« Мен елімнің
патриотымын» ән байқауы
сценарийі
1- Жүргізуші:
Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының
үмітін ақтар жас ұрпақ. Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын
тіккен жер!
Көп ұлттардың бір кісідей мандай терін төккен
жер!
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен
өтті. Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай
елде туғанымызға бақыттымыз. Сіздердің назарларыңызға 1-4 сынып
оқушылары арасында өткелі отырған «Мен елімнің патриотымын» ән
байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп
жариялаймыз!
Қазақстан Республикасының
Әнұраны орындалады.
1-
Жүргізуші:
Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған
жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна
мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау
жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша
анықталады. Балдың ең кіші ұпай саны 3, ең үлкен балдық жүйе 5
ұпай.
Енді әділ қазылар алқасымен таныс
болайық!
1.Қосымша білім беру педагогы: Ильясова Орын
апай
2. Биология пән мұғалімі: Абенова Сара
апай
3 .Музыка пән мұғалімі: Тайырханова Аякөз
апай
2-
Жүргізуші:
Қазақстаның көк байрақты нұрлы
елім,
Сен
дегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің
қуынышым,бақытым
Өзің менің тынысым да
тірегім
Сіздердің алдарыңызда: Султанов Шадыбай
«Достығымыз жарасқан» : әнімен қабыл
алыңыздар.
1.Жүргізуші:
Мерейім - нұрлана бер азат
Күнім!
Көрдік біз бұл бақыттың
азаттығын,
Таңымды тамылжытқан әсем
әнмен
Тыңдаңыз елін сүйген жастар
үнін!
Бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді
ортаға шақырамыз.
1 «А» сынып оқушысы : Қаңлыбай Айдархан «Көк
тудың желбірегені» әнімен қарсы
алыңыздар.
2 -Жүргізуші: 4 «ә» сынып оқушысы: Байдулла
Назерке « Қыз арманы «
әнімен
Би : 4 «ә» сынып оқушылары орындауында:
«Флешмоб»
1-Жүргізуші:
Ел тұрады шаттық, қойып
көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да
төріңде
Ірге тасын жатыр берік
қаланып
Бетті бұрдық алға-жарқын
өмірге!
1 «б» сынып оқушысы: Түймебай Рамазан «Туған
жер » әні. Қабыл алыңыздар.
1 «б» сынып оқушысы: Зикирла Бекарыс
«Тұлпарым» әні. Қабыл алыңыздар
-
Жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар
едім.
Болашақ ұрпағының бақыты
үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ
елім!
2 «а» сынып окушысы Рахматтулла Шапағат
«Әлия» әнін қабыл
алыңыздар.
2-
Жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар
едім.
Болашақ ұрпағының бақыты
үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ
елім!
2 «ә» сынып окушысы Дильдора,
Иманғали,Ханзада орындауында: « Атамекен» әнін қабыл
алыңыздар.
2 «ә» сынып оқушысы : Бастарбек Балжанның
орындауынды: «Бұлқынды жүрек» әнін қабыл
алыңыздар
Келесі кезекте би: «Қазақ қыздар» 2 «ә» сынып
оқушыларының орындауында.
1-Жүргізуші: .
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім
менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім
менің
Бүгінде бар әлемге даңқың
жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім
менің
Ортаға 3 «Ә» сынып окушысы : Анас Дінмұхаммед
«Алға қазақ жігіттері » әні. Қабыл
алыңыздар!
2-
Жүргізуші:
Аман боп халқымыз
мәңгілік,
Жүрейік достықта сән
құрып.
Бірлік пен ынтымақ
нығайса,
Атады әрқашан таң
күліп.
Ортаға 4 «а» сынып оқушысы:Рахматтулла Ораз
«Қазақ жастары» әнімен қарсы
алайық.
Би : 4 «а сынып оқушылараның орындауында: Би
« Флешмоб» қабыл алыңыздар.
4 «а» сынып оқушылары: Би: «Біздің жігіттер»
қарсы алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді
елімде,
Қалықтасын қыран құсы
көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік
бейнесі,
Әуелесін Қазақстан
жерінде - Деп келесі кезекті –Журабай Әділет
«Дүр қамшы» мәнерлеп оқу:
4 «ә» сынып оқушысы Джурабай Умида «Қазақтай
ел қайда» әнін. Қабыл
алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Астанам –нұрлы
астанам,
Гүл жайнаған жас
қалам
Егеменді
елімді
Болашаққа
бастаған.-
4 «ә» сынып оқушысы
Журабай Әділеттің « Бір жұлдызың
боламын» әні. Қабыл
алыңыздар.
1-Жүргізуші: Бүгінгі патриоттық әндер
сайысына қатысушы үміткерлерімізді түгелдей тыңдап шықтық. Әділ
қазылар әділ баға береді деп сенеміз. Әділ қазыларымыз шешім
қабылдағанша ортаға 4 «ә» сынып оқушылары « Флешмоб » биімен қарсы
алыңыздар.
2-Жүргізуші:
Кең далам, көл-дариям, сеңгір
тауым,
Бабалар жеңді ерлікпен небір
жауын.
Байрағым желбіреп тұр
биіктерде,
Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе
ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға
беріледі.
Бүгінгі «Мен елімнің патриотымын» «Патриоттық
әндер» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқауымызды жабық деп
жариялаймыз! Қазақстан Республикасының Әнұран
орындалады.
Бекітемін : тексердім:
Мектеп директоры: ДТІЖО
Ю.Давлатов: А.Байжанов:
«№114 жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:

1-4
сыныптар арасында патриоттық
әндер
сайысы
Бастауыш сынып мұғалімі:
Д.Кулсабирова.
2017-2018
оқу жылы