400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Параллелограмның ауданы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: геометрия

Мектеп: :Жалғызағаш орта мектебі»МКМ

Күні: 22.02.2019ж.

Оқытушының аты-жөні: Самархан А.

СЫНЫП: 8 сынып

Қатысушылар саны: 9

Қатыспағандар:

Тақырыбы:

Параллелограмның ауданы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Параллелограмның ауданының табудың формуласын білуЕесеп шығаруда формуланы қолдана білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Параллелограмның ауданын табуда берілген теореманы және xOy тікбұрышты координаталар жүйесін пайдаланады.

Оқушылардың басым бөлігі: Параллелограмның бүйір қабырғасына түсірілген биіктікті қолданып, параллелограмның ауданын табуға болатынын талдайды.

Кейбір оқушылар: Параллелограмның ауданын есептейді. Параллелограмның ауданын табудың теоремаларының арасындағы байланысын анықтайды.

Бағалау критерилері

Параллелограмның ауданын табу формуласын біледі.

Есептер шығаруда формуланы қолданады.

Тілдік мақсат

Параллелограмның қасиеттерін және ауданын сипаттайтын терминдер мен негізгі сөздерді ауызша/жазбаша қолдана алады.

  • Төртбұрыш-четырехугольник-quadrangle, параллелограмм- parallelogram, трапеция - trapezoid, ромб - rhombus , квадрат - square, тіктөртбұрыш – прямоугольник - rectangle, аудан – площадь - area, биіктік – высота - height.


Негізгі сөздер мен тіркестер:

Параллель түзулер,қарама-қарсы бұрыштар,диоганаль. Іргелес бұрыштар,биіктік, Aудан, тіктөртбұрыш, параллелограмм, параллелограмның қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагоналі; тең құрамдас фигуралар.


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Параллелограмның ауданын табудың бірінші теоремасы

2. Тең құрамдас фигуралар

3. Параллелограмның ауданын табудың екінші теоремасы


Жазылым бойынша:

Тақырыпқа байланысты есептер

Осыған дейінгі меңгерген білім

Аудан ұғымы,тіктөртбұрыштың ауданы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар


Басталуы

0-3 минут


4 -7минут









8-14минут



Оқушылармен сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.


Шын-жалған статегиясы арқылы үй жұмысын тексеру.


Стикерлерде көрсетілген фигуралар бойынша екі топқа бөлінеді.

І топ Төртбұрыштар

ІІтоп Параллелогр

«Миға шабуыл» : + (иә) және  – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек.


параллелограмм

ромб

тіктөртбұрыш

квадрат

1. Қарама-қарсы қабырғалары тең және параллель





2.Барлық қабырғалары тең






3.Қарсы жатқан бұрыштары тең, іргелес бұрыштарының қосындысы 180°





4. Барлық бұрыштары тік






5. Диагоналдары қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді





6. Диагоналдары тең






7. Диагоналдары өзара перпенди

куляр және бұрыштарының биссектрисасы болып табылады .











Ортасы

15- 25 минут






































































25-30минут














31-35 минут








Аяқталуы


36-40 минут










Постермен топтық жұмыс.

«Джигсо» әдісі

Параллелограмның ауданын табу теоремасы

1 – теорема. Параллелограмның ауданы оның табаны мен биіктігінің көбейтіндісіне тең.

SABCD = ah




Параллелограмның ауданын табу теоремасы

Дәлелі: ABCD параллелограмы берілсін. Енді, параллелограмның табанына биіктік жүргізейік. Осыдан, SABCD = ah екенін дәлелдейік.

Бірінші, С төбесінен табанына биіктік жүргізейік.

Сонда, EBCF тіктөртбұрыш және оның ауданы SEBCF = ah

AB = CD және BE = CF, ABE мен DCF үшбұрыштары тікбұрышты. Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік қасиеті бойынша бұл екі үшбұрыш тең.

Т ең фигуралардың аудандары да тең, яғни бұл фигуралардың аудандары тең.


Параллелограмның ауданын табу теоремасы

Дәлелі:

SABE = SDCF

Ал, біз білеміз:

SBEFC = SBEDC – SDCF

SBADC = SBEDC - SABE

S ABE = SDCF болғандықтан: SBEFC = SBEDC – SDCF = SBEDC - SABE = SBADC Яғни, SBADC = SBEFC = ah SBADC= ah


Параллелограмның ауданын табу теоремасы

Мысал: а = 5см , h = 3см. SABCD = ?SABCD = ah

SABCD = 5*3 = 15 SABCD = 15 см2


Тең құрамдас фигуралар

  • Сандары бірдей тең фигуралардан құралған екі фигураны тең құрамдас деп атаймыз

МЫСАЛЫ: ABCD және EBCF тең құрамдас фигуралар

Параллелограмның ауданын табу теоремасы

2 – теорема. Параллелограмның ауданы оның екі сыбайлас қабырғаларының және сүйір бұрышының (негізі кез – келген бұрышының) синусының көбейтіндісіне тең

SABCD = absinβ


Параллелограмның ауданын табу теоремасы

Мысал: a = 5см, b = 8см, β = 30o. SABCD = ?

SABCD = absinβ

SABCD = 5*8*sin30o = 20

SABCD = 20 см2


Әр топ тапсырманы бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды.

Жеке жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. 1. ABCD параллелограмының табаны а = 5см , оған түсірілген биіктігі h = 3см. SABCD =?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. 1. ABCD параллелограмының табаны а = 5см , бүйір қабырғасы b = 3см. β = 30oSABCD = ?

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. 1. Параллелограмның төбелері xOy тікбұрышты координаталар жүйесінде O(0;0), A(4;0), B(6;5), C(2;5) нүктелерімен берілген. Оның ауданын табыңдар.

  2. Смалйліктер арқылы бағалау


Оқулықпен жұптық жұмыс


84-бет № 3.20

«Бағдаршам».Әрбір топқа үш түрлі бағдаршам түсті карточкалар бар (бәрі түсінікті – жасыл, сұрақтар бар – сары, түсініксіз –қызыл).



Рефлексия.

« Табыс ағашы »әдісі арқылы,оқушылар

пікірлері мен ұсыныстарын алма түстеріне жазады ,іледі.



Үй жұмысы :84-бет № 3.27 есеп




























































Үлестірмелі қағаздар


Shape1

Shape2


Shape3











Қосымша ақпарат

Саралау – Көбірек қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз?

Анағұрлым қабілетті

оқушыларға

жаттығуларды

күрделендіруді қалай

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКT байланыстары

Құндылықтардағы

байланыс


Сабақта оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда жоспарлаған әдіс-тәсілдерді тиімсіз жақтарын қайта жоспарлап, бағалау арқылы әр-бір оқушының қабылдау деңгейіне қарай өзгерістер енгіземін.

Жетістік критерийлеріне сәйкес тапсырманы орындатып мақсатқа жету үшін не сәтті, не сәтсіз болды бағалау арқылы немесе оқушылардың кабылдау деңгейіне қарай бағалаймын.

-«басбармақ» әдісін қолданамын



Алгебра, сызу сабақтарымен байланысы,сызғыш , қарындаш қолдануда қауыпсіздікке көңіл бөлуді ескертемін.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары сəтті болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

Өз сабағыңыз туралы рефлексияны төмендегі бос орынға

жазыңыз. Сол жақтағы бағанада келтірілген сұрақтардың

арасынан Сіздің сабағыңызға сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ соңында бағандағы сұрақтарға жауап жазыңыз

Қорытынды бағамдау Сабақ соңында бағандағы сұрақтарға жауап жазыңыз

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.



«Тексерілді»…………….Зангинова Д.К.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
2206
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі