жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы: «Болымды және болымсыз етістік»
|
Пәні: Қазақ тілі |
Уақыты: |
Сыныбы: |
Мұғалімі: |
||||
|
Мектеп: |
|
||||||
|
Тақырыбы: |
«Болымды және болымсыз етістік» |
||||||
|
Жалпы мақсаты: |
а)Оқушыларғы болымды, болымсыз етістік туралы түсіндіру, білімдерін пысықтау, сөйлем ішінен етістіктерді тауып талдай білуге, ажырата білуге дағдыландыру. ә)
Оқушылардың тіл байлығын, көркем жазу дағдысын, ойлау, талдау
қабілеттерін дамыту. |
||||||
|
Оқу нәтижесі: |
Барлық оқушылар: Болымды және болымсыз етістіктерді ажырата алады. Көпшілігі: Болымды және болымсыз етістіктерге мысалдар келтіріп, сөз құрамына талдай алады. Кейбір оқушылар: Өз бетінше күрделі тапсырмаларды орындап, мысал келтіре алады. |
||||||
|
|
|
||||||
|
Сабақтың типі: |
Бекіту сабағы |
||||||
|
Сабақтың түрі: |
шығармашылық- ізденіс сабағы |
||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Әдебиеттік оқу, дүниетану |
||||||
|
Әдіс-тәсілдер: |
түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация |
||||||
|
Көрнекіліктер: |
Тірек сызбалар, суреттер, стикер. |
||||||
|
Сабақ мазмұны |
|||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
|||
|
І. Ұйымдастыру кезеңі |
2 мин |
Оқушылармен амандасып,
түгендеу. Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте. |
|
|
|||
|
ІІ. Үй тапсырма-сын тексеру |
3 мин |
«Кір жайылған жіп» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша ереже сұралады. 1. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді? Мысалмен дәлелде. 2. Туынды етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 3. –ма, -ме, -ба,- бе,-па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалатын етістік қалай аталады. Мысал келтір. 4. Түбірі сын есімнен болған туынды етістікке мысал келтір. 5. Кес, таста, бас, өкпеле сөздерін болымсыз етістікке айналдыр. Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. |
Қол көтеріп тақтадағы жіпте ілулі тұрған киімдерден біреу таңдап, артындағы сұраққа жауап береді. 1. Дара (жүр, отыр, түр т.б) және күрделі (келе жатыр, жазып отыр, шауып келеді, т.б.) 2. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысалы: өрнекте, ақта, тұзда т.б. 3. Болымсыз етістіктің жұрнақтары. 4. Жаңала, тазала, ақта, көкте т.б. 5. кеспе, тастама, баспа, өкпелеме. |
|
|||
|
ІІІ. Жаңа сабақ |
7 мин |
Дәптермен жұмыс. а/ күннің жадын жазу; ә/ тақырыпты жазу; с/ көркем жазу Оқулықпен жұмыс. 1-топ 42-жаттығуды орындайды. 42- жаттығу .Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тап, олардың болымды, болымсыз екенін айт. Болымсыз етістігі бар шумағын көшіріп жаз. 2-топ 43-жаттығуды орындайды. 43 — жаттығу . Берілген етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап, болымсыз етістік жаса. Жібер, шақыр, ал,жап, төк, шық. 3-топ. 44-жаттығуды орындайды. 44-жаттығу. Болымсыз етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Мәтінге ат қой. |
Болымды етістіктер: өскен, айтқан, аламыз, кетсе, қаламыз, ойнасақ, қорқып. Болымсыз етістіктер: шашпаймыз, ашпаймыз, қашпаймыз. Орында орындап тексертеді. Жібер- жіберме, шақыр- шақырма, ал - алма, жап - жаппа, төк - төкпе, шық -шықпа. Үй қояндары Күтімі жақсы үй қояндары суықтан қорықпайды. Әрбір қоянның қасында 5-6-дан артық көжек болмайды. |
|
|||
|
ІV. Меңгерту |
10 мин |
1-топ. 45-жаттығуды орындайды. 45-жаттығу. Сөздерді оқып, болымсыз етістік жасайтын жұрнақтарды ата. Сөйлем құрастыр. Жыртпа, кешікпе, жамандама, бүлдірме. 2-топ. 46-жаттығуды орындайды. 46-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Жұмбақтағы етістіктерді тауып, қалай жасалғанын айт. Күндіз тіпті ұшпайды, Түнде тышқан ұстайды. Көзі шамға ұқсайды. 3-топ. 28-жаттығуды ауызша орындайды. 48 - жаттығу .Мәтінді оқы, етістіктерді тап. |
Табақ тарту әдісі арқылы. Сөз құрамына талдап, әр сөзге бір-бір сөйлемнен құрап жазады. Ауызша орындау Ұшпайды, ұстайды, ұқсайды. Жауабы: үкі Етістіктерді тауып астын екі сызықпен сызады. Етістіктің қай түріне жататындығын айтады. |
|
|||
|
Сергіту сәті |
1 мин |
Қолды белге қояық, Иіл оңға, түзу тұр, |
Мұғалімнің нұсқауы бойынша баяу, орташа, жылдам орындайды. |
|
|||
|
VІ. Бекіту |
9 мин |
1-топ. 49-жаттығуды орындайды. 49-жаттығу. Жұмбақтың шешуін тап. Жұмбақты көшіріп жазып, болымсыз етістіктердің астын сыз. Көзге көрінбейді, Қолға ілінбейді. Кейде сипап өтер, Кейде ұйпап өтер. 2-топ. 53- жаттығуды орындайды. 53-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып, өлеңді көшіріп жаз. Құстар қалай ұшады? Қарға ұшар ... , Шағала ұшар ... , Үйрек ұшар ..., Қаз ұшады ... . (Кәрім Сауғабаев) 3-топ. 52-жаттығуды орындайды. Суретке қара. «Анама сыйлық» тақырыбына мәтін құрастыр. Мәтінде қоланған етістіктерді ата. 51-жаттығу жаппай орындалады. Мақалдарды жатқа жаз. Болымсыз етістіктердің астын сыз. 1. Өзіңді зор тұтпа, Өзгені қор тұтпа. 2. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, Егін екпесең, Жерге өкпелеме. Мақалдардың негізгі ойы сұралады. |
Жұмбақты бір оқушы оқиды. Орында жұмбақты жазып, болымсыз етістіктердің астын екі сызықпен сызады Жауабы: жел Орында орындап тексертеді. 1. қарқылдап 2. шаңқылдап. 3. сымпылдап. 4. қаңқылдап. Сурет бойынша әркім мәтін құрады. Мақал жатқа 3-4 оқушыдан сұралады. Барлық оқушы кітаптарын жауып, жатқа жазады. Болымсыз етістіктердің астын екі сызықпен сызады. |
|
|||
|
VІІ. Қорытындылау |
4 мин |
54-жаттығу. Ребусты шешсең, мақал шығады. 55-жаттығу. Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол. Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың ағасы бол. |
Жауады: Малыңа сүйенбе, Арыңа сүйен. |
|
|||
|
VІІІ. Бағалау |
3 мин |
Кері байланыс Түсінбеген оқушылардан анық
нені түсінбегендігі сұралады. Әр баланың жұмысын мұғалім жеке
критерилерді ескеріп бағалайды. |
Тақырыпты қаншалықты түсініп, сабақтағы өз іс-әрекеті мен жұмысына «Бас бармақ» әдісі арқылы баға береді. |
|
|||
|
Үйтапсырмасы. |
1 мин |
177 беттегі 47 жаттығу, 178 беттегі 50-жаттығуды жазу және 55-жаттығу Төле бидің батасын жаттау. |
Күнделіктеріне жазып алады. |
|
|||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген