Сыныбы:
_______ Күні:_______ Мұғалімі: ________________
Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау
операторы – WHILE.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін
қайталау - WHILE операторымен таныстырып, программа құруға
дағдыландыру;
Дамытушылық: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару
мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
сабақ
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
-
Үй
тапсырмасын тексеру
-
Жаңа
материалды түсіндіру
-
Компьютермен жұмыс
-
Сабақты бекіту
-
Үйге тапсырма
Өткен
материалды қайталау
сұрақтары
-
Шартты оператордың қандай түрлері
бар?
-
ІҒ операторының жалпы жазылу түрі
қандай?
-
Таңдау операторы не үшін
пайдаланылады?
-
Сase операторының жалпы жазылу түрі
қандай?
-
Writeln(‘s=’,s:5:2) операторындағы 5 және 2
цифрлары нені білдіреді?
-
Қандай жағдайда программада if операторы екі рет
қолданылады?
Жаңа
материалды түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша
алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура
келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды
алгоритмдер – қайталау
операторлары қолданылады.
Цикл деп
программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде
қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі
бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала
тексеретін цикл - WHILE,
шартты соңынан тексеретін цикл –
REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала
берілген шарт бойынша қайталауды жүзеге асыратын бұл
оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау
болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Ж
азылу
үлгісі
Whіle < шарт
> Do
Begіn
< 1 оператор >;
< 2 оператор >;
...
< n оператор >;
End;
Whіle операторының орындалу тәртібі
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні
тексеріледі, егер True
(ақиқат) болса,
онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше
False (жалған) болса, циклдің
орындалуы аяқталып, Whіle
операторынан кейінгі
жолдар орындалады.
Егер, ең басында, өрнектің мәні
False (жалған)
болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: у=3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды,
қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var х, у : real;
Begіn X:=-1;
Whіle x <=2 Do
Begіn Y:=3*x+1
Wrіteln (‘x= ‘, x, ‘ , ’ ,
‘y=‘,y);
X:=x+0.5;
end;
End.
Компьютермен жұмыс
№1. 1-ден n-ге дейінгі
сандардың квадраттарының қосындысын табатын программа құру
керек.
Program kvadrat;
Var
s,i,n:integer;
Begin
Writeln(’n=’);
Readln(n);
I:=1;
S:=0;
While i<=n do
Begin S:= S+sqr(i);
I:=i+1;
Writeln(‘S=’,S);
End;
End.
№2 (103бет, 15
тапсырма)
Y=exsinx+cosx функциясының
мәндерінің [a,b] аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін
құратын программа құрыңдар.
Program y-tap;
Var
x,y,a,b,h: real;
Begin
Writeln(‘a,b,h-?’);
Readln(a,b,h);
X:=a;
While
x<=b do
Begin
Y:=exp(x)*sin(x)+cos(x);
Writeln (‘x=’,x:5:2,’, ‘,’y=’,y:5:2);
X:=x+h;
End;
End.
№3.
аралығында 0,2 қадаммен
өзгергендегі
функциясының
мәнін тап.
program
esep;
var
x,y:real;
begin
x:=1;
while x<=3
do
begin
y:=sqrt(x+1)-1/x;
writeln('x=',x,
‘y=’,y);
x:=x+0.2;
end;
readln;
end.
№4. 1-ден 20-ға
дейінгі жұп сандардың квадраттарын және кубтарын табу программасын
жаз.
№5. 1-ден 20-ға
дейінгі тақ сандардың кубтарының қосындысын табу программасын
жаз.
№6.
функциясының мәнін тап. X=2, 4, 6, 8,
10; қадам 2-ге тең.
№7. 1-ден n-ге
дейінгі сандардың қосындысын және көбейтіндісін тап.
Сабақты бекіту сұрақтары
-
Қайталау операторлары не үшін
қолданылады?
-
Цикл дегеніміз не?
-
Қайталау операторларының қанша түрі
бар?
-
WHILE қандай оператор?
-
WHILE операторының
жалпы жазылу түрі қандай?
Үй тапсырмасы: 3.7 тақырып WHILE
операторы. 102 бет, 2 тапсырма