400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Патриоттық әндер сайысы. бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаттарын өткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әнім сенсің туған ел!»

(патриоттық әндер сайысы)


Мақсаты: Балалардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ел ішіндегі өнерлі оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шар, слайд, гүл.

Байқаудың шарты:

-дауыс үндестігі

-сахналық жүрісі, киімі

-орындау шеберлігі


Ашылуы: 4сынып Бишілер тобы

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

«Рухы күшті ел – алынбайтын қамал» дейді халық нақылы. Отан – қасиетті ұғым. Отанымызға, туған халқымызға адал қызмет ету- біздің азаматтық борышымыз. «Әнім сенсің туған ел!» атты патриоттық ән сайысы жас жеткіншектер бойында Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға тәрбиелей отырып, ұлттық мінез, ұлттық намысты қалыптастыратын өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізіліп отыр.



Бастауыш сыныптар бойынша 21сәуір мен 26 сәуір аралығында өткізілген апталық қорытындысына қош келдіңіздер!Алғашқы құттықтау сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есетова Анаргуль Есқарақызына беріледі.


Апталыққа орай ұйымдастырылған мектепішілік шараларға белсене ат салысып қатысқан оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер!


  1. «Ынтымағымызды өлеңмен өрнектеп»атты 1-2 сыныптар аралығында мәнерлеп оқу сайысы бойынша:

3-орын: 1 в сыныбы Жангалиев Арсен, 2а Ешмуханова Амина, 2б Бақтығали Камила.

2-орын: 2а Ғайса Айслу, 2б Утеген Қаракөз.

1-орын: 1б Ергенов Мансур






  1. «Жаса мәңгі, Жеңіс күні!» атты 3-4 сынып оқушылары арасында өткізілген мәнерлеп оқу сайысы бойынша:

3-орын: 3в Махсутова Айнамкөз, 3в Туралы Айқын.

2-орын: 4б Серикова Саида, 3б Саламат Аружан

1-орын: 4в Сергалиева Асем


  1. «Елімнің табиғатын қылқаламмен бейнелеймін» 1-4 сынып оқушылары аралығында сурет сайысы бойынша

3-орын: 2в Ғаллем Милана, 2б Аманғали Айназ,1б Талап Медина

2-орын: 3а Елентай Санжан, 3б Туребай Медина, 4а Жумашева Шолпан

1-орын: 4а Қошан Әділ


  1. «Туған жерімнің жас келбеті» коллаж жасау сайысының қорытындысы бойынша:

3-орын:

3в Абуова Аянат,1б Жалғасова Аяжан, 3а Ғаділше Аружан, 2а Қожаберген Айзида

2-орын: 1г Хамит Сабина, 4а Абдуғожи Медина, 2б Сейілхан Көркем .


  1. 4сыныптар ата-ана мен оқушы арасындағы «REDAх» жобасы бойынша

4 «а» сыныбы Базарбаева Саида мен әжесі Есенгалиева Мадина Бисеновна

4 «б»Ренатова Эльназ әжесі Арыстанова Дәметкен апай

4 «в» Ғалымжан Сабина мен анасы Латипова Айнұр

Алғыс хаттармен марапатталады.


Жүргізуші:

Мерейім – нұрлана бер, азат күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

-демекші, ендеше патриоттық әндер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!



Бүгінгі сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:


Жүргізуші:ӨНЕРПАЗДАРЫМЫЗДЫҢ НАЗАРЫНА:Сайыста әннің орындалу шеберлігі,әннің тақырыпқа сай таңдалуы, киім киісі және сахнада өзін ұстай білуі ескеріледі , ұпайлары жабық түрде бағаланады.


Жүргізуші:

Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастайық біз.

4б « Туған жер » әнімен Айтпай Азилхан мен Дауренді қарсы алайық

3б «Катюша» әнімен Ізбасар Алихан мен ағасы Сериков Алихан қарсы алайық.

3в «Батырлар ұраны» әнімен Бауыржан Ақерке мен әкесі Ишанов Алимгерейді ортаға шақырамыз.

2а «Қазақстаным» Уалиев Султан мен әкесі Ғазизжанов Альберт қарсы алайық.

2б «Қазақтай ел қайда» әнімен Хасайн Диас пен ағасы Дарханды ортаға шақырайық.

1а «Жаяу» әнімен Бақтағали Салимжан мен әкесі Салимов Рустам Бактагалиевичты қарсы алайық.


Жас жеткіншектердің өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсатында өткізіліп жатқан мектепішілік

«Әнім сенсің туған ел!» атты патриоттық ән сайысын қорытындылайтын сәт те келіп жетті. Әділ қазылар алқасына кеңесу үшін 15мин уақыт беріледі.


Қорытынды шыққанша 2б сынып оқушысы Аманғали Айназдың орындауында «Мен қазақтың қызымын» әнімен қарсы алайық.


Марапаттау сәті

Осымен мектепішілік «Әнім сенсің туған ел!» атты патриоттық ән сайысы аяқталды. Келесі жүздескенше сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
1562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі