«Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»

Материал туралы қысқаша түсінік
8-9 сынып жетекшілері сынып сағатына пайдалана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»

(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету.

Көрнекілігі: слайд,кеспе қағаздар,стикер

Түрі: дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз: «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі»

атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын өз еліміздің яғни Қазақстанымыздың Гимнымен бастамақпыз.

Гимн орындалады

1-жүргізуші :Тоқмолда Тоғжан

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ.

Мұхтар Камилла:Олай болса дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өтейін.
Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз - ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі сынып сағатымызды 3 кезеңге бөліп отырмыз.

Алғашқы кезең. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ-жауап)

1.«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан Молдағалиев). Міне керемет,бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ екенін білдіреді.Олай болса келген қонақтарға осы өлеңнің бірер шумағын айтып жіберсеңіз.

2.Қазақтың ұлттық ойындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық)

3.Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай)

4.Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық т.б.)

5.Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (Домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген) Ия дұрыс достар, соның ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма-күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші Тоғжан қыздарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның үнін тыңдайық. Күй «Балбырауын»




6.Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

7.Мақал, мәтел халықтың барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтады. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер? («Еңбек түбі-мереке», «Ат-ер қанаты», «Еңбегі аздың – өнбегі аз», «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер болар» т.б.)

8.Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары қандай болған? (Олар халықты езушілерге қарсы күрес жүргізеді, еңбек адамын азаптан, құлдықтан, ауыр өмірден құтқару үшін халықты бақытқа жеткізу үшін әрекет етеді)

9.Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»).

10.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, түйемұрындық (ғұрып), өңір салу (дәстүр), шаңырақ көтеру (салт), қыз ұзату (салт, той), тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. )

Тоқмолда Тоғжанның сөзі:

Алғашқы кезеңіміз аяқталды. Бұл кезеңде оқушылардың білгір екенін байқадық. Салтымызды сақтайтын, баба үмітін ақтайтын оқушылар қазақта өте көп екен. Ал,енді қонақтар,оқушылар келесі кезеңге кезек берсек.

Енді бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Патриотизм дегенді қалай түсінесің?
2.Жалпы патриотизм деген не?

3.Патриот екенін қайдан білуге болады ?

4. Отанға деген махабаттың қайнары қай нәрселер?

5. Сіз қазіргі уақыттың нағыз патриоты деп кімді айтар едіңіз және неге?

Өзін ұлтының патриотымын деп санайтын әрбір азамат қазақ ұлтының мүддесін кез-келген артықшылықтар мен жеке басының мүддесінен жоғары қоюы тиіс. Қажет болса жанын да қиюы керек.

Ұлт патриоттары қазақ қызын сыйлауды бірінші орынға қояды. Біз қыздарымызды сыйлау арқылы ұлтымызды сыйлаймыз. Қазақ қызы-қазақтың анасы. Ана-болашақ ұрпақтың бастауы, қайнар көзі. Бұлақтың басы лай болса, одан таза ұлт шығуы мүмкін емес.

Пікірталасымызды ары қарай жалғастырайық. Қажетті де, қызықты мәліметтерді алдық, келесі ой қозғайтын сұрақ:



3-кезең: «Болашаққа қадам» екі топқа бір сұрақ беріледі,сол сұрақ төңірегінде қағаз бетіне сурет салу мақсатында өз ойларын жеткізу. Уақыт: 7 минут.

Сұрақ: «Мен өз елімнің патриоты бола отырып,өз елімді қалай көркейтемін?»

4-кезең: Екі топ өздері білетін қазақ елінің патриоттық бес әнінің аттарын атау.

.

Бейнежазба көрсету.

Кері байланыс алу:Енді өздерініз бағалаңыздар бүгінгі дөңгелек столда «Ең белсенді кім болды?»

Рефлексия

Қорытынды :
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті.
Бүгінгі сабағымызда не үйрендік,не білдік? Сонымен қорыта келгенде, қазақстандық патриотизм, ол – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі бізде ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ тіл мен мәдениет. Басқа ұлт өкілдері осыны саналы түрде қабылдауы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың маңыздылығы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбектері толық қамтылып, жазылған. Бұның өзі көп нәрседен хабар берсе керек.

Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.

Оқушылар бүгінгі «Патриотизм – ұлттық рухтың асқақ белгісі» аясында өткізілген тәрбие сағатымыз осымен аяқталды
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
2779
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі