«Мамания орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Мен – елімнің
патриотымын
( Ән
байқауы)
Ақсу ауылы 2016-2017 оқу
жылы
Мақсаты:
1. Оқушыларға патриоттық
тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге
тәрбиелеу.
2. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін
арттыру.
1-жүргізуші:
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен
қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар «Мен-елімнің париотымын»
атты патриоттық ән байқауына қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Сіздерді еліміздің айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға
қуаныш, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс
тілейміз.
2-жүргізуші:
Бүгінгі байқау 5 -10 сыныптар
арасында өткелі тұр.
1-жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегін мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Артықбекова Сауле
Калмұхамбетқызына береміз.
2-жүргізуші:
Енді әділ қазылар алқасымен
таныс болыңыздар.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.
Артықбекова 2. Мектеп психологы Л.Қ.
Шарипова 3. Мәдениет қызметкері Х.С.
Байбосынова
1-жүргізуші:
Отаным менің кең байтақ
Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?! – дей келе сахнаға сайысқа
қатысушыларымызды шақырамыз
1-жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ
желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.- дей келе сайысымызды
бастаймыз.
1) Кеңесбек Оралбек - 8
сынып
2) Төлеген Балжан - 5 сынып
2-жүргізуші:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап
едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім!
3) Зейнолла Сұлтан – 5 сынып 4) Қанат Али , Кәріпжан Алихан – 5
сынып
1-жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді
елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
5) Мұратұлы Әсет – 6 сынып
6) Нұржан Бағжанат – 7 сынып
2-жүргізуші:
Астанам –нұрлы астанам,
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған.
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін
жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің
Осымен байқауымыз тәмамдалды.
2-жүргізуші:
Әділ қазылар алқасы дайын болғанша Музыка пәнінің мұғалімі Жанар
Серікқызының орындауында «Астана» әнін қабыл
алыңыздар! 1-жүргізуші:
Құттықтаймыз! Еліміздің
патриоттары аман болсын және мерейлері арта
берсін! 2-жүргізуші
:
Жеңісті күндерде жүздескенше
аман- сау болыңызда.

Марапаттау
сәті
