Тақырып бойынша 11 материал табылды

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмекші құрал ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу.

Мектеп:202

Күні:

Мұғалімнің аты-жөн

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Параллелограмм, ромб, тіктөртбұрыш, шаршы және олардың қасиеттері мен белгілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану

Сабақтың мақсаты

1. Параллелограмм белгілерін тұжырымдау

2. Параллелограмм белгілері мен қасиеттерін салыстыру.

3. Параллелограмм белгілерін есеп шығаруда қолдану .

Бағалау критерийі

  • параллелограмм белгілерін тұжырымдайды;

  • параллелограмм қасиеттері мен белгілерін салыстырады;

  • параллелограмм белгілерін ескере отырып, есептер шығарады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың пәндік және тілдік мақсаты:  Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель болатын төртбұрыш ... деп атайды. Параллелограмм және оның қасиеттерімен танысады, дәлелдемелерді айталады. Параллелограмның қарама-қарсы қабырғаларының параллель екенін біледі.

Лексика мен сөз тіркестері: «Параллель түзулер», «үшбұрыштар теңдігінің белгілері», «кері теорема түсінігі», «төртбұрыш», «перпендикуляр», «периметр», «диагональ айқыш бұрыш», «вертикаль».

Диалогқа қажетті тіркестер:

Міндетті шешу үшін біз пайдаландық.

Деректерді бейнелі көрсету үшін қолдануға болады.

Егер төртбұрыштың ... болса, параллелограмм болады.

Құндылықтарға баулу



Мәңгілік ел жалпыұлттық идеологиясына негізделіп шығармашылық сын тұрғысынан ойлайтын, дені сау, еңбекке қабілетті тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Есеп шығаруда, топқа бөлуде математикамен, суреттерді көркем еңбек, сызу, өмірмен байланыстыру.

Алдыңғы білім


Тіктөртбұрыш, шаршы, периметр, параллелограмм, параллелограмның қасиеттері.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин)

Ыстық лебіз” оқушыларды бір-біріне жылы лебіз білдіріп, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

«Түрлі-түсті таяқшалар» Таяқша таңдату арқылы топқа бөлу.


«Құпия зат» (Параллелограмм туралы жалпы сипаттама). Параллелограмм анықтамасы мен қасиеттерін айта отырып, өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

түрлі-түсті таяқшалар



«Құпия зат» слайды







Сабақтың ортасы

(20 мин)

«ЖАДА» әдісі. Параллелограмның қасиеттерінің әрқайсысына кері сөйлемді өз беттерінше құрастырып, нәтижесінде параллелограмм белгілері деп аталатын теорема алады. Сұраққа топпен отырып жауап іздейді, талқылайды, жаңа тақырыпты бір-біріне түсіндіреді, дәлелдейді.

1 белгі: (1 топ)

Қарама–қарсы қабырғалары тең және қарама –қарсы бұрыштары тең болса, онда ол параллелограмм болады.

2 белгі: (2 топ)

Төртбұрыштың диогоналдары қиылысып, қиылысу нүктесінде қақ бөлінсе, онда бұл төртбұрыш параллелограмм.

3 белгі (3 топ)

Төртбұрыштың екі қабырғасы тең және параллель болса, онда бұл төртбұрыш параллелограмм болады.


1-тапсырма (Т) «Егер ... онда ...» белсенді әдісі арқылы төртбұрыш түрлерін анықтамаларымен сәйкестіндіріп, алдыңғы тақырыппен байланыстыра отырып, алған білімдерін тереңдету.

Дескриптор:

  • параллелограмм белгілерін біледі;

  • параллелограмм белгілерін сәйкестендіреді;

  • параллелограмм белгілерін тұжырымдайды

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

2-тапсырма (Т) «Эйлер-Венн» әдісі. Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз. Параллелограмм белгілері мен қасиеттерін салыстыра отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Shape2 Shape1









Дескриптор:

  • параллелограмм қасиеттерін анықтайды;

  • параллелограмм белгілерін анықтайды;

  • параллелограмм қасиеттері мен белгілерін салыстырады;

  • параллелограммның ортақ сипаттамаларын жазады.

ҚБ: Басбармақпен өзара бағалау.


3-тапсырма (Ж) «Дизайн» әдісі арқылы орындалады шебер айшықты гүл құрақ құрамақшы болып 6 параллелограмм тәріздес бейнелер қиып алды, құрау барысында бір нүктеде түйсетін параллелограммның сүйір, толық бұрыштары қандай болуы керек?, 6 параллелограмм тәріздес бейнелердің тең екендігін дәлелдеу.

B


Shape3 А x C


D

Shape4 y






Дескриптор:

  • төртбұрыш түрін анықтайды;

  • төртбұрыштың қасиеттерімен байланыстыра отырып, белгілерін дәлелдейді;

  • сүйір бұрышын табады;

  • толық бұрышын табады.

ҚБ: «ТӨДК» әдісі арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды. Толықтырады, өзгертеді, дамытады, күрделендіреді.

үлестірме материал














түрлі түсті

кеспе қағаздар



















«Вен диаграммасы» слайды



















үлестірме материал, сурет














Сабақтың соңы

(13 мин)

«Дамыту картасы» арқылы кері байланыс жасай отырып сабақты қорытындылаймын.

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?





Рефлекия: « Бес саусақ» әдісі. Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызады. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойын білдіре отырып, жан-жақты қарастырады.

  • 1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

  • 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

  • 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

  • 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

  • 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

үлестірме карточка

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





«Қарқын»

Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

«Жіктеу»

Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құрады. (Талаптары әртүрлі оқушылар)

Қорытынды

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.

Бағалау кезінде қалыптастырушы бағалаудың мүмкіндіктерін пайдаланамын.Мен сабағымда

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Басбармақпен өзара бағалау.

«ТӨДК» әдісі арқылы оқушылар бірін бірі бағалайды. Толықтырады, өзгертеді, дамытады, күрделендіреді.


Сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жұмыс атқарады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
736
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12