400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Параллель токтардың өзара әсері. Ампер күші

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №


Параллель токтардың өзара әсері. Ампер күші

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог _______________дайындады.


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі: аралас

Өткізу формасы: білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

2. Мақсаты:

- Магнит өрісін сипаттайды шамаларды және формулаларын қолданып есептер шығару.

Міндеттері:

-Параллель токтардың өзара әсерлесуін сыйпаттайды.

-Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызбасын салады.

-Оң қол ережесін пайдаланып магнит индукциясының бағытын анықтайды.

3. Күтілетін нәтижелер

-Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжайды, салыстыра алады.

-Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызба арқылы көрсетіп, қолданысын бағалай алады.

-Сол қол ережесін пайдаланып, Ампер күшінің бағытын анықтай біледі.


4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар.


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі (3 мин)

-амандасу.

-аудитория дайындығын тексеру.

-студенттерді түгендеу.


2. Білімді бақылау 4 мин


Үлестірілген Иә/жоқ парақшаларын көтереді.


1. Параллель токтардың өзара әсерін ашқан ғалым А.Ампер. иә

2. Электр өрісі – магниттік әсерлерді тасымалдайтын материя түрі. Жоқ (магнитттік өріс)

3. ХБ жүйесінде магнит өрісінің индукциясы ағылшын физигі Н.Тесланің құрметіне алынған. Жоқ (Сербия физигі)

4. Магнит өрісінің күш сызықтары – ешжерден үзілмейтін тұйық сызықтар.иә

5. Тогы бар өткізгіштің магниттік әсерлерді жеткізетін ерекше орта бар екенін зерттеген Эрстед. Иә

Бағалау критерийі: Электр және магнит өрісі туралы білімдерін еске түсіреді.


3. Жаңасын баяндау әдісі 8 мин

Шексіз ұзын өткізгіштегі ағын тығыздығы тоққа тура пропорционал және  өткізгішке дейінгі ара қашықтыққа кері пропорционалды. Күштік сызықтың бағыты бұранда заңымен анықталады және ағын тығыздығы мына формуламен анықталады. 

Жұптық жұмыс . 10 мин

Адамгершілік құндылықтар→Өзара құрмет: Адамдардың бір-біріне деген құрметі, өз пікірлерін тыңдай білу және өзара түсіністік орнату.


1. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен))

2. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)

3. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)

4. Ампер күшінің әсер ету бағытын көрсетіңдер (солға, оңға, жоғары, төмен)

Бағалау критерийі:

-Сол қол ережесін қолданып Ампер күшінің бағытын анықтай алады.

Жеке жұмыс. Есептер шығару. Тыңдалым арқылы беріледі. 15 мин

1. Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткзгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

2. Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы

4. Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші?

5. Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы?

Бағалау критерийі:


4. Материалды бекіту. 5 мин

Wordwall платформасы арқылы тапсырмаларды орындайды.

https://wordwall.net/resource/63493989



5. Сабақтың қорытындысын шығару Бағалау парағы бойынша 3-мин

Рефлексия

1. Сабақта сені ойландырған....

2. Сені қандай материал таңғалдырды?

3. Өзің үшін сабақта жаңа не білдің?

4. Қанда ақпарат болашақта саған қажет болуы мүмкін?

7. Үй тапсырмасы. 2 мин

-Оң қол және сол қол ережесін қолданып, параллель токтардың бағыты ьірдей болса тартылатынын, қарама – қарсы болса тебілетінін дәлелдеп, сызбасын салу.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.02.2025
108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12