400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

параллель түзулер

Материал туралы қысқаша түсінік
параллель түзулер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Пән: математика

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Параллель түзулер.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға параллель түзулер туралы түсінік беру, параллель түзулерді сыза білуді меңгерту.Оқушылардың абстрактылы ойлау, қабылдау, іздену және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелер және тест тапсырмалары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу.

ІI. Жаңа сабаққа жан-жақты дайындық:

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Тақырыпты меңгеруге дайындық.

III. Жаңа тақырып: Параллель түзулер.

Бір жазықтықта жататын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болғанда, онда олар қиылысатыны белгілі.

Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулерде кездеседі. Мысалы: түзу жолдың бойындағы автомашина доңғалақтарының іздері, түзу жолдағы темір жолдың рельстері ж.т.б. бір жазықтықтағы екі түзудің ортақ нүктелері болмаса, олар қиылыспайды.

Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады.

«Параллель» сөзі гректің «параллплос»- қазақша «қатар жүруші» деген сөзінен алынған.


Shape1 a k A B


b l C D

Shape4

суреттегі a түзуі мен b түзуі – параллель түзулер. Белгіленуі: a || b немесе b || a. AB||CD, себебі k || l.

Мысалы, квадраттың, тік төртбұрыштың қарама-қарсы жатқан қабырғалары параллель кесінділер.

Параллель түзулерді салу үшін үшбұрышты сызғыш пен сызғыш пайдаланылады.

Параллель a және b түзулерін жүргізу үшін:

  1. Үшбұрышты сызғыштың бір жағын сызғышқа тіреп, оның екінші жағымен a түзуін жүргіземіз.

  2. Сызғыштың бойымен үшбұрышты сызғышты жылжытып (қалаған бағытта), екінші b түзуін жүргіземіз.

Алынған a және b түзулері параллель болады: a || b немесе b || a.

Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана

параллель түзу жүргізуге болады.

Егер жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.

VІ. Тақырыпты пысықтау. Оқулықпен жұмыс.

№1103. 135-суреттегі фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне параллель (ауызша)?

Деңгейлік тапсырмалар:

А

№1104.

а түзуін сызыңдар.

  1. а түзуінде жатпайтын Е нүктесін 136-суреттегідей етіп таңдап алыңдар;

  2. Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңдер.

№1105.

S түзуін сызыңдар.

S түзуінде жатпайтын А және В нүктелерін 137-суреттегідей етіп таңдап алыңдар.

А нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр k түзуін сызыңдар.

В нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр l түзуін сызыңдар.

k және l түзулері өзара параллель бола ма?

В

№1110.

Дәптерге АВС үшбұрышын салыңдар. Оның АВ қабырғасының бойынан Е және К нүктелерін белгілеңдер. Е нүктесінен, К нүктесінен АС қабырғасына параллель ЕN, KL түзулерін жүргізіңдер. Неше үшбұрыш пайда болды? Үшбұрыштарды жазыңдар.

№11101.

m және n түзулері параллель. Е нүктесі m түзуінен 1 см қашықтықта болса, n түзуінен 3 см қашықтықта. m және n параллель түзулері бір-бірінен неше сантиметр қашықтықта? Сызып көрсетіңдер. Есептің неше шешімі бар?

С

№1119.

k және l параллель түзулер. s қиюшы түзу,

тың градустық өлшемдерін табыңдар.

Сергіту сәті: Логикалық есептер.

VІІ. Сабақты қорыту:

  1. Не үйрендік? Не білдік?

ә) Сұрақ-жауап.

  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  2. Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

  3. Бір түзуге перпендикуляр екі түзу өзара қиылысама?

в) Тест сұрақтары:

  1. a || b

  1. параллель

  2. перпендикуляр

  3. қиылысатын түзу

  1. a b

  1. параллель

  2. қиылысатын түзу

  3. перпендикуляр

  1. a ______________

  1. Жазықтық

  2. Нүкте

  3. а түзуі

  1. а ______________

b______________

  1. a және b түзулері параллель

  2. a және b түзулері перпендикуляр

  3. кесінділер

VІІІ. Үйге тапсырма: №1103, №1112, №1117.

Оқушылардың білімін бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
1104
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі