жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Патенттің Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуы"
Жоспар
Кіріспе ……………………………………………………….............……………2-3
I. Негізгі бөлім
1.1. Патенттің Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуы. .......................4-12
1.2. Патентті бұзғаны үшін жауаптылық...…………………...................................…13
II. Патент иесiнiң құқықтарын шектеу................................................................... 14-15
2.1. Патенттiң қолданылу мерзiмi..........................................................................................16
2.2. Патент иесiнiң мiндеттерi........................................................................................17
2.3. Патент иесiнiң селекциялық жетiстiкке құқығы ...................................................18-19
2.4. Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi ......................................20-21
Қорытынды…………………………………………………………………......................……..…22
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................23
І Кіріспе
Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.
Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен — өнертапкыштыктың — техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі — өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.
Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.[
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.
Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:
Бюллетень –өнеркәсіптік меншік обьектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.
Лицензиялық шарт –патент иленуші (лицензияр) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.
Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.
Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.
Патенттік қорғау келесі аспектілерімен сипатталады:
- қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
- патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі; патент иесіне құқықтар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
Патент құқығының объектілеріне қатынастарды Конститутциямен бірге, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі де реттейді.
Қазақстан Республикасының Патент Заңы 1999 жылдың 16 шілдесінде қабылданады.Патент Заңы сегіз тарау құрайды. Осыған қосымша ретінде 38 баптан тұратын Қазақстан Республикасының Патент Заңы кешенді нормативтік – құқықтан тұрады.
Патент жүйесіне заңнамалық өзгерістер енгізуге байланысты және Республика аумағында өнеркәсіптік меншік саласындағы қатынастарды реттейтін төрт маңызды халықаралық конвенция әрекет етеді. Олар: Париж конвенциясы, Мадрид келісімі, Бүкіләлемдік меншік қорғау ұйымы конвенциясы, Патент кооперациясы туралы келісімшарт.
Атап өтілген конвенциялар қазақстандық интеллектуалдық меншік жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға және дамытуға елеулі ықпал етті, өйткені бұл конвенциялар көптеген елдердегі осыған ұқсас жүйелерді дамытуға қажетті халықаралық параметлер мен шоғырландырылған ұлттық тәжірибені жинақтаған.
Айта кету керек барлық елде патент ведомствосы деп аталатын патент жүйесін құрайтын мекеме аса маңызды мамандандырылған ұйым болып табылады. Біздің Республикамыздың Президентінің 1992 жылғы 18 маусымдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанына ұлттық патент ведомствосы, қысқаша Қазпатент құрылды.
Бұл бастаулар біздің мемлектіміздің оң қадамдары болып, өз экономикамызды одан әрі дамытуға, үлкен белестерге шығуға бірталай көмек береді деген үмітпен жасалынып отырған бастамалар болып табылады. Егерде мемлекеттің нақтыланған салық жүйесі өз жұмысын дұрыс жүргізсе, халқымыздың жағдайы да жақсарады,өйткені салық ол - адамның тамақтануына азық–түлік қалай керек болса,ал мемлекеттің ең басты азығы болып салық табылады.
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Патенттің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы
2.1 Патенттік тәсіл және патенттеу жүйесі
1992 жылдың 18 маусымында ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық патенттік ведомствосы құрылды. Осыдан кейін, біздің республикамыздың аумағында өнеркәсіптік меншік объектілерінің патенттік қорғауы жүзеге асуға бастады.
«Патент» термині кеңінен қолданылып жүр. Ол латын сөзі «patere» -ден ашық болу, көрінуге ашық деп аударылады. Алдынғы бетінде мөрі бар құжат «ашық мадақтама» деп аталды.
Патент әртүрлі заңды және әдеби анықтамалардан тұрады, сондықтан біз оған толық анықтама беріп көрелік: патент деп заңнама нормаларына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органмен патент иесіне берілетін, белгілі уақыт ішінде белгілі аумақта патенттелген техникалық шешімді өз қалауы бойынша қолдануға айрықша құқықтардың бергендігін куәландыратын қорғау құжаты табылады.
Патенттік қорғаудың пайда болуынан, екі ғасыр бойы көптеген әдебиеттерде патенттің экономикалық және құқықтық рөлі туралы көптеген тұжырымдар болды. Мысалы, патент құқықтарды беру туралы акті және шарт болып есептелінді. Кейбір әдебиеттерде патент монополия және интеллектуалдық меншік объектісі ретінде де қаралды.
Қазақстан Республикасында патент интеллектуалдық меншік объектілерін қорғаудың ерекше тәсілі, ол заңнамамен толық реттелген және өзінің аспектілерімен сипатталады. Қазақстандық патенттік жүйе тұпнұсқалы, сондықтан оның аспектілерін қарастырған жөн.
ҚР Патенттік жүйесіне келесі белгілер тән:
- қорғалатын объектілердің шектелген тобы. ҚР Патент заңының бірінші бабынан бастап осындай объектілердің шектелген тобы көрсетілген - өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп үлгілері. Оны қысқартылған түрде өнеркәсіптік меншік объектілері деп атайды. Заңның 5-7 баптарында осы объектілер нақтыланады.
1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін, патентпен қорғалатын объектілер саны кеңейді. Заңның 3-бабына сәйкес селекциялық жетiстiкке құқық Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады және патентпен расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң айрықша құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады.
2001 жылдың 29 маусымындағы «Интегралды микротәсімдер топологиясын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
10-бабына сәйкес құқық иесіне «Топологияны тіркеу туралы куәлік» деп аталатын қорғау құжаты беріледі;
- патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі. Бізбен анықталған патенттеу объектісі техникалық немесе шығармашылық-техникалық шешімді білдіреді, ол авторлық құқық объектілеріне қарағанда қайталанатын болып келеді.
Патенттеу тәртібін схемалық түрде келесідей көрсетуге болады: патенттік ведомствоға өтінім беру - өтінімді қабылдау бөлімінде формальды сараптама - өнертабыс және пайдалы модельдер бөлімінде сараптама – қорғау құжатын беру туралы шешім – берілетін патент туралы мәліметтерді басу – патент иеленушіге қорғау құжатын беру.
Патенттеу жүйесін таңдау сұрағы біздің республикамызбен тәуелсіздік алғаннан бері шешіліп келген.
Барлық белгілі ұлттық жүйелерді екі негіз бойынша сыныптауға болады: патент иелері болуға құқықтары бар субъектілер бойынша және патенттік сараптама тәртібі бойынша.
Бірінші негіз бойынша авторлық және арыздық жүйелерді бөлуге болады.
Авторлық жүйеде патент иесі ретінде автор не оның мирасқорлары ғана бола алады. Мұндай АҚШ-та қолданылады.
Арыздық жүйеде патент иесі ретінде кез келген арыз берген тұлға бола алады – автор оның мирасқорлары немесе өзге де тұлғалар. Көптеген Еуропа мемлекеттері осы жүйені таңдаған. Қазақстан да осы жүйені таңдады.
Екінші негіз бойынша патенттеудің келушілік, тексерушілік және аралық жүйелерін бөлуге болады.
Келушілік жүйе (Греция, Италия, Швейцария т.б. мемлекеттерде қолданылады) бойнша патент қажетті құжаттар мен талаптар орындалғаннан кейін, оның жаңалығы мен өнертабыс деңгейін анықтамай-ақ беріледі.
Бұрыңғы Кеңес Одағында тексерушілік жүйе қолданылған. Кез келген өтінім оның жаңалығына, өнертабыстық деңгейіне және өнеркәсіпте қолданушылығына толығымен тексеріледі. Осы тексерушілік жүйе қазір Ресей Федерациясында қолданылады.
Қазақстан Республикасы тексерушілік жүйені енгізе алмағандығының себебі, сараптамалық патенттік қордың болмауынан болды.
Сондықтан, патенттеудің жаңа жүйесін құру қажет болды, біз оны аралас деп атадық, яғни екі жүйенің элементтерін біріктіретін жүйе.
Таңдалған патенттеу жүйесі тіркеулік-тексерулік болып келеді. Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi
ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды. Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек ( ҚР Патент заңының 5-бабы).
2.2 Сараптау және патенттеу жүйесінің жұмыс істеу тәртібі
Берілетін қорғау құжаттарына сәйкес өтінімді сараптаудың тәртібі белгіленген. Олардың саны екеу – формальды сараптама және мәні жағынан сараптама.
Өнертабысқа өтiнiмнiң ресми сараптамасын еткiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм берiлген өнертабыстың Заңның 6-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттiгi талаптарына сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент өтiнiм берушiнің тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.
Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.
Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн, алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жағдайында өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей берiлетiн өтiнiм берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және патентке қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiштi өтiнiм берушi жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде ұстап тұруға ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады.
Мәнi бойынша өтiнiм сараптамасын жүргiзу кезеңiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушiден онсыз сараптама өткiзу мүмкiн болмайтын қосымша материалдарды, оның iшiнде өнертабыстың өзгертiлген формуласын сұратып алуға құқылы.
Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген ұсыныс Заңда айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.
Өтiнiм берiлген өнертабыс өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмейтiнi анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiмде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ патент иеленушi және үшiнші тұлғалар алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы өнертабыстың патент қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн ақпараттық iздестiру өткiзу туралы өтiнiш жасай алады.
Өтiнiм беруші сараптаманың қарсы қойған барлық материалдарымен таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан материалдарды сараптама жасау ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм берушi өткiзiп алған мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған құжаттарымен немесе шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
ҚР Патент заңының 32-бабына сәйкес шағым кеңесi берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау жөнiндегi уәкiлеттi органның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Шағым кеңесi туралы ереженi, шағым кеңесiне қарсылықтардың берiлу және қаралу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа отырысында белгiленген мерзiм iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық берген адамның, сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм өткен күннен бастап алты айдан аспауы керек.
Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам немесе патент иеленушi өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде оған сотқа шағымдануы мүмкiн;
- патент иеленушіге кешенді құқықтардың, оның ішінде объектіні пайдалануға айрықша құқықтардың бекітілуі.
Сонымен, патенттеу процесінің финалы ретінде алдын ала патенттің және патенттің берілуі табылады.
- қорғаудың уақытша және аумақтық сипаты.
Патенттер мен алдын ала патенттердің қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектелген. Патенттік монополия уақытпен де шектелген. Ол ҚР АК 999-бабында көзделген: алдын ала берiлетiн патент пен патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап қолданылады және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:
1) өнертабысқа алдын ала берiлетiн патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;
2) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы;
3) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ үш жылдан аспауы керек;
4) өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент - бес жыл бойы;
5) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ бес жылдан аспауы керек.
Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патент органына (ұйымына) өтiнiм келiп түскен күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау тек патент берiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі;
- айрықша құқықтардың заңды шектелуі мен патент иесіне міндеттердің жүктелуінің қабілеттілігі.
Патенттік құқықтардың айрықшалығы және абсолюттігі сипаты түсінікті. Ол ҚР АК-нің 992, 993-баптарында көзделген.
Патент иесi кез келген тұлғаға өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия) алу құқығын беру туралы патенттiк органына (ұйымына) өтiнiш бере алады. Ашық лицензияны пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мұндай шарттың талаптары туралы дауларды сот шешедi. Ашық лицензияға құқық беру туралы патент иесiнiң өтiнiшi қайтарып алуға жатпайды.
Патенттік қатынастарда патент иесінің және үшінші тұлғалардың қорғау шешіміне құқықтарының параллельді болуы да мүмкін. Ол ҚР АК-нің 1004-бабында немесе ҚР Патент заңының 13-бабында көзделген.
Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.
Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын алған немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен бастап, бiрақ өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы модельге алдын ала патент беру туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана бастаған адамдар патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс.
Патент иесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде техникалық шешімді пайдалану міндеті табылады.
ҚР Патент заңының 11-бабына сәйкес патент иеленушi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалануға мiндеттi.
Қорғау құжаты бiрнеше адамға тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалану жөнiндегi өзара қатынастар олардың арасындағы келiсiммен айқындалады. Ондай келiсiм болмаған жағдайда патент иеленушiлердiң әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз қалауынша пайдалана алады, бiрақ өзге патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия немесе қорғау құжатын беруге құқығы жоқ.
2.3Сараптау және патенттеу жүйесінің міндеттері мен функциялары
Патенттердің саны көбейген сайын пайда табуға талпынған патент иеленушілердің де саны көбеюде. Кеңес социалистік республикалар одағы кезінде өндірістік меншік объектілерінің иесі болып көбінесе мемлекет
болып табылғандыктан авторлар мен патент иеленушілердің құқықтарын жетілдіруге еш шаралар қолданылмаған.
Казақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін корғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрыкша құқық» ұғымдары енді.
Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор ез кұқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен ресімдейтін, кейбіреулері Мәскеуде, бүкіл Кенес Одағы бойынша жалғыз Мемкомөнертабыс патент ведомствосында жарияланатын, сонан кейін кез келген адам аз сыйақы төлеу аркылы өнертабысты өз иелігіне жаратып жататын.
Енді кұқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды. Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға койылған. Бұл құқық «айрыкша құқық» деп аталады. Және ол ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген.
Сөйтіп, өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық корғау принциптері түбірімен өзгерген, демек, жаңа қатынастар бүтіндей өзгеше құқықтық базаны қалыптастыруды талап етті. 1992 жылы Ұлттық Патенттік ведомство патенттеудің бірегей жүйесін қалыптастырды (явочно-проверочную) және оның кұқықтық реттелуін Қазақстан Республикасынын Патент Заңында бекітті. Бұл жүйені кейіннен Орталық Азия, Закавказьенің көптеген тәуелсіз мемлекеттері және Украина да қолдады.
Бұл патенттеу жүйесі бойынша қарапайым тіркеу мен сараптама элементтері бірігеді. Біздің жүйенің көлімдік және тіркелімдік сипаты патенттің формалды сараптама жүргізгеннен кейін берілетіндігінде көрінеді. Қазакстан Республикасы Патент Заңының 22-бабы формалды сараптама кезінде қажетті дәлелдемелердің болуы, оларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуы және өтінім берілген ұсыныстың құқықтық корғау берілетін объектілерге жататындығы тексерілетіндігін бекітеді.
Патент мәні бойынша сараптама жүргізілгеннен кейін беріледі. Оның жүргізілу барысында өтінім берілген шешімнің патентке қабілеттігі талаптарына сәйкестігі анықталады.
Өнертабыс пен өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент пен патент және пайдалы модельге патент «қорғау құжаты» түсінігімен бірігеді.
Қазақстан бір өнертабысқа екі корғау құжаты - заңды сарап қорытындысы бойынша алдын ала патент пен өнертабыс немесе өнеркәсіптік үлгі сараптамасы қорытындысы бойынша патент берілуі мүмкін екені жөнінде соны жүйе жасады.
Бұл екі корғау құжатының аумақтық (тек Қазақстан Республикасы) және уақытша әрекет ету шегі бар. Өнертабысқа алдын ала өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап Қазақстан Республикасы аумағында бес жыл бойы, ал патент жиырма жыл бойы қолданылады.
Пайдалы модельге патент бес жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ үш жылдан аспауы керек.
Өнеркәсіптік үлгіге алдын ала берілетін патент өтінімнің патент ведоствосына берілген күннен бастап бес жыл әрекет етеді. Өнеркәсіптік үлгіге патент он жыл бойы күшін сақтайды, патент иесінін өтініші бойынша бұл мерзімді патент органы ұзартуы мүмкін, бірақ бес жылдан аспауы керек. Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган берген өнертабыс пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патенттер қолданылады.
2. Шет мемлекет немесе халықаралық ұйым берген патентер. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда қолданылады.. Егер белгіленген тәртіпте мәлімдеген шешім тиісінше өнертабыстарға, пайдалы модельдерге немесе өнеркәсіптік үлгілерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қойылатын талаптарға сай келсе, шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғалар немесе олардыңқұқықтық мирасқорлары Қазақстан Республикасында өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент алуға құқылы. Өнеркәсіптік жекеменшік термині ҚР заңнамасына толығымен енген. Бұл өзгерістерді қысқаша айтып өтетін болсақ, онда аталған нысандарды қолдану мен құқықтық рәсімдеудің мүлдем жаңа тәртібі бекітілген. Өнертабысты, пайдалы үлгіні және өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында авторлық куәландырудың кеңестік жүйесінің орнына бүкіл әлемде қолданылатын және мойындалған өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қорғаудың патенттік жүйесі келген. ҚР тәуелсіздігін алғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерген. Әлемдік экономикалық қоғамдастыққа жедел кіру мақсатында еліміздің аумағында өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қорғаудың патенттік жүйесін енгізу және ұлттық патенттік жүйені құру туралы шешім қабылданған. Қорғаудың патенттік жүйесінің мәні өнертабыс, пайдалы үлгі немесе өнеркәсіптік үлгінің авторы немесе басқа құқықты болған тұлға авторлықты және техникалық жетістікті қолдану құқығын бекіту үшін құзырлы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитетке (ары қарай - Комитет) мемлекет беделімен куәландырылған қорғау құжаты – патентке тапсырыс береді. Өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге берілетін алдын ала патент және патент, пайдалы үлгіге берілген патент (ары қарай – қорғау құжаттары) ең алдымен патент иесі деп аталатын олардың иесінің өнеркәсіптік жекеменшік нысанын қолданудың ерекше құқығын куәландырады. Патент иесінің ререкше құқығының мазмұны АК 992 бабымен реттелген. Патент иесіне өзінің ерекше құқығын жүзеге асыру бойынша көп мүмкіндіктер берілген: өз өнеркәсібінде техникалық шешімді жүзеге асыруға, үшінші тұлғаларға патенттің қызмет ететін уақытында қолдану құқығын беруге, белгілі бір уақыт ішінде өз құқығын толығымен немесе бір бөлігін қолдануға, мүлдем қолданудан бас тартуға (әрине, белгілі жағдайларда). Аталған ерекше құқық абсолютті болып табылады – үшінші тұлғалар оны бұзудан іркіліп қалулары тиіс және нысанды патент иесінің рұқсатымен ғана қолдана алады, қайтарымсыз негізде.Патенттік қатынастарды реттейтін салалық заңдардың ішінде басты және маңызды орынды Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патенттік Заңы алады (ары қарай – Патенттік заң). Патенттік заң патентпен қорғалатын өнеркәсіптік жекеменшік нысандарын қолданумен және құқықтық қорғаумен байланысты пайда болатын мүліктік және онымен байланысты мүліктік емес қатынастарды реттейді.
Патентті бұзғаны үшін жауаптылық
Патент иеленушінің талабы бойынша патентті бұзу тоқтатылуы тиiс, ал оны бұзушы патент иеленушіге өзi келтiрген залалдарды өтеуге мiндеттi (осы Кодекстiң 9-бабы).Патент иеленуші келтiрiлген залалдың орнына тәртiп бұзушыдан өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi заңсыз пайдалану салдарынан алынған кiрiстi өндiрiп алуға құқылы.
Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады.
Құқық иленуші осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларын заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжатамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейі ұқсас белглемені алып тастауға міндетті.
Құқық иленуші құқық бұзу фактісі дәлелдеген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иленушінің келісімімен орналастырылған біртектес түпнұсқа тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтем ақы төлеуді талап етуге құқылы.
Патент иесiнiң құқықтарын шектеу
Патент иесiнiң құқықтарын шектеу негiзi, патенттi тоқтату (жою) талаптары, оны жарамсыз деп тану, оның қолданылуын тоқтату, лицензияларды мәжбүрлеп беру және патенттердi мәжбүрлеп иелiктен алу заң актiлерiмен белгiленедi. 1. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн осы Заңға қайшы пайдаланушы кез келген адам патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзушы (қорғау құжатын бұзушы) болып есептеледi. Қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдалана отырып жасалған өнiмдi рұқсатсыз дайындау, қолдану, жеткiзу, сақтау, сатуға ұсыну, сату және азаматтық айналымға өзгеше енгiзу, сондай-ақ тiкелей қорғау әдiсiмен дайындалған өнiмдi қолдану немесе азаматтық айналымға енгiзу патент иеленушiнiң ерекше құқығын бұзу (қорғау құжатын бұзу) болып танылады. Бұл орайда жаңа өнiм өзге де дәлелдемелер болмаған жағдайда қорғалатын әдiспен алынған деп есептеледi.
2. Патент иеленушi:
1) қорғау құжатын бұзуды тоқтатуды;
2) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, бұзушының келтiрген шығындардың орнын толтыруын және моральдық залалын өтеуiн;
3) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, қорғау құжатын бұзушы алған пайданы шығындардың орнын толтырудың орнына өндiрiп алуды;
4) қорғау құжатын бұзушының заңдарда белгiленген оннан елу мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш сомасында өтемақы төлеуiн талап етуге. Шығындардың орнын толтыру немесе пайданы алып қою орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
5) қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап, азаматтық айналымға енгiзiлген немесе осы мақсатта сақталған және қорғау құжатын бұзушы деп танылған өнiмдердi, сондай-ақ қорғау құжатын бұзуға арнайы арналған қаржыларды өз пайдасына алып қоюға;
6) кiмнiң құқығы бұзылғаны туралы мәлiметтер енгiзiлген құқық бұзушылықты мiндеттi түрде жариялауға құқылы.
3. Егер бұл лицензиялық шартта көзделсе, қорғау құжатын бұзушыға талаптарды лицензиаттың да қоюы мүмкiн. Патент беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі. Өзге құжаттардан тұратын өтінімнің сараптама жасау ұйымына келіп түскеннен кейін екі ай ішінде ұсыну керек. Тиісті төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек. Белгіленген мерзімде аударым ұсынылмаған жағдайда Заңнын 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берілмеген болып есептеледі. Кәсіпкерлік субьектілері мен мемлекеттің өзара іс – қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.
Кәсіпкерлік субьектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады;
Заңдылық;
Кәсіпкерлік еркіндігі;
Кәсіпкерлік субьектілерінің теңдігі;
Меншікке қол сұғылмаушылық;
Адал бәсекелестік;
Тұтынушылар, кәсіпкерлік субьектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қол жетімділік;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;
Кәсіпкерлік субьектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін раттыру;
құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;
кәсіпкерлік субьектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;
сфбайлас жемқорлықтан азат болу;
кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау;
отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;
мемлекетің кәсіпкерлік субьектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;
жеке кәсіпкерлік субьектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;
кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;
мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы,
2.4Патенттiң қолданылу мерзiмi
Патент патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады
және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде:
өнертабысқа патент – жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар
туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады;
пайдалы модельге патент – бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан етіп ұзартуы мүмкiн;
өнеркәсiптiк үлгiге патент – он бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің
қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патенттік органға
(ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі.
3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан
Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен айқындалады.
4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы
мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді.
5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік
үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады.
Патент иесiнiң мiндеттерi
Егер өзгеше көзделмесе сатушы тауарды берумен бірге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерде немесе шартта көзделген, соған қатысты құжаттарды тауардың жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану тәртібін және т.б. куәландыратын құжаттарды беруге міндетті. Патент иесінің өнімді қорғалған шешімдерді қолдану арқылы өндіру патентпен қорғалған технологиялық процестерді өз өндірісінде қолдану қорғалғаншешімі бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиісті бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, патентпен қорғалған өнертабысты пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады. Осы Кодекске немесе басқа заң актілеріне сәйкес патент иленушінің құқықтарын бұзу болып табылмайтын пайдалану жағдайларын қоспағанда басқа адамдардың өнертабысты пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні патент иесінің рұқсатынсыз пайдалануға құқығы жоқ. Патентелген өнертабысты пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні қолданып жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдангу, импорттау, сатуға ұсыну, сату, азаматтық айналымға өзгедей енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа патентпен қорғалатын әдісті қолдану немесе тікелей өнертабысқа берілген патентпен қорғалатын әдіс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтаву патент иесінің айрықша құқығын бұзу болып табылады. Өзгеше дәледенбейінше бұйым патенттелген әдіспен жасалған болып табылады.
1) өндiрiсте пайдалануға жiберiлген сортты, тұқымды айналымға енгiзуге;
2) өсiмдiктiң тиiстi сортын немесе жануарлардың тиiстi тұқымын патенттi қолдану мерзiмi iшiнде сорттың немесе тұқымның сараптама органы белгiлеген ресми сипаттамасында көрсетiлген белгiлерi сақталатындай етiп ұстауға мiндеттi.
Егер
өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басқа
қорғау құжатын иеленушінің құқықтарын
бұзбай пайдалана алмайтын патент
иеленуші өзінің өнеркәсіптік меншік
объектісі маңызды техникалық жетістікті
білдіретінін және басқа қорғау құжатын
иеленушiнiң өнеркәсіптік меншік
объектісінің алдында айтарлықтай
экономикалық маңызға ие екенін дәлелдесе,
сот оған мәжбүрлі ерекше емес лицензия
беру туралы шешім қабылдауы
мүмкін.
Көрсетілген лицензияны беру
кезінде қорғау құжаты басқа тұлғаға
тиесiлi өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн
пайдалану шектерiн, мерзімдерін, төлем
мөлшерi мен тәртiбiн сот айқындауға тиiс.
Бұл ретте төлем мөлшерi қалыптасқан
практикаға сәйкес белгiленген лицензияның
нарықтық бағасынан төмен болмауға тиiс.
Патент иеленушi өзі алған қорғау құжатын
жеке немесе заңды тұлғаларға бере алады.
Өзгеге беру шарты уәкiлеттi органда
мiндетті түрде тiркелуге жатады.
Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде тұратын
жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды
тұлғалар уәкілетті органға шарт
құжаттарын өз атынан берген жағдайда,
шартты тiркеуге байланысты құқықтарды
Қазақстан Республикасының тiркелген
патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдері
арқылы жүзеге асырады.
2.6 Патент иесiнiң селекциялық жетiстiкке құқығы
Селекциялық жетiстiк патентi иесiнiң осы жетiстiктi селекциялық жетiстiктердi
қорғау туралы заң актiлерiнде белгiленген шекте пайдалануға айрықша құқығы болады. Патнет жаңалығы, ерекшелігі, біртектілігі және тұрақтылығы бар селекциялық жктістікке беріледі.
2.Егер өтінім жасалған күнге дейін белгілі бір селекциялық жетістіктің ұрығы немесе басқа да отырғызылатын материалы, асыл тұқымдық материалы мына аумақта;
1)Қазақстан Республикасында –өтінім берілген күнге дейін бір жыл бұрын; 2) кез келген басқа мемлекетте –өтінім берілген күнге дейін бір жылдық дақылдар бойынша төрт жыл бұрын және көп жылдық дақылдар, тұқымдар бойынша алты жыл бұрын сатылмаса және автор немесе оның құқықтық мирасқоры сортты, тұқымды пайдалану үшін басқа адамдарға бермесе, сорт тұқым жаңа деп есептеледі. Селекциялық жетістіктердің мемлекеттіәк тізілімдеріне тиісті тектер және түрлер негізілген күнге пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген тұқым тұқымға жаңалық талаптары қойылмай патентке қабілетті деп танылуы мүмкін. Мұндай селекциялық жетістіктерге осы Заңнын 3-бабында аталған патенттің қолдану мерзімі пайдалануға ұсынылатын жылдан бастап патент берілген жыл аралығындағы мерзімге қысқартылады. Осы заңнын 9- бабында көзделген уақытша құқықттық қорғау мұндай селекциялық жетістіктерге қатысты қолданылмайды.
3. Егер сорттың, тұқымның өтінім берілген кезде бар екені жалпыға мәлім кез келген басқа сорттан, тұқымнан анық өзгешелігі болса, олар ерекшелік өлшемдеріне сай келеді. Патент алуға өтінім беру немесе сорттың, тұқымның жаңа сорттардың, тұқымдардың ресми тізіліміне негізілуі, осы өтінім беру нәтижесінде патент берілген немесе сорт, тұқым аталған тізілімге енгізілген жағдайда, сортты, тұқымды өтінім берілген күннен бастап кез келген елде жалпыға мәлім етеді. Сорттардың тұқымдардың жалпыға мәлімділігі өсіру, пайдалану және жариялау фактілері бойынша да белгіленуі мүмкін. Сорттың тұқымның сипатталу және айрықша ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілер қалпына келтірілетін және де дәл сипаттауға ыңғайлы болуға тиіс.
4.Егер сорттың тұқымның көбею ерекшеліктерін енсепке алғанда осы сорт өсімдіктері немесе тұқым селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болса, сол сорт пен тұқым біртекті деп аталады.
5.Егер сорттың тұқымның негізгі белгілері-әрбір көбеюден кейін, ал көбейюдің ерекше циклы жағдайында көбейюдің әр цикылының соңында өзгеріссіз қалса, олар тұрақтылық өлшеміне сай келеді. Патент алуға өтінім сараптама жасау ұйымына беріледі. Автордың немесе оның құқықттық мирасқорының патент алуға өтінім беруге құқығы бар. Селекциялық жетістік қызмет тапсырмасын немесе қызметтік міндеттерді орындау кезінде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушінің арасындағы шартта өзгеше көзделмесе патент алуға, өтінім беру құқығы жұмыс берушуге тиесілі болады. Егер сарапшы ұйымға бір мезгілде бір сол селекциялық жетістікке патент беруге екі немесе одан да көп өтінім түссе, неғұрлым бұрын ұсынылатын өтінімге басымдық белгіленеді. Егер өтінім берушілер арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, бұл өтінімдер бір күнде ұсынылатын жағдайда, патент сарапшы ұйым берген неғұрлым бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі. Басымдылық селекциялық жетістіктерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қатысушы елде бірінші өтінімнің берілген күні бойынша белгіленуі мүмкін. Өтініш беруші бірінші өтінімнің ковенциялық басымдық құқығын ол берілген күннен бастап 12 ай ішінде пайдаланады. Конвенциялық басымдық құқығын пайдаланғысы келген өтініш беруші сараптама жасау ұйымына ұсынылатын өтінімде бірінші өтінімнің басымдық күнін және келесі өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде бірінші өтінімнің осы өтінім берілген орган куәландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.
Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылу мерзiмi
1.Патентті
күшінде ұстап тұрудың белгіленген
мерзімінде төленбеуіне байланысты
төлемнің белгіленген мерзімі өткен
күннен бастап тоқтатылған селекциялық
жетістікке патенттің қолданылуы патент
иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына
келтірілуі мүмкін.
Мұндай өтінішхат патентті күшінде ұстап
тұру үшін төлемнің белгіленген мерзімі
өткен күннен бастап үш жыл ішінде
патенттің қолданылуын қалпына келтіру
төлемі туралы құжат ұсынылған кезде,
бірақ осы Заңға сәйкес белгіленген
патенттің қолданылу мерзімі өткенге
дейін берілуге тиіс.
Сараптама
ұйымы патенттің қолданылуы қалпына
келтірілгені туралы мәліметтерді
бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ оларды
өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Жариялау күні патенттің қолданылуын
қалпына келтіру күні болып табылады.
2.
Патенттелген селекциялық жетістікті
патенттің қолданылуы тоқтатылған күн
мен патенттің қолданылуы қалпына
келтірілгені туралы мәліметтер
бюллетеньде жарияланған күн арасындағы
кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында
пайдалана бастаған не көрсетілген
кезеңде осыған қажетті дайындықтарды
жасаған кез келген тұлға патенттелген
селекциялық жетістікті одан әрі өтеусіз
пайдалану құқығын осындай пайдаланудың
(соңынан пайдалану құқығы) көлемін
кеңейтпестен сақтайды.
Соңынан
пайдалану құқығы басқа жеке немесе
заңды тұлғаға осы селекциялық жетістікті
пайдалану орын алған немесе осыған
қажетті дайындықтар жасалған өндіріспен
бірге берілуі мүмкін.
Селекциялық жетiстiкке патенттiң қолданылуы патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм
берiлген күннен басталады және жиырма бес жыл бойына жалғасады.
Селекциялық
жетiстiктердiң жекелеген түрлерi үшiн
патенттi қолданудың неғұрлым ұзағырақ
мерзiмi, сондай-ақ оларды патенттiк
органның (ұйымның) ұзарту мүмкiндiгi
селекциялық жетiстiктер туралы заң
актiлерiмен белгiленуi мүмкiн. Өнертабысқа
патент өтiнiм берiлген күннен бастап
жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының
рұқсаттар және хабарламалар туралы
заңнамасында белгіленген тәртіппен
рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік
затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын
өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың
және осы құқықты куәландыратын патенттің
қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң
өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан
аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле
отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім
берілген күннен бастап өнертабысты
қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге
дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
Пайдалы модельге патент өтінiм берiлген
күннен бастап бес жыл бойы қолданылады.
Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң
өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан
аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген
күннен бастап он бес жыл бойы қолданылады.
Оның қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң
өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан
аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Өнертабысқа, пайдалы модельге және
өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу
мерзiмiн ұзарту тәртiбiн уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
ІІІ Қорытынды
Патент - patent — мына мән-жайларды:
1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құқық иеленетіндігін куәландыратын құжат. Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құқығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйақы төлей отырып, патентті мемлекет немесе онын еркі бойынша белгілі бір ұйымның колданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін. Көптеген елдерде кезделген патент иесінің құқықтарын қорғау шараларының бірі ұқсас өнертабыс көрінетін бұйымдарды енгізуге жаза қолдану болып табылады (өтемақы, келтірілген зиянды жою туралы талап арыз қою т.б.). Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар койылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «колданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы. Кейбір елдерде жаңалығын бұл жағдайлардың қайда болғанына байланыссыз мемлекет ішінде немесе шетелдерде жариялануы мен қолданылуы бұзады, тежейді. Екінші рет басқа мемлекеттерде өнертабыс жаңалығын өз мемлекетінде де, шетел елінде де жариялау мен қолдану бұзады. Ал өзге мемлекеттерде өз мемлекетінің аумақтық сипаты ғана болмау үшін халықаралық келісімдер жасасу қолданылады.
Патенттеу мақсаты - сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Патенттің негізгі қызметі жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттің монополия және өнеркәсіп меншігінің объектісі ретінде түсінігі аса кең тараған. Патент иеленуші өзінің өнертабысын пайдалануына айрықша құқықты иеленеді, аталған монополиялық ұқсастық меншік иесінің өз құқықтарымен сипатталады. Құқығы жоқ тұлғаның бұл объектіні пайдалануы заңсыз деп есептеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы (16 шілде 1999 ж., 2007 жылғы еңгізілген өзгертулерімен);
2.Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» Заңы (26 шілде 1999 ж.);
3.Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңы (13 шілде 1999 ж.);
4.Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы» Заңы (10 маусым 1996 ж.);
5.Өнертабысқа инновациялық патент және патент, пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру және қарастыру жөнінде Нұсқау;
6.Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелері;
7.Патенттік құқық: Заңды актілер жинағы //Құрастырушы Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жеты жарғы. 1996.
|
Страница |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген