Патриотиз-ұлттық рухтың асқақ белгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Патриотиз-ұлттық рухтың асқақ белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы
«Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы
балаларды қолдау орталығы» КММ

«Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ
белгісі»
Ашық тәрбие сағаты

Орындаған: Сарсенбаев Султан Алтынбекович
«Рауан» отбасылық тобының тәрбиешісі

2021 жыл

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»
Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту
және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағаапалардың ерлігін үлгі ету.
Армысыздар! Құрметті ұстаздар, балалар.
Бүгінгі «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» атты тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер.
1 жүргізуші: Агеева Виктория
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың
әнұранымен бастамақпыз.
Әнұран орындалады.
Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде
қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін,
суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.
Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін
халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.
2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың
бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен
елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі
«Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет
Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.
1-жүргізуші: Агеева Виктория
Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
аңыз - ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі
ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып
табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді 3 кезеңге бөліп отырмыз.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері:
1.
2.
3.

Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар сыр
шертеді (сұрақ-жауап)
Негізгі ұғымдармен жұмыс
Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық
батырлардың ерліктері

2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан
Алғашқы кезең. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер,
жырлар сыр шертеді (сұрақ-жауап)
1. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан
Молдағалиев). Міне керемет,бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ
екенін білдіреді.Олай болса келген қонақтарға осы өлеңнің бірер шумақ
аитып жіберсеңіз.
2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес,
көкпар, тоғызқұмалақ, асық)
3. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық
т.б.)
5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (Домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз,
жетіген) Ия дұрыс достар, соның ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері
қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол –
қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар
аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді
сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының
қалыптасуына ықпал еткен. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра
демекші Даулет ұлдарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның үнін
тыңдайық. Күй «Адай»
6. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
7. Мақал, мәтел халықтың барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде
айтады. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?
(«Еңбек түбі-мереке», «Ат-ер қанаты», «Еңбегі аздың – өнбегі аз», «Туған
жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген
ер болар» т.б.)
8. Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары
қандай болған? (Олар халықты езушілерге қарсы күрес жүргізеді, еңбек
адамын азаптан, құлдықтан, ауыр өмірден құтқару үшін халықты бақытқа
жеткізу үшін әрекет етеді)
9. Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс
батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»).
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, түйемұрындық
(ғұрып), өңір салу (дәстүр), шаңырақ көтеру (салт), қыз ұзату (салт, той),
тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. )
Топ тәрбиешісінің сөзі:
Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін байқадық.
Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта өте көп екен. Ал,енді
қонақтар,оқушылар келесі кезеңге кезек берсек.

2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан
ІІ кезең. Негізгі ұғымдармен жұмыс
- Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет
алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау;
- Отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну.
Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық
меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген
адалдық, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін
мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен
Отанының тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді
туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның
ішіне сияды.
- әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға
моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім
жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де
ол үшін жауаптымын» - деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Әскери-патриоттық
тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі
жағынан даярлау болып табылады.
1-жүргізуші: Агеева Виктория
Жалпы патриот дегеніміз ол сіздер айтқандай елін сүйетін, отанын сүйетін жас
өрең. Осындай патриот жастарымыз көбейе берсін дей отырып «Қазақ жастары» атты
патриоттық әнге кезек береміз. Юлдашева Насиба
2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан
Жарайсың Насиба, енді соңғы кезең 3 кезең
ІІІ кезең. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық
батырлардың ерліктері
1-жүргізуші: Агеева Виктория
Қазақтың қара жеріне кіндік қандары тамған қас батырларымыз Б.Момышұлы:
«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі
мен қасиеті», деп Отанға деген сүйіспеншілік оның әрбір азаматының жүрегінен
туындауы керек деп жеткізсе, Ұлы Отан Соғысының шегіне жете беріп,
қаһармандықпен қаза тапқан Баубек Бұлқышев: «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ
жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін істеу-қуаныш, мақтаныш. Отанға деген
махабатты бізде өлшеуге болмайды», деп жүректің пәктілігі ғана Отанды анасындай
қастерлеуге тәрбиелейтінін айтады.

Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен емес, іспен дәлелдей білген батырларымыз
көп. Отанымыздың патриот тұлғаларға арналған бейнеролигімізді тамашалаймыз.
Бейнеролик «Қазақстан - ұлы жеңіске ұлы үлес».
«Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк» - Елмуратова Мухаббат
2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан.
Ал,ендеше қазақтан тек қана ер азаматтар ғана емес, қазақтан батыр қыздарды
шыққанын міне көрдік. Келесі кезекті «Әлия» атты батыр қызымызға арналған әнге
кезек береміз. Юлдашева Насиба
Топ тәрбиешісінің сөзі:
Қорытынды: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев отансүйгіштікке баулып,
патриоттық сезімін ояту мақсатында: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,
адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі
жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді
ұмытпа!» деген болатын. Олай болса жүрегі елім деп соққан азаматтарымыз көбейе
берсін демекпіз!
2-жүргізуші: Серікбаев Есімхан
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғысымыз
шексіз. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
27.02.2023
442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі