Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Парасаттылық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
-
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Ильясова Э.С
Күні:
16.01.24ж
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Тәрбие тақырыбы
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында: «Парасаттылық туралы»
Мақсаттары
Оқушыларға адалдық, парасаттылық, шындық туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың барысы:
-
Сабақтың кезені
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Басы
Ұйымдастыру
Кіріспе. Бүгін біз әдептілік, адалдық, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Олай болса АДАМ! Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді. Шығыстың ұлы ғалымы әл - Фараби: Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін деген екен.
слайд
суреттер
Ортасы
Сұрақтар:
Бүгінгі адамгершілікті, адалдықты сендер қалай түсінесіңдер, әдеп - нормаларын білесіңдерме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз.
Балалар, сіздер дос болу, адалдықтың деген не екенін білесіздер ме?
Әрине, білесіздер, дос болмайтын ешбір адам болмайды, иә?!
Сұрақтар: Адал достық дегенде нені түсінесіңдер? Сендердің де адал достарың бар ма
Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?
«Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы. Адал дос дегеніміз - өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашанда ұятқа қалдырмайтын, барлық уақытта қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп көқмектесетін, қашан да қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас
Ойын ойнаймыз:
Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық.
Сұрақтар: – 1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
4. Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– 6. Әдептілік деген не?
7. Ата - ананның теледидардан қарайтын бағдарламасы сенің қарайтын бағдарламаңмен бір уақытта келіп қалды делік, сен оны үзбей қарайсың. Бірақ өкінішке орай екеуі екі арнадан беріледі. Сен қандай шешімге келер едің?
8. Құрметті досым! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың»- дейді. Мен не істеуім керек?
9.«Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» -Үлкендердің алдынан..... (кесіп өтуге болмайды.) Кішкене баланы............(жылатуға болмайды.) Құстарды..................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.......................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) 10. «Не істеу керек?» - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Сұрақтарға ауызша жауап береді.
Жауабы:
1.Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2. – Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды. – Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім. –
3.Асықпай түсіндіріп беремін. –
4.Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек. –
5.Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
6.Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.
Слайд,
Бейнероликтер, суреттер
Соңы
Шығармашылық жұмыс. Берілген суреттерден коллаж жасау. Яғни суретте не көріп тұрсыздар соған байланысты мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жазу. Ана айты бір өсиет баласына Егерде жол үстінде тікен жатса, Бір жолдың шығарып сап саласына. Кірер деп аяғына біреу басса, Ей, балам шамаң келсе жақсылық, Ерінбей - ақ иіліп қолыңменен Ақпейіл адамзаттың арасына. Сол тікенді көтеріп алып таста. Бұл еңбегің қалмасты басқа, бекер Соны көрген соңғы жас солай етер. Жақсы үлгіні жалпы жұрт дәстүр жасап, Жол тазарып жолаушы жолдан өтер. 4-арал. «Досым саған арнаймын» Достыққа байланысты ақын - жазушыларымыздың өлеңдерін айту. М. Мақатаев
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген — адамның көрігі екен, Достық деген адалдың серігі екен. Достарың көп пе? Апырау неткен жақсы едің? Досым аз менің... Досым - ау менің, тапшы емін? Достарыңменен достастыр мені, асылым, Достастыр мені? Болайын құлың нақ сенің! Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын. Дос болам десен, Мендегі доспен достасқын, Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын. Дос жүрегі шар айна, Сылтауыңа қарай ма, Бүлдіріп алма қалайда, Кір шалдырма жарай ма! Шимайланса шар айна, Жанарды тартар жалтырап, Дос жүрегі – бал бұлақ.
Қорытынды Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы. Адамдық борыш ар үшін, Барша адамзат қамы үшін. Серт берген еңбек етем деп, Алдағы атар таң үшін