Папье -машеден әшекейлі тәрелке жасаймыз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Папье -машеден әшекейлі тәрелке жасаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көркем еңбек пәнінен ҚМЖ . Мұғалімдерге тақырып бойынша сабақты түрлендіріп өтуге көмек береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: көркем еңбек

Мектеп: 36

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мұғалімнің аты: Жамансариева С.С.

Күні: 16.03.2018 ж


Сынып: 2 «Г»

Қатысқандар: 24


Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Папье-машеден әшекейлі тәрелке жасаймыз

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

2.2.2.1- әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолданау.

2.2.3.1- әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру

2.2.4.1- қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдар мен құралдарды пайдаланау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:.

Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді, түстер туралы білімдерін пайдалана отырып, папье-машеден жасалған тәрелкені безендіреді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Папье-машеден жасалған тәрелкені безендіру үшін, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) үнемді жұмсайды және құралдарды қолданып, жұмысты ұқыпты орындайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өз идеялар мен сезімдерін шығармашылық түрде ұсынады, түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

Әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолданады.

Әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеп белгілейді, қиып формасын келтіреді, біріктіреді.

Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ халқының қолданбалы өнерінің негізгі элементтерін қолданады.

Тілдік мақсат

Қазақтың дәстүрлі қолөнер бұйымдарының қандай материалдардан жасалғанын және ою-өрнектерінің қолданылуын сипаттай алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: сәндеу – декорирование – decoration

оюлар, өрнектер, түстер, материалдар, ырғақ.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?

  • Қолөнер бұйымдарын ата?

  • Әшекейлеу өнерінің мақсаты не?

Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?

  • Өнер бізді неге үйрете алады?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Папье- машеден әшекейлі тәрелке жасау.


Құндылықтарды дарыту

Эстетикалық және көркемдік талғам дағдыларымен шығармашылық белсенділіктері қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка, математика, ағылшын тілі

АКТ қолдану дағдылары

АКТ, суреттер

Бастапқы білім

Ою-өрнек құрастырамыз. (84 -87 бет) Оқушылар үйренгенін шығармашылық

жұмыста қолданады.


Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


40 минут

ресурстар


Басы.

Ұйымдастыру кезеңі.





Үй тапсырмасын сұрау.


Айтылым.


Оқушыларды тапсырма орындауға дайындау үшін дәстүрлі қазақ музыкасын қосу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

(Түсті бұйымды таңдау арқылы таңдау арқылы топқа бөліну)

Топ ережесін еске түсіру.


Т. «Ойлан,жұптас, бөліс» әр топқа сөздер беріледі.

Ойланып, өз ойларын айтып, жазып әр топ ортаға салады.

1-топ. Сәндік қолданбалы өнер. Сәндеу.

2-топ. Қазақ халқының қолөнері.

3-топ. Ою-өрнектер.

4-топ. Папье -маше

Дескриптор:

1.Сәндік қолданбалы өнер туындылары туралы біледі.

2. Сәндеу мақсатын түсінеді.

3. Ою-өрнек топтарын ажырата алады.

4. Папье-машені жасауда жұмыс ретін біледі және жасайды.

Кері байланыс: «Қаламсап ортада»

Сергіту сәті: «Адасқан әріптер» (Әр топқа әріптер беріледі, әріптерден сөз құрастырады. Сөзден сөйлем құрастырады. Папье-машеден әшекейлі тәрелке жасаймыз )

1-топ. «аПьеп- шемаден

2-топ. шелікейә

3-топ. кетеләр

4-топ. зымайжас»





Жасыл, қызыл сары, көк түсті ыдыс қоюға арналған бұйым






Постер,маркер,

түрлі-түсті қарындаштар









Ортасы

Жаңа сабақ.

Тыңдалым.



























Айтылым








Оқылым





































Жазылым.


Білу және түсіну

Дыбысжазба тыңдату.

«Папье-маше өнерінің шығу тарихы»

Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағына білдіреді.

Аты французша болғанымен, папье- машенің отаны қағаз алғаш пайда болған Қытай елі . Қазба жұмыстары кезінде Қытай жерінен табылған алғашқы папье- маше батырдың сауыты мен дулығасы еді. Қаттылық пен мықтылық беру үшін лакпен қабаттап жағып отырған екен. Табылған бұйымдар Хань династиясына жатады (б.э. д. 202-220жж).

Папье- маше технологиясы бойынша жасалған сол кездегі соғыс құралдары әрі жеңіл, әрі мықты, қозғалуға ыңғайлы, садақ оғы өтпейтін, қылыш жүзін тайдырып жіберетін қасиетке ие болған. Папье- маше Қытайдан Жапония мен Парсыларға келген. Жапонияда бұл өнер- харико деп аталады. Ол елдерде осы техникамен мерекеге арналған маскалар мен басқа бұйымдар жасала бастады. Ары қарай бүкіл елге таралды. Бәрінен де Еуропа елніде көп қолданысқа ие болды. 17 ғасырдың ортасында Франция өндірісінде осы техникамен қуыршақтар жасап шығарылды. 1960 ж. Ағылшындар бұл өнерді жалғастырды. Папье- маше Ресейге 1960 ж. Петр І әкелді.

« Серпілген сауалдар» әдісі.

  • Папье-маше өнері алғаш қай елде пайда болды?

  • Папье-маше өнерінің өзектілігі неде?

  • Папье-машеден қандай заттар жасауға болады?

  • Өнер бізге не үшін қажет?

Қолдану. Талдау


Қауіпсіздік техникасын еске түсіру.

  • қайшымен жұмыс жасау кезінде

1.1. Жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса.

1.2. Қайшы басы жасық, әрі дөңгелектенген

болуы шарт.

1.3. Қайшыны ашық тастама.

1.4. Сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын.

1.5. Қайшымен ойнама, бетіңе тигізбе.

1.6. Қайшыны керек уақытында пайдалан.


  • желіммен жұмыс жасау кезінде –

2.1. Желіммен жұмыс жасаған уақытыңда қажет

жағдайда қылқаламды пайдалан.

2.2. Желімді керек мөлшерде ғана ал.

2.3. Артық желімді жұмсақ матамен алып таста.

2.4. Жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап

сабынмен жу.


  • ермексазбен жұмыс жасау кезінде –

3.1. Емексазбен жұмыс жасау үшін арнайы

тақтайшаны пайдалан.

3.2. Жұмысты орындауға қажетті түсті таңда.

3.3. Арнайы пышақшаның көмегімен қажетті

ермексазды кесіп ал.

3.4. Жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен

жылытып ал.

3.5. Ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін сабынмен жу.


Әртүрлі материалдармен жұмыс кезінде –

4.1. Ұсақ заттарды арнайы ыдысқа сал, шашпа.

4.2. Ұсақ заттарды аузыңа, мұрныңа, құлағыңа салма, олармен ойнама.

4.3. Материалдарды ұқыпты пайдалан.



«Папье-машеден әшекейлі тәрелке жасаймыз»

О.Т.Әр топ берілген материалдарды пайдаланып тәрелкені безендіреді.

1-топ. Гуащ бояуы

2-топ. Аппликация

3-топ. Ермексаз.

4-топ. Әртүрлі материалдармен (дақылдар, түймелер) жұмыс

(Бұл тапсырма бейнелеу өнер дағдыларын және білімді қолдана білу қабілетін дамытады.)

Әсем әуен орындалып тұрады.

Дескриптор:

1. Тәрелкеге өрнек салады, безендіреді.

2. Өрнектерді дұрыс орналастырады.

3. Түстерді дұрыс таңдайды.

4. Материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) үнемді жұмсайды және құралдарды қолданып, жұмысты ұқыпты орындайды.

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек»

(Бұл жерде оқушылар бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын өзара бағалайды)




АКТ (презентация,

дыбысжазба)





























































Көркемдеуші құралдар: гуащ, түсті қаламдар, қылқаламдар, су құятын ыдыс, ермексаз, тақтайша, түсті қағаз, желім ПВА,түймелер, дақылдар, т,б.


Соңы

Сабақты қорыту.







Үйге тапсырма беру.


Кері байланыс «Білім қоржыны»

Рисунок 1



Өткен тақырыптарды қайталау 80-89 бет




Сабақ бойынша алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.




Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Папье-маше туралы өз ойын тұжырымдайды.

Папье-маше өнерінің өзектілігін түсінеді.

  • Өнер бізге не үшін қажет?

  • Папье-маше технологиясымен қандай бұйымдар жасауға болады?


«Қалам ортада»,

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» ,

«Серпілген сауалдар»,

«Ойлан, жұптас, бөліс»,

«Сәйкестендір»

Дұрыс отыру. Топтық ережені дұрыс орындау

Қаламсапты дұрыс ұстау, қаламның үшкір тұстарын абайлап қолдану. Қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсінеді, материалдар мен құралдарды ұқыпты пайдаланады.

Қайшымен байқап жұмыс

жасау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
3397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі