400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Парыз тәртіптен басталады.7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін өзін тану пәні мұғалімдері үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

13-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ұқыптылық,өзіне - өзі сенімді болу,әдепті болу, отбасындағы,мектептегі парызын орындау .

Пән мұғалімі: Муратова Сауле Кумарбековна

Сыныбы:7

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: оқушыларға отбасы құндылықтары,ата-баба дәстүрі,ұрпақтар парызы екендігі туралы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - отбасындағы,мектептегі парызын орындау туралы білім беру;

Дамытушылық: - өзіне - өзі сенімді болуды баліс-әрекетінде дамыту;

Тәрбиелік: - ұқыптылыққа, әдепті болуға тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу,сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:5 «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті:«Нұрға бөлену».

2.Үй тапсырмасын тексеру.

А) Бәкір Тәжібаевтің сөзіне жазылған «Ауылым әнім»өлеңін жатқа айту..

Ә)«Менің тәртібім, адамгершілікпен өрілген» тақырыбына жазылған эсселерін оқып беру..


3.Дәйексөз

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»

Бауыржан Момышұлы.

  • Бағыну дегенді қалай түсінесің?

  • Сен өзіңді тәртіптімін деп ойлайсың ба?

  • Мектептеріңдегі тәртіп ережесін білесің бе? Айтып берші.

Дәйексөздің мағынасын ашу,оқушылар

өз пікірлерін білдіреді.

4.Әңгімелеу

«Шектен шықпа» Мырзакелді Кемел

  • Адам шектен шықпау үшін оның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

  • Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады? Шектен шықпау деген тәртіптілік пе?

  • Шектен шықпай тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың?

Сұрақ –жауап(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма :Төмендегі ой-тұжырымдарды оқып, өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап, дәлелдеңдер:

  • Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң.

  • Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы.

  • Тәртіп – бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы.

  • Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап.

  • Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал.


2-тапсырма: Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар.

Қорытындылау: ... Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы : «Тәртіпке бағынған құл болмайды», - деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді. Тәртіп әр адамның ішкі мәдениетін, ой-өрісін көрсетеді. Тәртіпті адам ешқашан дауыс көтеріп сөйлемейді. Орынсыз ашуға бой алдырмайды. Тәртібі жақсы адам, адамгершілігіне қылау түсірмей, парыызын абыроймен атқарады.




6.топпен ән айту

Өміріңе немқұрайлы қарама

Тыңда досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да, өтті бек. Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңе тұрсаң- дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Шақша басың айналса да бақыттан.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала, Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа, Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да

Сын сағатта сақтау үшін өз басын, Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. Өміріңе немқұрайлы қарама Айдын көлге айналса да өз жасың.


Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: 55 беттегі 5 тапсырма, сөзжұмбақты шешіп келу.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде,

Дұрыс әрекет,дұрыс әрекет,дұрыс әрекет бүкіл әлемде.

Сабаққа белсене қатысып,сыр

бөліскені үшін алғыс айту.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі