«Патронаттық
тәрбие беру- сауапты іс»
Қазақ
халқында «Жетім көрсең, жебей жүр!»
деген жақсы сөз бар.
Қазіргі
таңда мемлекетіміздің әр аймағында
жетімдерді жебеп, жанына жылу сыйлап,
қамқорлық көрсетіп жатқан бірнеше
балалар үйі бар. Біз мұны бір жағынан
Қазақстан Республикасы Конституциясының
27- бабының 1тармағының орындалып
жатқандығын мақтан тұтып айтсақ та,
екінші жағынан осындай мекемелердің
іші көзі жәудіреген балаға толы екені
жанға батады. Аузынан ана сүті кеппей,
ерте бастан тағдырдың тезіне ұшыраған
сәбилер жетімдіктің зардабын тартып,
төрт қабырғада қамалып отыруға тиісті
емес.
Қазақ
халқы тегінде ең үлкен сауапты істің
бастамасын жасап, күш- қайраты жеткенінше
жесірі мен жетімін өзгеге телміртпеген.
Дәл осы қайырымды істің жалғасы
бүгінгі күнге дейін тәуелсіз еліміздің
тұрақты да салиқалы саясатына айналып
келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің «Патронаттық
тәрбие беру туралы ережесінде» патронат
тәрбиешінің негізгі функцияларының
ішінде баланы тәрбиелеу мен күтіп-бағу
үшін оңтайлы жағдай жасау жайы анықтап
көрсетілген. Мемлекет өз қамқорлығындағы
балалардың асты- үстіне түсіп, киер
киімін, ішер тағамын тауып беріп отырса
да олардың кеуделеріндегі жұдырықтай
жүректері әр кезде отбасының жылуын,
ата- ананың аялы алақанын аңсайтыны
түсінікті. Отбасының жылуын аңсаған
балалардың рухани қажеттілігін
қанағаттандыруға, оларға қамқорлық
жасауға асығу- біздің адами құндылығымыздың
деңгейінің жоғары екендігін көрсеткен
болар еді.
|
Ардақты
пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Менімен жетімге
қамқорлық етуші адам жәннатта мына
екі саусақ тәрізді жақын боламыз», –
деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсеткен.
Бұл істің абзал, әрі Алланың қош көрген
адал ісі екендігін аңғартады. Дүниеде
қаланатын кірпіштің барлығы бүтін
күйінде болмайды. Алайда, ата- анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардың
жазығы қорғансыз қалғандығы ма?Сондықтан
біз өмір сүріп отырған қоғамда «жетім»
деген ұғымды жоюға тырыссақ жөн болар
еді. Бұл бір жағынан олардың жоғын
жоқтап, мұң- мұқтажын өтеу арқылы
біздің рухани кемелдігіміздің белгісін
көрсетеді.
Баланы
патронаттық тәрбиеге алып, оған
отбасының шуағы мен мейірімді алақанның
жылуын сезіндіруге талпынуды алдыңғы
орындағы мақсатымыз деп санағанымыз
абзал. Патронаттық тәрбиеге алушы
үміткерлер үшін «Қонақжай отбасы»
жобасы жұмыс жасайды. Аталған жоба
аясында патронаттық тәрбиеге алынатын
бала аптаның белгілі бір күнінде
үміткердің үйіне барып тұрады. Сонымен
қатар, патронаттық тәрбиеге байланысты
ата- аналарға кеңестер жүргізіліп,
арнайы сертификатын табыс етеді.
Себебі, ата- ана жетімдер үйінде өскен
баланың психологиясын жете түсініп,
өзара қатынасты орнатуы үшін міндетті
түрде арнайы мамандардан кеңс алуы
қажет. Жетімдерге көмек көрсеткен
кісі Алла жолында соғысқан немесе
күндіз ораза ұстап, түндерде ғибадат
еткен кісімен тең. Дәл осындай сауапты
іске мойын бұрып, балаларға аналық
жылуын сыйлап отырған отбасылары
біздің Тобыл қаласының Нұржан Наушабаев
атындағы мектеп- гимназиясында да аз
емес. Өзге ұлттың өкіледерін бауырына
басқан мұғалімдеріміз, бала тәрбиесіне
оң көзбен қарайтындықтарын тағы да
дәлелдегендей! Осындай ізгілікті іс
жасап отырған аналардың айтқан сөздері
мынадай: «Баланы патронаттық
тәрбиеге алудан қазір көпшілігі аяқ
тартып, қиынсынады. Бірақ, балаларды
тәрбиеге алып, оларға қуаныш, мейірім
сыйлаған кезде өмірде алдыңнан адал
жол ашылатыны сезесің. Жаратқан иеміз
одан сайын отбасының ырзық, несібесін
арттыра түседі», -дейді аналарымыз өз
сөзінде.
Жетімдерге
қамқор болу немесе қамқор болғандарға
қолдау көрсетіп, сөзімен де, ісімен
де жәрдем беру – әр азаматтың міндеті.
Қайырымдылық қанат жайып, сүйіспеншілік
салтанат құрған елдің ғана болашағы
баянды болатынын жадымыздан
шығармағанымыз жөн.
|
|