Материалдар / Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2019
614
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі: 22.10.18 ж.Тобы: «Сұңқар»Тәрбиеші: Қожақұлова Н.Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы: Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісіМақсаты: Оқушылардың  Отанға  деген  патриоттық  сезімдерін  ояту.Өз  Отанына  шексіз  берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету. Тәрбиелік: Оқушыларды Отан сүйгіштікке,  елжандылыққа  тәрбиелеуТүзету жұмысы: Ойлау қабілетін дамыту. Көз жаттығуларын жасату.Түрі. Тәрбие сағатыӘдісі: ТүсіндіруКөрнекілігі: суреттерБарысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - оқушылардың қызығушылығын ояту.ІІ.Кіріспе. Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ  халқы  да  жалпы  шығыс,  оның  ішінде  түркі  тілді  халықтардай  Отанын,  жерін,суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан  өзімен бірге дамып келеді.  Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін  жан  билесе,  Отан  тәнін  халқының  оған  деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.  Елбасының  Қазақстан  халқына Жолдауында  «Өз бойымызда  және  бабаларымыздың  бойында  жаңа қазақстандық  патриотизмді  тәрбиелеуіміз  керек».  Бұл  ең  алдымен  елге  және  оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», деген сөзінің өзі  «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей.  Осыған орай бүгінгі тәрбие сағатымыз  3 кезеңнен тұрады.  Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері: 1.Ежелгі  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  аңыз-ертегілер,  жырлар  сыр шертеді (сұрақ-жауап) 2.Негізгі ұғымдармен жұмыс 3.Ұлы  Отан  соғысындағы  түрлі  ұлт  өкілдері  –  Қазақстандық батырлардың ерліктері 1.«Мен  қазақпын,  мың  өліп,  мың  тірілген»  өлеңінің  авторы  кім?  (Жұбан Молдағалиев).  Міне  керемет,бұл  өлеңнің  тарихы  өте  жақсы  қазақтың  қазақ екенін  білдіреді.2.Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, көкпар,тоғызқұмалақ, асық)  3.Қазағымыздың әйгілі  үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)  4.Қасиетті  киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық т.б.) 5.Қазақтың  ұлттық  аспаптарын  ата  (Домбыра,  қобыз,  сазсырнай,  дауылпаз, жетіген)  Ия  дұрыс  достар,  соның  ішіндегі  домбыра  сан  ғасырлардан  беріқазақтың  сырын  сақтаған,  қазақ  даласында  кеңінен  танымал  аспап. Ол  қазақтар  өмірінде  маңызды  орын  алатын,  өзіндік  музыкалық  сипаты  бар аспап.  Алғаш  эпикалық  дәстүр  шеңберінде  жыр,  толғау,  термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығармакүй жанрының қалыптасуына  ықпал  еткен6.Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) («Еңбек  түбі-мереке»,  «Ат-ер  қанаты»,  «Еңбегі  аздың  –  өнбегі  аз»,  «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер болар» т.б.)  8.Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары қандай  болған?  (Олар  халықты  езушілерге  қарсы  күрес  жүргізеді,  еңбек адамын  азаптан,  құлдықтан,  ауыр  өмірден  құтқару  үшін  халықты  бақытқа жеткізу үшін әрекет етеді) 9.Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»).  10. Қазақ халқының салтдәстүрлерін атаңыз (беташар, жаржар, түйемұрындық (ғұрып) өңір  салу  (дәстүр),  шаңырақ  көтеру  (салт),  қыз  ұзату  (салт,  той), тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. )  Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта өте көп екен. ІІ кезең.Негізгі ұғымдармен жұмыс. Патриотизм  дегеніміз  –  Отанға  деген сүйіспеншілік,  әрбір  азаматтың  мемлекет  алдындағы борышын жанқиярлықпен  ;  -  отаншылдық  патриотизм  –  бұл  елдікті,  мемлекеттілікті  саналы  түрде  сезіну. Мәселен,  кез  келген  адамның  өзі  туып-өскен  жеріне  бауыр  басуы,  ана  тілін  толық меңгеріп,  оған  құрметпен  қарауы,  өз  Отанының  мүддесін  ойлау,  туған  жеріне  деген адалдық,  өз  елінің  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  саладағы  жетістіктерін мақтан  ету,  өз  Отанының  бостандығы  мен  Тәуелсіздігін  қорғау,  ата-бабаларың  мен Отанының  тарихына  құрметпен  қарау,  сондай-ақ,  өзіңнің  табанақы,  маңдай  теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды.  -  әскери  патриоттық  тәрбие  –  жас  өренді  Отанды  қорғауға  ұдайы  әзір  болуға моральдық  және  дене  бітімі  жағынан  даярлау  болып  табылады.  Әрбір  жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен  үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол  үшін  жауаптымын»  -  деген  қарапайым  ойды  меңгеруі  керек.  Әскери-патриоттық тәрбие  –жас  өренді  Отанды  қорғауға  ұдайы  әзір  болуға  моральдық  және  дене  бітімі жағынан даярлау болып табылады.  ІІІ кезең. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері Қазақтың  қара  жеріне кіндік  қандары  тамған  қас  батырларымыз  Б.Момышұлы: «Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен  қасиеті»,  деп  Отанға  деген  сүйіспеншілік  оның  әрбір  азаматының  жүрегінен туындауы  керек  деп  жеткізсе,  Ұлы  Отан  Соғысының  шегіне  жете  беріп, қаһармандықпен  қаза  тапқан  Баубек  Бұлқышев:  «Адал  адам  Отанын  сүйеді.  Адал,  ақ жүрекке  Отан  анасындайтанның  дегенін  істеуқуаныш,  мақтаныш.  Отанға  деген махабатты  бізде  өлшеуге  болмайды»,  деп  жүректің  пәктілігі  ғана  Отанды  анасындай қастерлеуге тәрбиелейтінін айтады. Отанға деген сүйіспеншілігін сөзбен емес, іспен дәлелдей білген батырларымыз көпл,ендеше  қазақтан  тек  қана ер  азаматтар ғана емес,қазақтан батыр  қыздарды  шыққанын  білеміз.ІV.Қорытынды:  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  отансүйгіштікке  баулып,патриоттық  сезімін ояту  мақсатында:  «Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның    ашыса, адамзаттық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз  мемлекетінің  нығайыпкөркеюі жолында  жан теріңді  сығып  жүріп,  еңбек  ет.  Жердің  де,  елдің  де  иесі  өзің  екеніңдіұмытпа!»  дегенболатын.  Олай  болса  жүрегі  елім  деп  соққан  азаматтарымыз  көбейе берсін демекпіз! 







Тексерілді:________________

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!