400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Параллелограмм

Материал туралы қысқаша түсінік
Блумға салынған, 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Параллелограмм және оның қасиеттері


Мақсат:



Жаңа білім

Параллелограммның қабырғаларының ішіндегі қайсысын табан деп атауға болытындығын анықтайды. Параллелограммның ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең екендігін біледі. Төртбұрыштың іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы мен параллелограммның арасындағы сәйкестігін табады. Параллелограммның қабырғаларының тең болып, болмауын тұжырымдайды. Параллелограммның диагональдарын қолдану арқылы, параллелограммның ішінде неше өзара тең үшбұрыштар бар екендігін анықтайды.


Жаңа түсінік

Параллелограммның бір бұрышын қолдана отырып, қалған бұрыштары жайлы қорытынды шығарады. Параллелограммның қарсы бұрыштарының қосындысын қолдана отырып, қалған бұрыштары жайлы қорытынды шығарады.



Қолданым әрекеті

Параллелограммның ішкі бұрыштарының қосындысы туралы теореманы қолданады. Сол арқылы екі сүйір бұрыш берілсе, осы екі сүйір бұрыш бір параллелограмның бұрыштары болған немесе болмаған жағдайларға мысалдар құрастырады. Параллелограммның бұрыштары арасындағы байланысын анықтайды.


Талдау әрекеті

Берілген үш нүкте бойынша неше параллелограмм жасауға болатындығына мысалдар іздеп, оларды арасындағы тек өзгешелерін іріктейді.


Шығармашы-лық әрекет

Берілген теоремаға кері теорема жазады.



Бағамдау әрекеті

Параллелограммның биіктігінің, табанының түсіндірмесін береді. Параллелограммның қасиеттерін түйіндейді.


Сабақ құрылымы:



І. Ақпарат алмасу (8 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).


Сабақ типі: Жеке, жұптық, топтық


Оқыту әдісі: Проблемалық


Формасы: Интербелсенді


Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.


Үй тапсырмасы:

САБАҚ БЛОКТАРЫ




і. аҚПАРАТ алмасу


Тақырып жоспары:

1. Параллелограмм анықтамасы

2. Параллелограмм биіктігі

3. Параллелограммның қасиеттері

4. Параллелограммның қарама-қарсы қабырғалары туралы теорема

Слайдтар:

1 – слайд (титул)


2 – слайд Сабақтың мақсаты


3 – слайд Тақырып жоспары


4 – слайд Параллелограммның анықтамасы

  1. Қ

    AB мен DC қабырғалары,
    AD мен BC қабырғалары
    бір-біріне параллель.


    арама - қарсы қабырғалары қос - қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады


5 – слайд Параллелограммның биіктігі

  1. Параллелограммның бір төбесінен қарсы жатқан қабырғасына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады.

Shape1


6 – слайд Параллелограммның биіктігі

  1. Параллелограммның қабырғасына биіктік түсірілсе, сол биіктік түсірілген қабырға табан деп аталады Shape2

7 – слайд Қарама-қарсы қабырғалар жайлы теорема

2 - теорема. Параллелограммның қарама - қарсы қабырғалары тең

Shape3


8 – слайд Қарсы жатқан бұрыштары тең

Параллелограммның қарсы жатқан бұрыштары тең. Қарсы қабырғаларының параллель екендігін қолданып дәлелдейік

Shape4



9 – слайд Диагоналдарының қиылысқан нүктесінің қасиеті

  1. Параллелограммның диагональдары қиылысу нүктесінде тең екі бөлікке бөлінеді.


10 – слайд Диагоналдарының қиылысқан нүктесінің қасиеті

М

Теорема бойынша: АС = 2*ОС, BD = 2*BO

Осыдан, AC = 2*6 = 12см BD =2 *4 = 8см


ысал: AC = ? BD = ? Берілгені: ВО = 6см, ОС = 4см



11 – слайд Іргелес жатқан бұрыштарының қасиеті

  1. Параллелограммның бір қабырғасына іргелес бұрыштарының қосындысы 180o - қа тең.

Shape5


12 – слайд Іргелес жатқан бұрыштарының қасиеті

Мысал: α = ? Shape6



іі. алғашқы бекіту


Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Параллелограммның бір қасиетін атаңыз

Параллелограммның неше биіктігі бар

Параллелограмм жайында бір теореманы жаз




Қорытынды:___________________________________________________________



ііі. құзырлылық қалыптастыру


Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Параллелограммның кез-келген қабырғасын табан деп атай аламыз ба?

2. Параллелограммның ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?

3. Параллелограммның бір бұрышы 60o-қа тең, қалған бұрыштарын атаңыз?

4. Егер төртбұрыштың іргелес жатқан бұрыштарының қосындысы 181o-қа тең болса, онда ол параллелограмм бола алады ма?

5. Параллелограммның қарсы жатқан бұрыштарының қосындысы 120o-қа тең, қалған бұрыштарын тап.

6. Параллелограммның барлық қабырғалары тең болуы мүмкін бе?

7. Параллелограммның диагональдарын қолдану арқылы, параллелограмың ішінде неше өзара тең үшбұрыштар бар?


ІІ деңгей тапсырмалары


8. Параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 50°-қа үлкен болса, оның бұрыштары неге тең?

9. Параллелограммның бір қабырғасы 4 дм, екіншісі одан 3 есе артық. Параллелограмның периметрін табыңыз


ІІІ деңгей тапсырмалары


10. ABCD параллелограммның периметрі 10 см-ге тең. ABD үшбұрышының периметрі 8 см-ге тең екені белгілі. BD диагоналінің ұзындығын табыңдар.



іV. шығармашылық әрекет





Топтық жұмыс.

Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.



1

Picture 347

Берілгені: ABCD параллелограмм BPAD, BKDC

Д/к: <PBK=<BCD



2.

Picture 382


Берілгені: EFKY- параллелограмм

FP EK, YH EK

Д/к: EP=KH



V. бағамдау-бағалау



 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1270
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі