400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Панорамалық сабақ "Қызыл Кітап" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып Жаратылыстану пәнінен Қызыл Кітап тақырыбына арналған панорамалық сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі





























Панорамалық сабақ

Тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы»















Пәні: ЖаратылыстануСыныбы : 5 «Ә»Пән мұғалімі: Ж. Күмісбай

























2015-2016 оқу жылы

Бекітемін: ____________________МДОІЖО: Т. ДүйсенғалиқызыПәні: ЖаратылыстануМерзімі: 30 сәуір 2016 жылСыныбы: 5 «Ә»Пән мұғалімі: Ж. Күмісбай

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы»Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Қызыл кітап және оның адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі мен маңызы туралы мағлұматтар беру.Дамытушылық: Оқушыларға әр түрлі тапсырмалар бере отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге, табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, презентация, бейнероликтер, кеспе қағаздар.Сабақтың әдісі: «ДЖИГСО» әдісі, «Ортадағы қаламсап» әдісі, «Автор орындығы» әдісі, «Егер де мен...» стратегиясы, сұрақ-жауап.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың барысы: I ҰйымдастыруII Үй тапсырмасын сұрауIII Жаңа тақырыпты ашуIV Жаңа сабақты бекітуV Үйге тапсырма беруVI Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары («Ортадағы қаламсап» әдісі):1. Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?2. Бір елдің аумағында жүргізілетін табиғат қорғау шаралары қалай аталады? (Ұлттық табиғат қорғау шаралары)3. Барлық елдерге тән табиғат қорғау шаралары қалай аталады? (Халықаралық деңгейдегі табиғат қорғау)4. ГРИНПИС (GREEN PEASE) қандай ұйым? (Табиғатты қорғау жөніндегі ұйым)5. Қорық дегеніміз не? (Жойылып және саны азайып бара жатқан өсімдік пен жануар түрлерін, табиғатты қорғау, сақтау мақсатында құрылған қорғалатын аумақтар)6. Дүние жүзінде қанша қорық бар? (200-ден астам)7. Қаратау жотасындағы дәрілік өсімдіктерді қорғау мақсатында ашылған қорық (Қаратау қорығы)8. Реликті шағала қай қорықта мекендейді? (Алакөл қорығы)9. Батыс Алтай қорығында тіршілік ететін тау жануары (Марал)10. Қазақстанда қандай ұлттық саябақтар бар? (Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау, т.б.)

Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөлу (1-топ: «Өсімдіктер» тобы, 2-топ: «Жануарлар» тобы, 3-топ: «Қорықтар» тобы)

Жаңа тақырыпты жазу Бейнеролик «Қызыл кітап дегеніміз не?» Жаңа тақырып бойынша осы күнге дейінгі білімдерін және бейнеролик материалдарын қолдана отырып постер қорғау: Қазақстаннның «Қызыл кітабы»

Бейнеролик «Қызыл кітапқа енген жануарлар»

Жаңа сабақты бекіту «Автор орындығына» әр топтан бір оқушы шығып, отырады, қалған топтар сол оқушыға тақырып бойынша түрлі сұрақтар қояды.

Сергіту сәті: Интербелсенді тақтадағы бейнероликке қарап би қимылдарын орындау

«Егер де мен...» стратегиясы: Оқушылар дәптерлеріне шағын эссе жазып, тапсырманы орындайды.

Сабақты қорытындылау. Қызыл кітап деген не? Неге ол қызыл деп аталады? Қызыл кітапқа қандай жағдайда өсімдіктер мен жануарлар енгізіледі? Қызыл кітаптан өсімдіктер мен жануарларды шығарып тастауға бола ма? Кері байланыс «Почта жәшігі» (оқушылар сабақтан алған әсерлерін почта жәшігіне салады)

Үйге тапсырма: Қазақстанның «Қызыл кітабы» (оқу), өз облысымыздың аумағындағы жойылып және сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды жазып келу.

Оқушыларды бағалау.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
842
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі