаптың ішінде бір нәрсе бар, көрейік не бар екенін
Қолғаптың ішінде мынадай тас шықты. Бұл магнит - темір заттарды өзіне тартып алатын және темірге жабысатын қасиеті бар.

Сендердің әрбіреуіңде әртүрлі пішінді және көлемді магниттер бар. Оларды қолдарыңа алып, не сезетіндеріңді айтыңдаршы?
- Суық, қатты, темір, ауыр







1)Топ ережесін сақтау;

2)Оқу құралдарын абайлап қолдану;

3)Техника қауіпсіздік ережесін сақтау. Парақша










Сабаққа байланысты деректі материалдар.

Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен.

Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік

(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады.

Электромагнит — өзінен электр тогын өткіз­ генде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

Магниттер. Оқушылардың назарын суретке аударып, сұраңыз:

Негеш нені қарап отыр?

Ол не туралы ойланып отыр?

Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не болады?

Осы кезеңде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және онымен тәжірибе жасап көргенін анықтап алу маңызды. Магниттердің бір-біріне тартылуы мүмкін деген қорытынды жа­ саңыз.

Тартыла ма әлде жоқ па?

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)

Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)

Эврика не істемекші?

Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.)

Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.)

Сергіту сәті.

«Балапан және оның достары. Магнит» мультфильмінен үзінді көрсету.

Тапсырма Белсенді оқытудың «Зерттеу» әдісі «Ойлан, жұптас» тәсілі арқылы жүзеге асады.

Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнектің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шынының астымен магнитті жылжыту арқылы оқушылар қағаз қыстырғыштар қозғала ма, жоқ па тексе­ реді. Тәжірибе барысында оқушылар: “Магниттің тартылысы шыныдан­ өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.


Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін­ дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.

1-топ:

Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің

бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады.

2-топ:

Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады

3 топ:

Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақташаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.


Дәптермен жұмыс.

Белсенді оқытудың «Зерттеу және зерделеу» әдісі

Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің тұсына (˅) белгісін қойыңыз. Олар магнитке неліктен тартылады деп ойлайсыз?









«Жұптық » жұмыстар.

Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтаңыз. Ол үшін қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз.



Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұруын сұраңыз. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраңыз. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебі­ леміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды­ тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраңыз­. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.



Бейне жазба


Стакан, магнит, түйреуіш, бұрандалар, пластмасса, рәзенкенің бөлшегі, гайка, көзәйнек, қыстырғыштар, қатты қағаз














































Кесте

























Саралау

«Дереккөздер» тәсілі.

Ребусты шеш:



,, ,,


,,, ,, ,,,,,, ,,



Сөзжұмбақ



Бағалау









Сабақтың соңы

Рефлексия

3 мин


«Смайликтер» арқылы бағалау

- тамаша

- жақсы

- орташа




- жақсы түсіндім, дұрыс орындадым


Picture 4 - жартылай түсіндім



-түсінбедім.








Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Қабілеті жоғары оқушылар жасаған эксперимент негізінде қорытынды жасай алады, оны дәлелдей алады; магниттің өмірде қолданылуы жайлы пікір айта алады.

Берілген тапсырмалар арқылы әрбір оқушының сабақ тақырыбын қаншалықты меңгерілгенін бақылаймын.


Сергіту сәттерін өткізу, оқушылардың парта алдында дұрыс отыруларын қадағалау, түзету,

оқу кабинетінде санитарлық талаптардың (жылу, жарық режимі, тазалық) орындалуын қадағалау
















































Шеге

Түйреуіш



Қайшы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі