жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Паскаль тілінің негізгі элементтері
САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ |
Күні |
Топ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пәні: |
Есептеу техникасының негіздері.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Паскаль тілінің негізгі элементтері. |
Сабақтың түрі |
Теориялық |
|
|
Сабақтың типі: |
Жаңа сабақ |
|
|
Сабақтың мақсаттары: |
Білімділік: Паскаль тілі туралы түсініктеме беру; стандартты функциялар мен процедуралар программалау тілінің білімін терендету;
|
Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау;
|
|
Тәрбиелік: Студенттерді жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу. |
|
|
|
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ |
|
А) Көрнекті құралдар: |
Компьютер, проектор, слайд. |
|
|
Б) Пайдаланылатын әдебиеттер: |
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова "Информатика және есептеуіш техника негіздері", 2. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. |
Сабақты жүргізу кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а) Студенттермен сәлемдесу;
ә) Студенттерді түгендеу;
б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
в) Студенттердің назарын сабаққа аудару.
Жаңа тақырыпты түсіндіру (40 мин)
Паскаль тілінің негізгі элементтері.
Блез Паскаль 1623 жылы Франция мемлекетінің Клермон – Ферран қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан – ақ білімділігі, алғырлығы, зеректігімен, әсіресе математика саласына бейімдігімен баршаның көзіне түсті. 1662 жылы Блез Паскаль қайтыс болған соң, әлем білген қайталанбас аса дарынды математиктердің бірі болып тарихқа кірді. Ол математика ғылымының дамуына үлес қоса отырып, математика ғылымының бір саласы – ықтималдар теориясының ірге тасын қалады.
Қазіргі кезде Паскаль аты программалау тілдерінде – тіл аты ретінде кеңінен қолданылады. Паскаль программалау тілі ХVII ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Блез Паскальдің құрметіне аталып отыр.
Осы жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі – Паскаль тілінің құрастырушысы Швейцария мемлекетінің Цюрих информатикалық институтының профессоры, жоғарғы политехникалық мектептің оқымысты адамы – Никлаус Вирт (1968-1971).
Паскаль тілі жөніндегі алғашқы дерек 1971 жылы пайда болды, содан бері бұл жыл тілдің дүниеге келген жылы болып табылады. Ол Алго 60 тілінің жетілдірілген түрі болып табылады. 1983 жылы Паскаль тілі Халықаралық стандартқа: ISO:7185:1983 болып енгізілді.
Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар. Оның ішінде IBM PS –ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті. Келесі қатарда оның соңғы (7.0) вариантымен жұмыс істеу тәсілдері қарастырылған. Бұл вариант Турбо Паскальдың алғашқы варианттарымен де үйлесімді.
Бейсик тілі сияқты Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, түрлі саналық инфорциямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі.
Паскаль тілінің мынадай ерекшеліктері бар:
• Тілдің қарапайымдылығы оны тез арада жете меңгеруге мүмкіндік береді;
• Тіл алгоритмді сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте – бірте дамыту арқылы жеке блоктар түрінде құруға болады. Ол программалау тілін үйрену үшін өте қажет;
• Деректердің құрылысына қарай сандық, белгілік және екілік информациямен жұмыс жүргізуге және күрделі алгоритмді бағдарлама жасауға қызмет етеді;
• Тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріліп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
• Жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолдануына оның өте тиімді бағдарламалау құру мүмкіндігі септігін тигізді;
• Мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құруға болады.
Иерархиялық модельдерді – мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын сипаттау үшін тармақ мәліметтер типі пайдаланылады.
Желілік – мәліметтердің желілік моделі мәліметтер элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға 2 тип пайдаланылады : жазба және байланыс.
Реляциялық – мәліметтердің реляциялық моделін ІВМ фирмасының қызметкері Эдгар Кодд ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.
Қатынас деп картеж деп аталатын элементтер жиынын айтамыз. Қатынасты бейнелеудің көрнекі формасы 2 өлшемді кесте болып табылады.
Функция деп – аты бар және нәтижеден (мәнінен) тұратын инструкциялардың тізбегін айтамыз.
Функцияның мәні оның атымен байланысты. Сондықтан да функциялардың аттарын өрнектерде пайдаоануға болады. Функцияны жариялау келесі түрде болады:
Меншіктеу операторы - Меншіктеу операторы барлық тілдерде пайдаланылатын негізгі оператор болып табылады.
Меншіктеу операторының жалпы жазылу түрі төмендегідей:
W:=Е.
Мђнда: W - айнымалы атауы, ":=" меншіктеу белгісі, Е-арифметикалық өрнек.
Мысалы: К:=19.36; М:="завод";
Џ1:=3.5+sqrt(sqrt(x)+1);
Y1:=3.5+sіn(x)
Бос оператор - Бос оператор ешқандай да амал орындамайды. Бос оператор қалдырылып кеткен (жоқ оператор) оператордың орнын белгілеу үшін пайдаланылады. әдетте бос оператор орнына нүктелі үтір ";" қойылады. Мысалы:
S:=А; R:=5;
М:=19.36;
Мұнда үшінші оператор бос оператор болады.
Мәліметтерді енгізу операторы - Енгізу операторы READ (READ-ағылшынша оқу дегенді білдіреді) пайдаланылады.
Енгізу операторының жалпы тџрі (форматы) төмендегідей:
READ(а1,а2,...n);
Мұңдағы а1,а2,...,аn - айнымалы атаулары, оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды.
Мәліметтерді шығару операторы - Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRІTE (жазу) операторы пайдаланылады:
WRІTE(а1,а2, ...,аn);
Мұндағы а1,а2,...,аn - жай айнымалылар немесе апострофтар ішіне алынған символдар тобы болуы мүмкін. Мысалы, егер В=17.15 болып,
WRІTE ('В =', В)
командасы орындалғанда, экранда В=17.15 дерегі көрінеді.
Нақгы сан үшін формат екі саннан тұрады:
І-сан - санға берілетін барлық орын,
ІІ-сан - үтірден кейін алынатын бөлшек бөлік саны.
Жаңа тақырыпты бекіту (38 мин)
Тапсырма №1. Массив элементтерінің қосындысын қамтамасыз ететін алгоритмді құрыңыз:
N
C= Xi.
i=1
Тапсырма №2. Төменде схемасы көрсетілген алгоритмнің орындалу нәтижесінде баспаға не шығатынын анықтаңыз:
+
Сергіту сәті
Тапсырма №3. Берілген бір өлшемді массив N элементтері {Ai} үшін келесі түрлендіруді орныдайтын алгоритмдерді өңдеңіз:
Ai максимал мәнін есептеңіз;
Aj болатын элементтердің минимал мәнін есептеңіз;
ІV. Сабақты қорытындылау (7 мин)
1.Өткен тақырыпқа сараптама жасау
- Паскаль тілі дегеніміз не?
- Паскаль тілінің негізгі элементтері қандай?
- Тапсырма №4. Y=f(X) функциясының X1, X2, …, XN нүктелеріндегі мәнін есептеп шығаратын алгоритм құрыңыз:
Y= Xi-e-xi;
Y=(sin2Xi-cosXi2)Pxi.
2. Жеткен жетістіктерін айту;
3. Жіберген кемшіліктерін көрсету.
VІ. Бағалау (2 минут): Сабаққа белсене қатысқан, дұрыс жауап берген студенттерді бағалап, журналға бағаларын қою.
VІ. Үйге тапсырма беру (1 мин)
|
Конспектіні оқу.
|
Оқытушы____________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген