жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту 2-сынып
Бекітемін:.................................
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: Өткенді бекіту
|
Күні: 25.11.2019 жыл Мұғалім: Бисенгалиева Сара Бактыбаевна |
|||||||||
СЫНЫП: 2
|
Қатысқан оқушылар саны: 22
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.5.1.1** 1-2 амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу |
|||||||||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||||||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||||||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
|||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ тілі, дене шынықтыру. |
|||||||||
Сабақтың жоспары |
||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||||||||
Басталуы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Оқушылармен амандасу. Топтарға бөлу. Қысқы спорттық ойын түрлері бейнеленген карточкалар ұсыну арқылы өтеді. Оқушылар құрастырмақ арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут «Топ атауына қарап өз топ атын ассоцияциялап айту» Сноуборд-сабырлы, шаңғы-шаршамайды, керлинг-көпшіл, мәнерлеп сырғанау-математик.
Тапсырмаларды орындап, шығару жолын түсіндіру.
|
1-топ: «Сноуборд» 2-топ: «Шанамен сырғанау» 3-топ: «Керлинг» 4-топ: «Мәнерлеп сырғанау»
|
||||||||
Жаңа білім 10 минут
|
Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Тапсырмаларды орындайды. «Елшілер» әдісі
Мақсаты Белсенді тыңдау, шешендік өнер және сөйлеу мәнері, бөлу және өзара байланыс құру. Сыныпты жоспарлау Бөлмеде 4-5 адамнан тұратын топтар. Жұмыс алгоритмі Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Бұл – шаршататын және бір сарынды «баяндама жасалатын», мезі қылатын сабақтардан құтылуға мүмкіндік беретін тамаша әдіс. Сондай-ақ бұл әдіс елшінің тілді қолдану шеберлігін көрсетеді, әрі белсенді тыңдаушылар тобын қалыптастырады.
Ш 1-гүлзар -17 г Шешуі: 17+19=36 г 2-гүлзар -19 г 45 гүл 45─36=9 г 3-гүлзар -? г Жауабы: 9 гүл
|
Оқулық, мәтіндер.
Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. |
||||||||
Ортасы 10 минут
|
Қолдану Визуалды дәлелдер тапсырмасын орындау.
Шарты: оқушылар суреттерге қарап өз болжамдарын жасайды. Мысалы: ат арба қашан пайда болды; автомобиль кай жылы пайда болды; жылқыны адам қолға қашан үйретті. Дәптермен жұмыс. Дәптермен, тақтамен жұмыс. Оқулықта берілген есептерді түріне қарай топта, жұпта, жеке орындату. Тапсырмалар орындау соңында кері байланыс орнату. Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.
|
|
||||||||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті «Молекула» Шарты: екі жұп оқушы мұғалім айтқан санның қосындысын, айырмасын бірігіп орындап, саусақтарымен көрсетеді.
|
Оқушылар сергіп алады. |
||||||||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез Қызықты қосымша тапсырмаларды орындау. |
Оқу әрекетін ұйымдастыру.
|
||||||||
Бағалау 5 минут
Кері байланыс 3 минут |
Сабақ бойы алған жаңалығын, эмоциясын жазып беру, немесе суретін салу. Сабақ барысында жинаған ұпайларын санап, бағалау, мадақтау. |
Бағалау Рефлексия парағы. |
||||||||
Үйге тапсырма: Оқулықта қалған тапсырманы орындау. |
||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
||||||||
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||
Рефлексиялық есеп.
Математика пәнінен 25-қараша күні «Өткенді бекіту» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсатын қойып, керекті ресурстар мен әдіс─тәсілдерді жасақтадым. Оқушылардың жас ерешелігіне сәйкес қызықтыларын таңдап алдым, олардың орындау уақыты мен топқа бөлінудің жас ерекшелігіне сай әрі танымдық мәні бар түрін қамтығым келді. Сабақты топқа бөлудің қарапайым әрі қызықты түрі пазлдар құрастырумен бастадым. Құрастыру нәтижесінде топ атауы шықты: «Керлинг», «Мәнерлеп сырғанау», «Шанамен сырғанау», «Сноуборд». Сабақ барысында логикалық тапсырмалар, сөз есептермен қатар, орындау деңгейі жеңіл тапсырмалар да болды. Оқушылар сөз есептің шартын құрастырды, шешуі мен жауабын жазып, "Елші" стратегиясы арқылы бір оқушы келесі топқа, сосын тақта алдына барып түсіндірді. Оқушылар топтық жұмысты бірлесе орындады. Өз бетінше жұмыс жасау арқылы берілген сұрақтарға жауаптар іздеді. Сергіту сәтінде "Молекула" ойынын ойнаттым, онда оқушылар екі таңбалы сандарды саусақтарымен көрсетті. Визуалды дәлелдер арқылы оқушылар адамдар пайдаланған көлік түрлерінің шығу жылдарын анықтап берді. Сабақты "Ақылды үкі" стратегиясы бойынша қорытындыладым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып жапсырды. Үйге тапсырма берілді. Сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
Пән мұғалімі: Бисенгалиева Сара

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген