Бейнеу гуманитарлық-
экономикалық колледжі
Педагогика, психология
пәндік циклдік комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек беру
мақсатында «Жаңа педтехнологияның сабақ процесінде тиімді қолдану
арқылы нәтижеге жету және мұғәлімнің кәсіби дамуы» тақырыбында
әдістемелік семинар


Оқытушы: Алдабергенова
Б
Бейнеу-2017ж
Тобы: Мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту
Пәні: Технология және оқыту
әдістемесі
Сабақтың
тақырыбы: «Папье – маше
технологиясы»
Сабақтың
мақсаты: білімділігі: Папье- маше технологиясының
тарихы, жасалу әдістері.
Папье- маше бұйымдарын
шығармашылық ойындар, көрнекі
құралдар жасауға қолдану.
Папье – маше ойыншықтарын жасауға арналған
материалдар мен
құрал-жадықтар. Бұйымдарды безендіру мен
өңдеуге
арналған
материалдар.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол
икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру.
Түс
жарасымдылығын, композициялық
шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс
жайлы түсініктер бере отырып, олардың
бейнелеу, безендіру, құрастыру
қабілеттерін дамыту.
Сабақтың
түрі: аралас
Пәнаралық
байланыс: тарих, бейнелеу өнері, өнер
тарихы
Көрнекілігі: Түрлі папье- маше шығармалары,
технологиялық карта, бағалау парақшасы, LED
панел,
слайд, видео
ролик;
Керекті
құралдар: әдістемелік құралдар, папье-
машеге арналған масса, су; ұн клейстер немесе
пва
желімі; қалып (шәйнек, кесе);
алжапқыш; резеңке қолғап;
шүберек.т. б.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу
ә) Күннің жадын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа
аудару
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру: -Алдыңғы сабақтардағы
білімдеріңді тексеру мақсатында сұрақтарға сәйкестендіру әдісі
арқылы жауап берейік.
Сұрақтар:
1. Ең жуан
жіп?
2. Табиғи оқу
құралы
3. Ою- өрнектерді белгілі бір
ырғақ, үйлесіммен орналастыруды қалай
атайды?
4. Тігу бөлшетерінің шетін
біріктіруге, матаның шеті сетінемеуге арналған тігіс түрі
?
5. Қалдық маталар пайдаланып
тігілетін бұйым түрі?
6. Бұрын пайдаланылған қағазды
өңдеу арқылы қандай материал алынады?
7. Табиғи матаға жататын
материалдарды ата.
8. Тігін фурнитураларына нелер
жатады?
9. Көктеу тігісі не үшін
қолданылады?
10. Жұмсақ ойыншықты тігу
ретін айтып бер.
11. Қағаз қашан, қайда пайда
болған?
12. Қағазды неден
жасайды?
- Алдыңғы сабақта біз «Жұмсақ
ойыншықтар» деген тақырып өттік, үйден жұмсақ ойыншықтарды үлгі
бойынша тігіп келу берілді, енді сол тапсырманы мына жердегі көрме
бойынша бағалаймын.
ІІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру:
-Бүгінгі жаңа ашық
сабағымыздың тақырыбы: «Папье – маше технологиясы»
деп аталады.
Папье - маше – желім қосылған
суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді
зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Ол француз тілінен
аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағына
білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол
ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Материалды кептіру де ұзақ
уақытты алады. Бірақ өз қолымен жасаған
бұйымның нәтижесін көргенде, уақыттың босқа кетпегеніне көзің
жетеді. Папье машеден әр түрлі
қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға
болады. Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу
үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға
болады.
-
Аты французша болғанымен,
папье- машенің отаны қағаз алғаш пайда болған Қытай елі еді. Қазба
жұмыстары кезінде табылған алғаш папье- маше Қытай жерінен табылған
батырдың сауыты мен дулығасы еді. Қаттылық пен мықтылық беру үшін
лакпен қабаттап жағып отырған екен. Табылған бұйымдар Хань
династиясына жатады (б.э. д.
202-220жж).
Папье- маше технологиясы
бойынша жасалған сол кездегі соғыс құралдары әрі жеңіл, әрі мықты,
қозғалуға ыңғайлы, садақ оғы өтпейтін, қылыш жүзін тайдырып
жіберетін қасиетке ие болған.
Папье- маше Қытайдан Жапония
мен Парсыларға келген. Жапонияда бұл өнер- харико деп
аталады. Ол елдерде осы техникамен
мерекеге арналған маскалар мен басқа бұйымдар жасала бастады. Ары
қарай бүкіл елге таралды. Бәрінен де Еуропа еліде көп қолданысқа ие
болды. 17 ғасырдың ортасында Францияда өндірісінде осы техникамен
қуыршақтар жасап шығарылды. 1960ж Ағылшындар бұл өнерді
жалғастырды. Папье- маше Ресейге 1960ж ПетрІ
әкелді.
Жапонияда бұл өнер- харико деп
аталады.
-Папье-машені үш әдіспен
жасауға болады.
1- тәсіл: мүсіннің үстіне
вазелин майын жағамыз, жыртылған қағазды желіммен жапсырып
отырамыз. Осылай 10-15 қабат жапсырылады. Кептіріп қоямыз,
кепкеннен кейін мүсінен ажыратып аламыз. Дайын бұйымның бетін
бояймыз.
2- тәсілде сұйық желімді
қағаздан формаға құйылады. Уақ жыртылған қағаздарды ыссы су құйып,
бор қосып иленеді. Қағаз бен бор қосылған қаймақтәрізді қоймалжың
массаға желім қосылады. Дайын формаға дайын массаны құяды немесе
форманың сыртына жапсыру арқылы да
жасалады.
3- тәсіл бойынша- картондар
қабат-қабат фанер тәрізді ауыр қысыммен
жапсырылады.
Кепкен бұйымды сырты түрпі
қағазбен ысқылап тегістеліп, грунтталып,
боялады.
Керекті
құрал-жабдықтар
қағаздар;
су;
ұн клейстер немесе пва
желімі;
қалып (шәйнек,
кесе);
алжапқыш;
резеңке
қолғап;
шүберек.
Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
(оқулықпен жұмыс)
1. Алдымен жұмыс орныңды дайындап ал. Ол үшін
таза акварель бояу, қылқалам, жапсырмайтын қағаздар
керек.
2. Керекті құралдарды, суды шашып
ойнама!
3. Жұмыс кезінде және жұмыс соңында қолыңды
таза шүберекпен сурт
4. Жұмыс соңында киімдеріңнің тазалығын
байқап, жұмыс орныңды ретке
келтір.
5. Папье-маше жұмысы аса ұқыптылықты қажет
ететіндігін естен шығарма!
Жұмысты орындау
әдістемесі:
1.Ыдыс жасауға қажет
болатындай газет парағын жыртып аламыз немесе әжетхана қағазы,
жұмыртқа салғыш ыдысты жыртамыз.
2.50 мл суға қағазды жібітіп алып, пва желімін араластырамыз.
3.Таңдаған ыдысыңыздың сыртын фальгамен қаптаймыз, қалаған формаға
келтіреміз.
4.Араластырып иленген массаны ыдысқа жапсырамыз.
5.Осылайша жасап болған ыдысты бөлме температурасында
кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін бұйымды гуашь бояуымен бояп,
безендіреміз.
Нәтижелерді
дайындау
Оқушылардың жасаған жұмыстарын
өз қалауларынша безендіріп, жұмыс барысын және де қосымша
тапсырмаларды орындап қорғауға
дайындайды.
IV.Машықтық жұмыс:
-Папье- маше технологиясымен
құмыра жасау.
V. Жаңа сабақты
қортындылау: - Фрайер моделі бойынша жаңа
сабақты қортындылау. «таңда да таста» әдісі бойынша
бағаланады.
Аты:_________________________ Сабақ не туралы
болды?_________________________________________
Бүгінгі
сабақ сізге ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын
болды?

|
Қиын
|
Қиын,бірақ ненің қиындық
тудырғанын түсінуге тырыстым
|
Қиын, бірақ түсінуге, жасауға
тырыстым
|
Қиын, бірақ сабақты игерген
сияқтымын
|
Қиын соған қарамастан
тапсырманы орындай алдым
|
Бүгінгі сабақтың соңында
қандай сезімде болдым?

Пікір:
Аты:_________________________
Сабақ не
туралы болды?_________________________________________
Бүгінгі
сабақ сізге ұнады ма?
Бұл сабақ қаншалықты қиын
болды?

|
Қиын
|
Қиын,бірақ ненің қиындық
тудырғанын түсінуге тырыстым
|
Қиын, бірақ түсінуге, жасауға
тырыстым
|
Қиын, бірақ сабақты игерген
сияқтымын
|
Қиын соған қарамастан
тапсырманы орындай алдым
|
Бүгінгі сабақтың соңында
қандай сезімде болдым?

Пікір:
Папье- маше дегеніміз
не?
Папье- маше
тарихы
Папье-
машеге
керекті болашақта
құралдар:
Папье-
маше
әдістері
Бала- бақшада қай топқа
жасатуға болады?