Тақырып бойынша 11 материал табылды

Параллелограмм, оның белгілері мен қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп:

Күні: 20.09.18 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Параллелограмм және оның қасиеттері мен белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.3параллелограмм анықтамасын білу;

8.1.1.4параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану;

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • параллеограммның анықтамасын білетін болады;

  • практикалық жұмыстардың нәтижелерін салыстырып, талдай отырып параллеограммның қасиеттерін қорытып шығарады;

  • параллеограммның қасиеттерін дәлелдейді;

  • параллеограммның қасиеттерін қолдана отырып есептер шығарады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • параллеограммның анықтамасын, белгілерін және қасиеттерін;

  • ромбтың анықтамасын;

істей алады:

  • үшбұрыш теңдігінің белгілерін дәлелдеуде қолдана алады;

  • параллелограммның белгілері мен қаситеттеріндәлелдей алады;

  • параллелограммның белгілері мен қаситеттерін есеп шығаруда қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;

  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;

  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • параллельдік, қабырғалардың теңдігі;

  • төртбұрыш, параллелограмм;

  • қарама-қарсы, іргелес қабырғалар;

  • қарама-қарсы, іргелес бұрыштар;

  • диагональдар.

Диалогқа және жазуға қажетті кейбір пайдалы тіркестер:

  • Егер..., онда ...

  • Параллеограммның анықтамасы, параллеограммның белгілері.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды.

Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері, параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың қасиеттері

Сабақбарысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


0 – 15 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Оқушыларға «Қосымша 1» үлестірмесіндегі тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз.

3 тапсырманы. Келесі тұжырымды атаңыз: «Параллелограммның қарама-қарсы қабырғалары тең».

Жауаптыңтаңдаңыз:

  1. Аксиома

  2. Параллеограммның анықтамасы

  3. Параллеограммның белгісі

  4. Параллеограммның қасиеті

3 тапсырманы жоққа шығару әдісі арқылы жауаптардың D) нұсқасыдұрыс екеніне көз жеткіземіз.

Оқушылармен бірлесе отырып сабақ тақырыбын, мақсатын және дамудың жақын аймағын айқындау.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы


16 - 27 мин


Параллеограммның қасиеттері туралы теоремалады қорытыу және дәлелдеу.

Өткен сабақта өлшеулер жүргізу арқылы қорытындылар жасалған және солардың негізінде кесте толтырылған болатын.

Кестені пайдаланып параллелограмның қасиетін құрастырып шығуға тапсырма беріңіз.

Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, қиындықтар болған жағдайды көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың ойлануына және жұмысты саналы түрде орындауына жағдай жасайды.

Оқушылар параллелограммның қасиетін құрастырады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды, қажетінше түзетеді. Осы тұжырымдардың параллелограммның белгілері екенін айтады. Бірінші белгі мұғаліммен бірге сыныпта дәлелденеді. Дәлелдеудің үлгісін барлық оқушыларға тапсырмамен бірге үлестіреді.






Қосымша 2


Сабақтың ортасы

28 - 35 мин

Жұппен жұмыс. Өзара оқыту.

Параллеограммның белгілері мен қасиеттерін практикалық түрде қолдану.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды, бірақ түсінбеген сұрақтарын сыныптасымен жұпта талқылауына болады. Тіпті қиындық тудырса, тапсырманы барлық оқушылармен талқылап орындауына болады. Жауаптарын кілт бойынша өзін-өзі тексереді.

Бірін бірі бағалу: оқушылар сыныптастарының теориялық материалды және теоремалардың дәлелдеуін қаншалықты жеткізе алғандығын өздері бағалайды.

Қосымша 3

Сабақтың ортасы

36 - 37 мин

Ұжымдық жұмыс.

Оқушылар:
1) 3 есептің жауабын айтады.
2) Параллелограммның түрлерін қарастырады.

3) Барлыққ абырғалары тең параллеограммға анықтама береді.

Анықтама. Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.


Сабақтың соңы


38 - 40 мин

Әңгімелесу. Рефлексия.

Мен не білемін... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы.

Анықтамаларды, теоремаларды және олардың дәлелдеулерін білу


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі топтарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін-бірі бағалайды.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
1543
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12