жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Патриотизм ұғымын қалай түсінемін?
ШҚО.Семей қаласы
«Экономикалық лицей» КММ
103 группасының оқушысы
Жаксылыков Акежан
Реферат тақырыбы: Патриотизм ұғымын қалай түсінеміз?
Елбасы Н.Назарбаев «Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн».
Қазыбек би
Қазақстандық патриотизм
Атадан
жақсы ұл туса,
Елінің туы
болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің
соңы болады деген.
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төре, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың басындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхан, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, т.б. ұлт зиялылары мен қайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би “Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі” деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық
байлықтан да жоғары бағаланды.
Қазіргі
кезде Қазақстан өмірінде “қазақстандық
патриотизмді” қалыптастыру және оны
азаматтардың ой-санасына сіңіруді
мемлекеттік дәрежеге көтергенімен,
Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың
шешілмеген мәселелері бар.
Қазақстандық
патриотизм – ел азаматтарының
республиканың бүгінгі тұрақты өмірі
мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі
мен күрескерлігі іспетті.
Отаншылдық
– елжандылық туған отбасына, туып-өскен
ортаға, туған топырағы мен табиғатына
деген құрметтен басталады. Сондықтан
Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік
қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы
– ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның
мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат
қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани
құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен
биліктің басқаруымен
енгізу мүмкін емес.
Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп
өсетіндей істеген жөн”- дейді.
Міне, осы сөздің өзі – тұлабойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.
Патриотизм ұғымының сипаттамасы
Патриотизм ұғымы қазақ энциклопедиясында былайша сипатталған ол грек сөз «Patriotes» - отандас, «Patris» - Отан, туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отаның игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері
ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды.
Патриотизмді қазіргі көзқараспен ұлтжандылыққа, ел жандылыққа сыйғызамыз.
Олай болса, патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол тарихи және топтық категория бола отырып қоғам дамуымен бірге дамып жаңа мағынаға, мазмұнға
толықтырылып отырады.
Патриотизм - әлеуметтік тарихи қалыптасқан сезім. Ол Отанға деген сүйіспеншілік сезім, олай болса Отанға қызмет көрсетуден басталады.
Халқымыздың патриот ұлы Б. Момышұлы: «Біздің тарихымыз – батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азамат пен кісілікті символы, санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған, халықтың ұрпағы тұл келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық».
Патриоттық тәрбиені жаңаша түсінуіміз
ХХ ғасырдағы елім, жерім, ұлттым деп еңіреген ұлтжанды азаматтарымызды (М.Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов т.б.) нағыз патриот ерлер қатарына жатқызамыз.Олар тар жол, тайғақ кешулі тарихи өмірді өз бастарын бәйгеге тігіп, ғұмырларын сарп етті. Ұлт намысына қамшы болар аталы сөз айту, қалың елдің қамын жеп, мұңын жоқтау асыл аталарамыздың ғана қолына келген.
Демек, арғы ата тегімізде бар ұлтшылдық, елжандылық, намысшылдық, қайсарлық қасиеттер ұрпақтарының өн бойында болуы тиіс. Біздер болашақ ұрпақ ұлтжандылық мақсатта тәрбилеуіз тиіспіз.
Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен – тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл – қазақ болуымыз үшін, дін адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет.
Патриоттық тәрбиені ойға алғанда, бірінші санаға Отан түсінігі келеді. Сондықтан осы түсініктің санада орнығуына байланысты патриотизмнің мынадай екі қырын көруге болады.
1. Отан туралы жалпы түсінік. Ол халықтың дамуы, тарихы, қорғаныс тәсілдері, патриоттық пікірлер, көңіл-күйі, дәстүрлері мен саналы сезімі кіреді.
2. Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол – отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жеті меңгеруі.
Отанға қызмет көрсету тұрақсыздығы патриоттың идеялар, патриоттық мінез – құлық нормалары. Ал «Отан» сөзіне анықтама берсек, ғалым А.С. Жүнісовтың айтуынша ол үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Туған жер, яғни халықтың өзі жасаған тарихына байланысты этикалық аймақ
2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан белгілі бір халық.
3. Отанның типін анықтайтын қоғамдық – экономикалық және әлеуметтік саяси құрылыс.
Ата-бабаларымыздың ерлік істерінен, аңыз әңгімелерінен, батырлар жырынан мысал келтіре отырып, солардан үлгі алу, өзімізді солардың ұрпағы екендігіне көз жеткізе отырып, еліктеу арқылы іске асыруға болады. сондықтан әр адамның бойына Отанға, халқына шын берілгендіктен, ата салтына, ел тарихына деген құрмет, ерлік рухы қалыптасуы керек.
Патриоттық тәрбиенің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны – байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі киелі орындар.
Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Олай болса, патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше.
Әскери-патриотизм тәрбиесі біздерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Біздер әрдайым өмірге қызыға қараймыз.
«Патриотизм,-дейді Б.Момышұлы, Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамнын аман-саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқандау патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оның жеке алдаммен барлық жағынан - өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.
Қазақстан Республикасының президенті Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» - деп жазды.
Қазіргі жағдаида әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруде өткен әскер тарихын зерттей отырып, бүгінгі өмір талабына сай оның мазмұнын, міндеттерін терең ұғыну керек. Әскери-патриоттық тәрбие берудің басқа тәрбие процестерінен өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, әскери-патриоттық тәрбие беруде негізінен, әр түрлі жағдайларда Отанын қорғауға даяр тұру, әскери міндетін атқаруға және күнделікті бейбітшілік сақтау үшін күреске дайындық жұмыстары қамтылады.
Қорыта келгенде, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру біздердің бойымыздағы сана - сезімді, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен еліміздің тәуелсіздігін, ынтымағын, бірлігін сақтап қала алатын патриот - азамат тәрбиелеуге толық мүмкіндігіміздің бар екендігі анық. Осы жолда сілтер бағытымыз, көрсетер жолымыз түзу болсын дегім келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген