жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты!
Патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз байланысты!
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің оқытушысы Есиркепов М.У.
Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы және Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр. Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады. Алғашқы әскери дайындық меншік түрі мен ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу орындарында (колледждерде), кәсіптік- техникалық мектептерде (кәсіптік мектеп) әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады. Әскери-патриоттық тәрбие алғашқы әскери дайындықпен тығыз ұштастырыла отырылып, жастардың әскери iстi жақсы меңгеруiне, төтенше жағдайларда қорғанудың тәсiлдерi мен құралдарын дұрыс пайдалана бiлуiне ықпал ете алуы қажет. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы түсінігін және әскери іс негіздері бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру, оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Патриоттар даярлаудағы жауапкершілікті неғұрлым терең сезініп, бар мүмкіндікті пайдаланып, шыныққан шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау үшін АӘД пәні мұғалім-ұйымдастырушыларына үлкен талап қойылады, сондықтан оларға өз ісінің жетік маманы болу 6 жеткіліксіз, сонымен қатар жан-жақты білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт. Осы жағдайды ескере отырып, әрбір әскери дайындық сабағының 3-5 минуты саяси хабарлама берумен басталуы тәжірибеге негізілуде. ҚК қатарына даярлау үшін мектептегі барлық оқу-материалдық элементтері түгел болуын да қадағалаған абзал. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі пәндері бірін- бірі толықтырып тұрады. Дене шынықтыру сабақтарын саптық дайындықсыз өткізу мүмкін емес, себебі ол гимнастиканың негізі болып табылады. Ол өз негізінде өмірдің қауіпсіздік негіздері пәнімен қосыла, болашақ бастауыш әскери дайындық пәнінің негізін қалайды. Ал, АӘД пәні жастарды болашақ Отан қорғауға дайын болуға, патриотизмге тәрбиелейді десек, ол мақсатқа дене тәрбиесіз жету мүмкін емес. Өскелең ұрпақты осындай биік мақсаттарға жетелеу үшін 1-сыныптан бастап париотизмге, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу – мектептің негізгі міндеті. Жыл сайын мектептерде АӘД пәнін бастау жайлы бұйрық жүйелі түрде беріледі, осы бұйрықта аудандық әскери комиссариаттың ұсынысымен: Дене шынықтыру сабақтарындағы саптық пәндер ҚР Әскери жарлықтарының талаптарына сай берілсін, — деген сөздер айғақтайды, яғни саптық пәрмендерді, әскери терминологияны жүйелі оқушылар санасына жас кезінен енгізу болып табылады. Бұдан шығатын қорытынды: бұл екі пән егіз және оларды қатар алып жүру мұғалім үшін үлкен парыз. Жастардың алғашқы әскери дайындығы мынандай мақсатта өткiзiледі: Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiн, мемлекет қорғанысының негiзiн жастардың оқып үйренуi; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң тағайындалуын, оның сипаты мен ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиеттi борышы ретiндегi әскери қызмет мәнiн, әскери анттың негiзгi талаптарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жарғыларын жете түсiнуi; әскери бөлiмдердегi ұрыстық техника және қару- жарақпен, жеке құрамның тұрмыс-тiршiлiгi және олардың орналастырылуымен танысуы; қажеттi әскери бiлiм мен практикалық дағдыларға ие болуы; төтенше жағдайларда адамның тiршiлiк 7 әрекетiнiң қауiпсiздiк негiздерiн менгеруi оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін алғашқы әскери дайындықтың теориялық тиянақты білімдері негізінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар қысқа уақыт ішінде мерзімді әскери қызмет өтеу шарттарына бейімделіп, сеніп тапсырылған әскери техника мен қару-жарақты меңгере алатындай жағдайда даярлау; оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру; оқушыларды қарулы қорғаныс ролі нақты түрде өсіп отырған Қазақстан Республикасындағы өмірге даярлау. Алғашқы әскери дайындыққа үйретудің басты міндеттері негізінде нақты дидактикалық тапсырмалар қарастырылады, оның ішінде аса маңыздысы оқушылардың сенімділігін, саналы түрде Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігін, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру болып табылады. Жалпы орта білім беру деңгейі бойынша Алғашқы әскери дайындық пәнінің мазмұны пәннің мақсат-міндеттеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын іріктеуде жалпыдидактикалық ұстанымдар: табиғи үйлесімділік, практикаға бағыт ұстану, сабақтастық, саналылық, көрнекілік, белсенділік, жүйелілік пен бірізділк принциптері басшылыққа алынды. Үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатылары арасында әдіснамалық, мазмұндық, оқытудың әдістемесі мен технологиясы деңгейінде сабақтастықты қамтамасыз етеді. Көрнекілік ұстанымы нақты жағдайда қарым-қатынастың болуын көрсететін барлық көрнекілік құралдарын (вербалды, иллюстрациялық, сонымен қатар мұғалім сабақ барысында қолданатын қимыл-қозғалыстар) пайдалану қарастырылады. Белсенділік ұстанымы Мұнда ұстанымның 3 түрі қолданылады: тұлғалық-бағдарланған, мәдени-бағдарланған, іс-әрекеттік бағдарланған ұстанымдары. Тұлғалық бағдарланған ұстанымына: адекваттық ұстанымы, даму ұстанымы, психологиялық жайлылық ұстанымы кіреді. Мәдени бағдарланған ұстанымының құрамына келесі ұстанымдар кіреді: әлем картинасы ұстанымы, білім беру мазмұнының біртұтастығы ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге деген мағыналық қарым- қатынас ұстанымы, білімнің бағдарланған қызметі ұстанымы, дүниетаным және мәдени стереотип ретінде мәдениетке сүйену ұстанымы. Әрекетке бағытталған ұстанымдар тобына оқушының оқу әрекетін реттейтін ережелер кіреді: оқытудың әрекетшілдік ұстанымы, іс-әрекеттен оқу жағдаятына, іс-әрекеттен өмірлік жағдаяттарға басқару арқылы ауысу ұстанымы, оқу-танымдық іс-әрекеттен оқушының өздік іс-әрекетіне (өзіне жақын аймақта) ауысу ұстанымы, алдағы (спонтанды) дамуға сүйену ұстанымы, креативті ұстаным немесе шығармашылыққа мұқтаждықты және шығармашылық біліктерін қалыптастырушы ұстаным. Жүйелілік және сабақтастық ұстанымдары қайталау, қорыту жолдары және сабақ, тақырып, бірнеше тақырып, тоқсан және т.б. үдерісінде қажетті материалды жүйелендіру арқылы, сонымен қатар келесі дидактикалық ережелерді сақтау арқылы жүзеге асырылады: белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, үйлестіктен өзектіліктікке. ҚР ҚК туралы Заң қабылдануына байланысты білім беру саласы мен мектептегі АӘД сабағына мемлекеттік пән мәртебесі беріліп, әскерге даярлау мен жас жеткіншекке отаншылдық тәрбие беру жұмысына Үкімет тарапынан көңіл берілуде. Пәннің міндеті – келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл, қыз тәрбиелеу, әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат даярлау. Осылайша, әскери пәндерді оқыту арқылы Қазақстан Республикасы азаматын тәрбиелей отырып, оқыту арқылы адамгершілік-рухани тұрғыда егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан азамат тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. Іскер ұстаздың тағы бір жетістігі – пән кабинетін талапқа сай жабдықтауында. Кабинеттегі Абылай хан, Б. Момышұлы, Т. Әубәкіров, Т. Бигелдинов, С. Нұрмағанбетов, сол сияқты жерлестеріміз Қ. Қамзин, С. Мүткенов т.б. туралы деректер оқушыларға ерлік тағылымымен табындырар ұлы тұлғалар туралы сыр шертеді. Алғашқы дәрігерлік көмек, ҚР Қарулы Күштері рәміздері, Атыс дайындығы, Саптық дайындық, Тактикалық дайындық, Әскерге бару – азамат болу, ҚР Қарулы Күштерінің жарлығы сияқты стенділер оқушылардың әскери ережелерді жадында сақтауына әсер етеді. Кабинетте тәулік кезекшілік бөлмесі және қару-жарақ сақтайтын бөлме болғаны абзал. Ортада ұрыс алаңы бейнеленген жайма тақталарын да орналастыруға болады. Осы материалдық база оқушылардың әскери тәртіпті сақтап, үйренуіне ықпал етеді. Оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде сабақтан тыс шаралардың да маңызы зор. Жыл сайын 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында Жеңіс күні құрметіне әскери патриоттық айлық өткізіледі. Рухты әндер – ерлікке бастар ұлы күн, Ел тірегі – рухты ән атты байқауға оқушылар асқан жауапкершілікпен қатысып, мол әсер алады. Байқауда Атамекен, қазағым менің, Отаным – бақыт ордасы, Елім менің, т.б. әндер орындалып, әр топтың киім үлгісі кештің мәніне әр береді, жеңімпаздар анықталады. АӘД кабинеті алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бөлімдерін теориялық және практикалық жағынан оқып үйренуге, сондай-ақ сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын өткізуге және оқушылардың өз бетінше сынақтарға дайындалуына арналған.
Тәрбиенің ауданы одан кең, түбі терең. Адамның өсетін, балалық, жеткіншектік дәуірі түгілі тәрбиенің әсері жігіттік, кекселік кезде де қалмайды. Тәрбие сәулесі түспейтін адамның ешбір қалтарысы жоқ. Тәрбие болмаған жерде шын ақылды, мәдениетті өмір де болмақ емес деп Ж. Аймауытов айтқандай, тәрбие беру үздіксіз үдеріс болып табылады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген