400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Парыз тәртіптен басталады 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы
Мектеп: Қазақ мектеп-гимназиясы Мұғалім: Ескенова А. Т Сынып: 7 Оқушылар саны: Тақырып: Парыз тәртіптен басталады Құндылық: Дұрыс әрекетҚасиеттер:  адалдық, жауапкершілік, тәртіптілік.
Сабақ мақсаты: оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Оқушыларға тәртіп пен парыздың маңызын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру;2. Оқушыларды тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекетке баули отырып, жауапкершілік қасиетін дамыту;3. Оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, тәртіпті, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер).
Сабақ барысы:1.Тыныштық сәтi. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
  • Тыныштық сәтінен алған әсеріңізбен бөлісіңіз?
  • 5 Т ережесін еске салуТәртіпТалапТыныштықТазалықТатулық

    2. Үй тапсырмасын тексеруОтбасы мүшелерімен сұхбат жүргізу.
    Сабақ барысын талдау:
    3. Дәйексөз. Тәртіпке бағынған ел құл болмайды.Бауыржан Момышұлы3.1 Дәйексөзді еске түсіру



  • Әңгімелеу. Нағыз ұстаз. Аңыз 47-49 бет
  • Сұрақтар:
  • Ұстаздың бойынан қандай жауапкершілікті байқадыңдар?
  • Неліктен дәрігерлердің ескертулеріне құлақ тікпеген бала ұстаздың кеңесін үлкен ссеніммен қабылдады?
  • Анасы неліктен ұстазды бірден түсіне алмады?
  • Өзің орындай алмағаныңды неліктен өзгеге орындауға ешқашан кеңес бермеу керек?
  • Адам өз ісі, ойы мен сөзіне жауапкершілік алғанда, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?


  • 5. Шығармашылық жұмыс. 5-тапсырма 49 бетАдам жауапкершілігінен туындайтын жақсы қасиеттерді, игі істерді тауып жазыңдар.

    6-тапсырма 49 бетАңызды оқыңдар. Ондағы ананың іс-әрекетінен қандай жауапкершілікті байқадыңдар? Кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.





    6. Топпен ән айту. Ауылым – әнім Сөзін жазған: Бәкір ТәжібаевӘнін жазған: Ескендір Хасанғалиев

    7. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма 49 бет

    8. Соңғы тыныштық сәтi.–Балалар енді көзімізді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді осы барлық жағымды әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық.Сіздерге көп– көп рақмет!













    Материалды Word форматында жүктеп аласыз
    Тарифке кіреді
    0 ұстаз жүктеп алған
    20 ақпан
    517
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
    "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
    Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Осы тақырыпта
    көрнекілік керек па?
    10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
    Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
    Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі