400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Парыз – азаматтың арқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Парыз – азаматтың арқауы өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Мектеп №49 жалпы орта мектебі Мерзімі _____

11 Сабақтың тақырыбы: Парыз – азаматтың арқауы

Құндылық:«Дұрыс әрекет»Қасиеттер:азаматтық парыз,парызды абыройлы өтеу.

Мұғалім: Мамаева Мира 11- сынып Оқушылар саны __

Сабақтың мақсаты: «Парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, өзінің азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: - азаматқа тән мінез, оның нар көтермес алып ісі өмірлік парызы туралы білім беру;

  • - оқушының эмоциясына ықпал ету сезімін оятып дамыту, ой толғамын жетілдіру;

  • - азаматтық, оның парызы туралы ұғымдарын нақтылай келе, азаматтық биік саналылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

позитивті музыка

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

2.Үй тапсырмасын тексеру. Ар-ұждан туралы өлең жолдарын жазу.


3.Дәйексөз. «Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар»

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? (дәйексөзді бірнеше рет айтқызу)

Мақал

4.Әңгімелесу(сұхбат)....Азамат дегенді халық қалай түсінеді? Азамат – деп пенденің кәмелеттік жасқа келіп, төлқұжатқа ие болған кезін атайтыны рас, ал іс жүзінде кең мағынадағы Азамат – әке-шешенің ғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйінін шешкен парасатты жанды айтады.

Азамат – деп ата-ана, ел үмітін ақтаған, Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған, достың сырын шашпаған, зұлымдық жолын баспаған, сегіз қырлы бір сырлы арлы жанды айтады.

Азамат – деп ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктегіге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпінді де қарымды талапты жасты айтады.

Азамат – деп қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай мінетін, қас дұшпанның езуін тілетін, жетім-жесірге, шаршап-шалдыққанға, қайғы басып, қамыққанға көмекке келіп, шапағатын аямаған ерен ерді айтады.

Азамат – деп ата-анасына, еліне, халқына адал, туысқанға бауырмал, ізгі жанды айтады.

Азамат – деп қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жолы деп сүйген, Отаны үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзентін айтады.

Азамат – деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр ер адамды айтады.

Азамат – деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мінеп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.

Азамат – деп алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туды құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлын айтады.

Бір сөзбен айтсақ, қазақтың азамат туралы ұғымы – ресми ұғымнан кең. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен ділінде жатыр, әлемдік рухани, гуманистік құндылықтарда оның қайнарлары бар.

М.Қозыбаев



Азаматтық дегенді қалай түсінесің?

«Нағыз азамат» деген атқа ие болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

Қазақта «мәрт» деп қандай адамды айтады?

Азаматқа аңғалдық, ақ көңілділік, қарапайымдылық т.б. қандай қасиет жарасады?

Өмір бойы тек есеппен жүретін адамды азамат деп айта аламыз ба? Неліктен?

Азаматтық парызға нелер жатады деп ойлайсың?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әрбір пенде көзінің тірісінде ақтауға міндетті парыздың түрлері көп дедік: Жаратушы ие алдындағы – пенделік парыз, Отан алдындағы – азаматтық парыз, Ата-ана алдындағы – перзенттік парыз, Ұстаз алдындағы – шәкірттік парыз т.т. Құрметті де орындалуы ауыры ана парызы: ол анасын Меккеге үш рет арқалап көтеріп барып, көтеріп әкелсе ғана орындалады.


6.Топпен өлең оқу. «Біздің жігіттер»

Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа, жарқылдаған алмас па

Дейсің-ау, дейсің сен оны,

Айырып кетсе, жол басқа.

Орны тіпті толмас та.

Тулатар тек ол денені.

Бұл қазақта жігіттер бар қонаққа

Маңдайындағы бір атын

Жайратып салып, жарқылдап күліп тұратын.

Көкірегінен күн сөнбей,

Осы бір шақтан білсең ғой

Тұратын тауып мұратын.

Бұл қазақта жігіттер бар мәрт-батыр,

Жалаңаш батыр көбі оның.

Аударып тастар сен үшін

Алтын бар десең, астында мынау төбенің.

Солардың аппақ ниетімен,

Ақ қарға жаққан отымен

Лапылдап мен де келемін.

Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес

Тұра да алмас шың бұлай.

Қасқайып олар тұрғанда

Биіктер сенің тұлғаң да,

Миллион мәрте, құрбым-ай!

Т.Айбергенов



7.Үй тапсырмасы. «Ана алдындағы парыз» тақырыбына эссе жазу.



8. Соңғы тыныштық сәті:

«Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бар жерде, «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет», «Дұрыс әрекет» бүкіл әлемде.



Пайдаланылған әдебиеттер:

«Өзін-өзі тану» оқулығы 11- сынып «Бөбек» Алматы, 2010






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
2189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі