жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Парыз тәртіптен басталады" 7 сынып
Күні: 05.12.2017
Мектеп: №54 Жом
Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады (13 сабақ)
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Мұғалім: Барлыбаева Г.
Сынып: 7
|
Сабақтың мақсаты: –Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ; Дамытушылығы: –Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі: –оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Психологиялық дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. 49 б. 6 тапсырма орындау. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқиды. Оқушыларды тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын. |
|
|
3.Дәйексөз Тәртіпке бағынған ел құл болмайды. Бауыржан Момышұлы Дәйексөзді қалай түсінесіздер? Жұмыс дәптеріне жазып аламыз. Тәртіп – адамның ең жақсы қасиеті. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деді емес пе. Бірін-бірі сыйлаған, құрметтеген, тәртіп пен парызын адал атқарған ел ешқашан опық жемейді. Тәртіпсіз басталған жұмыс жүйесіз аяқталуы мүмкін. Тәртіп адамның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік береді. |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
|
4.Әңгімелеу. «Шектен шықпа» Аңыз Бұл ежелгі Грекияда болған деседі. Түн ұйқысы төртке бөлініп, елдің ертеңін ойлап, ұрпақ қамын жеген елдің зиялы қауымының өкілдері келіп Грекияның даңқы жайылып, дәуірі жүріп тұрған жеті данышпанына өтініш айтады. Ішінде Анахарсис бар осы жеті данышпанға: «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды. Сол білетіндеріңізді халық түсініп жадында сақтайтындай етіп, бір-екі ауыз сөзге сыйдырып мәңгі өлмес өсиет қалдырсаңыздар», – деп өтініпті. Содан жеті данышпан жеті күн ойланып-толғанып келіп, ақыр соңында ақыл-ойларын былай деп бір ауыз сөзге сыйдырыпты: «Шектен18 шықпа!» Бары осы-ақ! Астарына қарасаң кімді де болса, тәнті етер, таңғаларлық тереңдік! «Шектен шықпа»! Асып - тасып қуанғанда да шектен шықпа, қабырға қайыстырар қайғыда да шектен шықпа, мәз болып күлгенде де шектен шықпа, ашуланып ұрысқанда да шектен шықпа, жаның жасып жылағанда да шектен шықпа, мансабың19 тасығанда да шектен шықпа, меселің20 қайтып мойығанда21 да шектен шықпа, қалжыңдасқанда да шектен шықпа, ойнағанда да шектеншықпа... өмірдің барлық сәтінде де шектен шықпа»,- дегенді аңсаған ақылмандар бар білігі мен ілімін осылай бір ауыз сөзбен бекітіп кеткен екен. Заманалар ауысып, табиғатымыз өзгеріп, тірлігіміз жаңа сипатқа көшкенімен осы бір ауыз сөздің құны да, қасиеті де бәз қалпында демеске шара қайсы?! ● Мәтіндегі «Сіздер көп оқыған, көп білетін ғұламасыздар. Бірақ сіздердің білгендеріңіз бен жазғандарыңызды қара халық оқып игере алмайды» деген сөзді қалай түсінесіңдер? ●Адам шектен шықпауы үшін оның бойында қандай қасиеттері болуы керек? ● Шектен шықпау мен тәртіпті не байланыстырады?Шектен шықпау деген тәртіптілік пе? ● Шектен шықпай, тәртіпті болуың үшін өзіңе қандай талаптар қоясың? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: Төменде берілген ой-тұжырымдарды оқыңдар. Өздерің үшін дұрыс жауапты таңдап алып, дәлелдеңдер. Тәртіп – белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ, орындалуы міндетті ереже, заң. Тәртіп – адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы. Тәртіп – бір нәрсенің реті, жөн-жобасы, жеке адамның мінез-құлқы. Тәртіптілік – амалсыз атқаратын міндет емес, іштей мойындап, қажет саналған талап. Тәртіптілік – айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы ой туғызатын айла-амал. 2. Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді жасаңдар. |
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
|
«Джунглидегі жаңбыр»жаттығу Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз. Жаттығу сіздерге ұнады ма? Қандай сезімде болдыныздар? |
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу. Уақыт: 10 минут |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
7.Топпен ән айту «Ерлікке шақыру» Сөзі мен әнін жазған Мұхтар Шаханов |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
|
7.Үйге тапсырма: 1. Дәптермен жұмыс. «Ерлікке шақыру» өлең жаттау. |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Болғанда ақылың дария, кеудең кеме, Кемесіз дариядан өтем деме. Кеудеңде саңан болса, талап ізде, Талапсыз мақсатыңа жетем деме Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
Тексерген:05.12.2017ж.
Күні: 12.12.2017
Мектеп: №54 Жом
Сабақтың тақырыбы: Парыз тәртіптен басталады (14 сабақ)
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Мұғалім: Барлыбаева Г.
Сынып: 7
|
Сабақтың мақсаты: –Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ; Дамытушылығы: –Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі: –оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу. |
Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, суреттер |
|
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз. Психологиялық дайындық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай аламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан - жағым. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену» |
|
|
2.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Дәптермен жұмыс. «Ерлікке шақыру» өлең жаттау. Оқушылар дәптердегі тапсырмаларды кезек-кезек оқиды. Оқушыларды тыңдап, өз сөзіммен қорытындылаймын. |
|
|
3.Дәйексөз «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» ұлы данамыз Әл - Фараби Дәйексөзді қалай түсінесіздер? Жұмыс дәптеріне жазып аламыз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез - құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі - өнегесімен, ата - әжеңнің берер үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңе керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңе байланысты. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн. Адамның бойынан әдептілік, сыпайылық, ізеттілік қасиеттер табылса, әрине, адам сымбатты, парасатты көрінеді. |
Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. |
|
4.Әңгімелеу. Әбдуәли Қайдар ...Жер бетінде қауымдаса-қауғаласа өмір сүріп келе жатқан әлеуметтік, этностық топтардың тіршілік-тірлігінің ұйытқысы мен негізі солардың өзара саналы қарым-қатынасынан, адамдардың өзара түсіністігінен, біріне-бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен, ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады екен. Басқаша айтқанда, адамдардың өмір-тіршілігі біреуге «қарыз», «парыз» болудан, оны қайтарып, қарызы мен парызын өтеуден тұрады екен. Бірақ екеуінің өзара айырмашылығы жер мен көктей. Мәселен, парыз дегеніміз – адамның, жасаған иенің, ұлы табиғаттың, ата-бабалардың, әке-шешенің, өскен жер, өсірген елдің, тәрбиеші ұстаздың, қамқорлық жасаған игі-жақсы жандардың, т.б. алдында атқарылуға тиісті міндеттері. Демек, парыз – төлемді, өтемді талап етпейтін, бірақ әркімнің өзі біліп атқаратын қасиетті борышы болса, қарыз – қайтарылуы міндетті несие. Басқаша айтсақ, парызды ешкім сұратып бермейді де, сұрап алмайды, оны әркім борышым деп өзі арқаланады, өзі біліп атқарады. Парыз міндеті – шартты, оның орындалу, орындалмауы тек адамның адамгершілігіне, абзал қасиетіне байланысты. Әрбір пенде көзінің тірісінде ақтауға міндетті парыздың түрлері көп ●Автор неліктен жер бетіндегі өмірдің мәнін адамдардың өзара саналы карым-қатынасынан, адамдардың өзара түсіністігінен, біріне-бірінің көмек-жәрдемінен, ықылас-ниетінен, ілтипатынан, істеген игі жақсылығынан құралады дейді? Себебін түсіндіріңдер. ● «Қарыз» бен «парыздың» айырмашылығы неде? ● Автор парыздың қандай түрлері жайлы айтады? ● Парыз дегеніміз не? Ол адамға не үшін керек? Оны қалай орындау қажет? ● Өздерің парыздарыңды қалай өтеп жүрсіңдер? ● Парызды өтеудің ерте, кеші бар ма? Неліктен? |
Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды. |
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс: Әр топтар өздеріне бөлініп берілген тапсырмалар бойынша орындайды. 1 топ Менің бақытты отбасым /сурет салу/ Өздеріне ең қымбат, ең сыйлы отбасы мүшелерін қағаз бетіне бейнелеу. 2 топ Тәрбие туралы мақал – мәтелдер Топ мүшелері тәрбиеге байланысты мақал мәтелдер ойлап қорғап шығады. Әдепті бала арлы бала Әдепсіз бала сорлы бала Үлкенге ізет, кішіге құрмет. Үлкенге де сіз Кішіге де сіз 3 топ Тәрбие тал бесіктен басталады. Эссе жазу Тәрбие тал бесіктен басталады. Тәрбие өлшемі де шегі де жоқ үрдіс. Тәрбие адам баласы жерге шыр етіп түскеннен бастау алып кейін балабақша, мектепте жалғасын табады. Себебі бұл оңай үрдіс емес. Тәрбие - адамның екінші табиғаты.
|
Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. |
|
«Джунглидегі жаңбыр»жаттығу Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз. Жаттығу сіздерге ұнады ма? Қандай сезімде болдыныздар? |
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу. Уақыт: 10 минут |
|
Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. |
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды |
|
7.Топпен ән айту «Ерлікке шақыру» Сөзі мен әнін жазған Мұхтар Шаханов |
Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді |
|
7.Үйге тапсырма: дәптермен жұмыс. 56б. Б.Момышұлы жаттау. |
|
|
8. Соңғы тыныштық сәті. Сабағымызды қорытындылай келе сіздерге алғысымды білдеремін. Тәрбиенің жан – жақты ойлармен талқыға түсіріп, сіздермен ой тарқаттық. Болғанда ақылың дария, кеудең кеме, Кемесіз дариядан өтем деме. Кеудеңде саңан болса, талап ізде, Талапсыз мақсатыңа жетем деме Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
Екі жұлдыз, бір тілек Кері байланыс Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз
|
Тексерген:13.12.2017ж.
"Көшеде"сахналау
Сыныпқа бірнеше оқушы кіреді. Олар ары-бері жүріп жатқан адамдарды бейнелеп, сынып ішінде қыдырып жүреді. Есіктен Арман кіреді. Ол жолдасымен қуана кездеседі.
Арман: Миша, амансың ба?
Қанат: Сәлемет пе?
Арман: Бүгін үйірмеде сабақ бола ма екен, білмейсің бе? Маған Нұрлан болады деп еді, Талғат болмайды дейді.
"Ары-бері жүріп жатқан адамдар әңгімелесіп тұрған балалардың жанынан айналып, «тротуардан» шығып, бормен сызылып бөлектеліп қойған «үлкен жолмен» өтуге мәжбүр болады. Екі дос оларға бөгет жасап тұр.
Қанат: Қане, Арман, жолдан былай тұрайық. Біз жолды бөгеп тұрмыз. «Тротуардан» шығып, әңгімелерін жалғастыра береді. «Ары-бері жүріп жатқан адамдар» енді «тротуармен» еркін жүреді. Класқа өзара дос, төрт қыз кіреді. Олар қатар түзеп, көңілді әңгімелесіп, қатты күліп келеді. «Тротуар» тағы да бос емес, «ары-бері жүріп жатқан адамдардың» тағыда қыздарды айналып өтуіне тура келеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен әлгі көріністі талдайды. Мұғалім былай деп қорытынды жасайды:
Мына ереже естеріңде болсын: «жолдастарыңмен бірге келе жатыр екенсің, тротуарды түгел алмаңдар; жолдасыңмен кездесіп, әңгімелесу үшін тоқтаған екенсің, жолдан шығып тұр. Бір-біріңмен сөйлескенде, сыпайы бол, Арман, Қанат, Талғат деп атын атаңдар.
Оқушыларға көшедегі тәртіптің басқа да ережелерін нақты көрсету үшін және бір инсценировка әзірлеуге болады.
«Айтыңызшы, қалай жүру керек» сахналау
Класқа бір топ бала келіп енеді. Олар «көшеде» доп ойнап, жіптен секіре бастайды. Зульфия кіреді.
М ұ ғ а л і м: Зульфия өзіне керекті адресті табу үшін қалай қарай жүру керек екенін білмейді. Ол бір оқушыдан, онан соң келесісінен сұрайды.
Зульфия (доп ойнап жсүрген балага қарап). «Рақым етіңіз, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңызшы».
Орынкүль (бұрылып қарамастан). «Білмеймін», Уалихан қолын белгісіз бір жаққа қарай сілтей салды. Зульфия аз-кем тұрған соң жіптен секіріп жүрген балаларға келеді.
- Рақым етіңіздер, Бостандық көшесіне қалай баруға болатынын айтыңыздаршы?
Балалар бірлесіп: Солға! Көпірден өткен соң оңға бұрыл! Жоқ, олай емес! Көпірмен өтудің керегі жоқ! Трамвай аялдамасының жанында! Зульфия ренжіп, ештеңеге түсінбей кете береді. Балалардың бәрі де өз ойындарымен айналысады, біраздан соң кластан шығып кетеді.
Осыдан кейін инценировканы талдау басталады.
Мұғалім былай дейді:
Біздің әрқайсымыз сыпайы қойылған сұрағымызға басқалардың қалай болса солай, немқұрайдылықпен, түсініксіз жауапберуі реніш тудыратынын өз тәжірибемізден білеміз.
Телефон
Қыз бала «телефон-автоматпен» сөйлесіп тұр. Жақын жерде үлкен сағат ілулі тұр. Оның тілдері қанша уақыт өткенін көрсетіп тұр. Телефонға кезек күткен адамдар ұзыннан-ұзақ тұра бастайды. Ал қыз бала болса сөйлесе береді, сөйлесе береді. Кезектегі адамдар ренішпенен тарай бастайды.
М ұ ғ а л і м. Балалар сендерге жекелеген оқушылардың өздерін көшеде өзін-өзі қалай ұстау керек екенін қайсыларыңның жақсы білетініңді қазір байқап көрелік. Бұл үшін шағын ойын кіземіз.
Көшедегі тәртіптің белгілі бір ережесін айтқан балаға қызыл дөңгелекше береміз. Осындай дөңгелекшілерді көп алған бала жеңіп шыққан болып табылады, өйткені ол көше тәртібін басқалардан гөрі жақсы біледі. Бір ережені қайталап айта беруге болмайды, әрине.
Оқушылар кезекпе-кезек қолдарын көтеріп, өздеріне таныс ережелерді айта бастайды. Мұғалімге көмекші балалар оқушы айтқан ереже жазылған плакатты іліп отырады (ол плакаттарды шефтердің көмегімен оқушылардың өздері алдынала жасайды).
Сабақтың соңында балалар өздері аулада ойнайтын ойындарды көрсетіп, ережелерін айтып береді. Бұл ойындарды балалардың шағын топтары көрсетеді.
Сызық арқылы қосыңдар

Сызық арқылы қосыңдар

Сызық арқылы қосыңдар

Өзін –өзі тану сабағының жоспары
Мектеп : №54 жом
Мерзімі : 28.11.2017
Сабақ саны:12
Сабақтың тақырыбы: Адам жауапкершілігі
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Сүйіспеншілік
Сынып: 7
Оқушылар саны:
Мұғалім: Барлыбаева Г.К
|
Сабақтың мақсаты: –Жеке тұлғаның қоғам алдындағы азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін сыни көзқарас тұрғысынан сезінуге үйрету. Мемлекеттік тілге құрметпен қарап,өз елін мақтан ету сезімдеріне тәрбиелеу. Міндеттері: Білімділігі: Азаматтық тұлға,азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру ; Дамытушылығы: –Азаматтық ұстанымдары мен көзқарастарын қалыптастыру; Тәрбиелілігі: –оқушылардың алдына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар (құралдар, мәліметтер) ӨӨТ.Жалпы білім беретін мектептің 7-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. Алматы«Бөбек»ҰҒПББСО.2017 |
|
Сабақ
барысы:
Атқарамыз әр
істі,
Психологиялық дайындық.
Барлығы:
-Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсаулық сыйлайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңды шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Рахмет! Сұрақтар: Қандай күйде болдыңдар? Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар? Жүректеріңмен тыныштықты сезе алдыңдар ма? Қорытынды: Олай болса, осы жақсылықтарыңды жүректеріңде орналастырып, тыныштық қалпымызды сақтайық. 3.Үй тапсырмасын тексеру. Біз өткен сабаққа шолу жасасақ. 1. «Атамекен» әнін жаттап келу тапсырылады. «Менің азаматтық борышым» тақырыбына эссе жазындар
Жаңа тақырып «Құпия хаттарға» жауап беру Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі.Жауабын әр топ ойланып , ақылдаса отырып айтады. Хаттардың мазмұны: 1 хат.Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат.Құрметті достар!Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар!Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?
|
Сабақ барысын талқылау Оқулық «Көршіңмен сырлас». Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойын көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз |
|
Дәйексөзбен жұмыс. «Уәде берсең – орында»
деп тақтаға жазамын және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі
ретінде түсіндіремін. Тапсырма. Оқулықпен жұмыс. /Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушыларды өз беттерімен ізденуге, негізгі ойды қосалқы ойдан айыра білуге үйрету./ |
|
|
Әңгімелеу. Нағыз ұстаз Аңыз Ұстаздың бойынан қандай жауапкершілікті байқадыңдар? Ұстаздың кеңесін неліктен дәрігерлердің ескертулеріне құлақ тікпеген бала үлкен сеніммен қабылдады? Анасы неліктен Ұстазды бірден түсіне алмады? 4. Өзің орындай алмағаныңды неліктен өзгеге орындауға ешқашан кеңес бермеу керек? |
«Құрылысшы ойыны» өте тиімді тәсіл . Мәтін бөліктерін тез жинау. |
|
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Ойын-жаттығу. |
«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі |
|
6. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА. 49 б. 6 тапсырма орындау |
|
|
7.Топпен ән айту. Ауылым – әнім Сөзін жазған Бәкір Тәжібаев Әнін жазған Ескендір Хасанғалиев |
|
|
8.Соңғы тыныштық сәті. Шамаң келсе көмектес! Жақсы болу өз қолыңда! Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін. Мен саған жақсылық тілеймін.Бүгінгі сабақтан Не білдіңіз? Нені білгіңіз келеді? |
|
Тексерген: 28.11.2017ж. _________________
Пайдаланылған әдебиеттер:
Алпысқызы Сара. Өмір әдебі. Әдеби эссе, толғаныстар.-Алматы, 2003ж.
«Өзін-өзі тану» мұғалімге арналған әдістемелік құрал.7-сынып. «Бөбек» Алматы,
«Өзін-өзі тану». Оқулық. 7-сынып. «Бөбек» Алматы, 2017
Мұсабекова А.А Тәрбие тағылымдары. Танымдық – тәрбиелік оқу құралы.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген