Материалдар / Пазл әдісі

Пазл әдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнері пәні сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады





Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы Дулатов көшесі

Д. Қонаев атындағы №9 ІТ мектеп-лицейі

Көркем еңбек пәні мұғалімі: Жанабаева Бахтигуль Асилхановна

Тақырыбы: «Пазл әдісі»



Автордың мекен-жайы: Жетісай қаласы Ерубаев көшесі 2/2

Телефон №87784979327

zhanabayeva.89@inbox.ru





























2025 жыл



Аннотация

Бұл жұмыс «Пазл құрастыру» тақырыбына арналған. Тақырып көркем еңбек пәні бойынша балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру.

Көркем еңбек сабағында қолданылатын пазл әдісі туралы. Пазл әдісі – оқушылардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәсіл. Әдіс арқылы әр оқушы жеке тапсырманың белгілі бір бөлігін орындап, жұмыс нәтижесін біріктіре отырып, толыққанды шығармашылық жұмыс немесе жоба құрастырады. Пазл әдісінің негізгі қадамдары, оның артықшылықтары және көркем еңбек сабағында қолдану мысалдары қарастырылған. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың бірлескен шығармашылық әрекеттері арқылы тақырыпты тереңірек меңгеруіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әдіс топ ішінде жауапкершілікті сезіну мен өзара ынтымақтастықты дамытуды мақсат етеді.

Пазл құрастыру оқушылардың ұқыптылық, кеңістік бейнесін қабылдау, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы жұмыстар арқылы оқушылар сурет салу мен композиция жасау әдістерін үйреніп, табиғаттың әсемдігін өз көзқарастарымен көркем бейнелей алады.

Жұмыстың негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық ойлауын ынталандыру. Сонымен қатар, пазл бөліктерін біріктіру арқылы оқушылардың нақты тапсырмаларды орындаудағы ұқыптылығы мен зейінін арттыру көзделеді.

Бұл жұмыстар көркем еңбек пәні мұғалімдері мен балаларға арналған, шығармашылық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік құрал ретінде қолдануға болады.





Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………

  1. Әдіс, Сұрақ, Нәтиже,

  2. Тиімділігі мен артықшылықтары…………………..……………………..

  3. Қорытынды……………………………………………………………..

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………..



































Кіріспе

Көркем еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды пәндердің бірі.

Бүгін біз көркем еңбек пәнінде қолдануға болатын бірқатар қызықты педагогикалық идеялар мен әдіс-тәсілдерді қарастырамыз.

Міндеті: Сабақ уақытындағы ұстаз бен оқушылардың атқаратын қызметін оңтайландыру. Белсенді болуды қамтамасыз ете отырып сабаққа қатысты материалдарды толығымен қамтамасыз ету.

Өзектілігі: Көркем еңбек пәні бағаланбауы салдарынан оқушылардың жалпы сабаққа деген қызығушылығының төмен болуы, ұмтылыстың болмауы сынды мәселелердің алдын алу сонымен қатар ұстаздар жұмысын жеңілдету мәселесі.





























  1. Пазл және Әдіс, Сұрақ, Нәтиже

  1. Әдіс - нақты бір мәселені шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдерінің жиынтығы.

  2. Сұрақ – баланың ой өрісін дамытуға, жан жақты ойлануға жаттықтыратын және мәселені шешуде пайдаланылатын құрал.

  3. Нәтиже – әдіс пен сұрақ дұрыс пайдаланылған кезде пайда болатын шама яғни

Бұл жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қол шеберліктерін арттыруға және өзіндік еңбекке деген құштарлығын оятуға бағытталған. Оқушылар өз жобаларын таңдап, оны іске асыруда жеке жұмыс жасау арқылы жаңа дағдыларды игереді.

Нәтиженің түрлерін қарастырайық:

  1. Бағалау: Оқушылардың шығарған нәтижесіне баға беру, пікір айту.

Пазл әдісі балаларды ойната отырып, лидерлік қасиеттерін оятып жүйелілік пен бірізділікке тәрбиелейді.



Жүйелілік және бірізділік

Қадамдар:

Әр идеяның сабақ барысында логикалық түрде жалғасуы үшін бірізділік пен жүйелілік сақталуы керек.

Мысалы, бастауыш сыныптарда қолданылатын тапсырмалар мен жобалар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым болуы қажет, ал жоғары сыныптарда күрделендірілген жобалар мен тапсырмалар беріледі.

Сабақтар арасында байланыс орнату: шығармашылық жұмыстар мен технологияларды біріктіру арқылы оқушылардың алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын деңгейде дамыту.

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі

Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды.

Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.

Ойындардың сапалылығы:

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгі ғасыр, ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын дегеніміз не?

Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

А. С Макаренко «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады», - деген. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.

Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол алғашқы айлардан бастап – ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп меңгереді.

Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі

Ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рольді, драматизациялық, дидактикалық құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.

Лидерлік қасиеттер

Алдымен лидер деген кім соны біліп алайық. Лидер - ағылшын тілінен аударғанда басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді, яғни адамдарды өзін - өзі белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез - құлықтарына әсер ете білу үшін басқарушының қолданатын басты құрылғысы. Лидер ол жан - жақты. Ол - философ та, психолог та, автор да, идеолог та, қысқаша айтсақ, өз ісінің маманы. Ең алдымен лидер мен басшы деген сөзді ажырата ала білу керек. Басшы деген, барлығымызға мәлім, жұмыс беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам болып саналады. Бұл негізгі адамның лауазымы. Ал лидер дегеніміз, адамдарды жақындастыра отырып, белгілі мақсатқа жету жолында адамдарды бағыттаушы тұлға. Ал негізгі сұраққа жауап беріп көрейік... Лидер болу үшін не істеу керек? Дейла Карнеги «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері» атты кітабында лидерге тән қасиеттерді атап өтті. Оның ішінде:

1. Ең алдымен жұмысты мақтаудан және әділ бағалаудан бастау керек;

2. Қателіктер жөнінде бетпе - бет кездесіп айту керек;

3. Адамды сынаудың алдында, өз қателігіңіз туралы айтыңыз;

4. Бұйрық берудің орнына, идеяларды әкелетін сұрақтарды қойыңыз;

5. Жұмыс орнынан кететін адамның атақ - абыройын сақтауға көмектесіңіз;

6. Қандай жетістік болмасын, мақтаңыз;

7. Басқа адамға жақсы абырой - бедел беріңіз, ол осыған лайықты болу үшін талаптана бастайды;

8. Қателікті түзетудің оңай екендігін көрсетіңіз. Жақсы сөздер және қолдау, қателіктерді түзетуді жеңілдетеді.

Лидер болу үшін адамның жеке дара ерекшеліктеріне: жауапкершілік, белсенділік, ұйымдастыру қабілеті, топтық мақсаттарға жетуге ұмтылысы, топтың қал - жағдайы туралы хабардар болу, тіл табыса алушылық, кәсіби шеберлік, сенімділік пен шыдамдылық кіреді.

Лидер әрқашан басшы бола бермейді, бірақ оның лидерлік қасиеттерін мойындайтын кез - келген адамның алдында әрқашан беделге ие. Ол адамдардың пікіріне қатты әсер етеді, оларды бағыттай алады және олардың қызметін ұйымдастыра алады. Оның пікірі тыңдалады және көбінесе оның шешімдерімен келісе отырып, жағдаяттарды шешуді сұрайды.

Пазл құрастыру әдісін ұлттық құндылықтарға негіздей отырып пайдалану

Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Осы ұлттық идеяны іске асыратын басты фактор мемлекет болып табылады. Сондықтан да осы мемлекеттік іске салғырт қарамай ұлттық идеяның негізгі бағыттарының тетіктерін жасау қажет. Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ал, осы ұлттық идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің кері ықпалын тигізетіні шүбәсіз.

Кез келген мемлекеттің, қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ол ерекшеліктер ғасырлар бойы қалыптасып отыратын мемлекеттің мүддесімен, ұлттың тарихымен және өмір сүру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Яғни мемлекеттің, оның қоғамының ерекшеліктерін айқындап отыратын ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар болмаса ұлттың мәдениеті, дін мен дәстүр, қоғамдағы тұрақтылықты, рухани тұтастықты айқындап отыратын ұлттық бірегейлік сақталмайды. Бұның барлығы ұрпақ санасында өмір сүретін ұлттық құндылықтар туралы ұғымға тікелей тәуелді. Сондықтан да ұлттық құндылықтар деп мемлекет құрушы ұлттың рухани өмірін, болмысын, мәдениетін жалғастырып, болашағын айқындап отыратын және мемлекет мүддесінің негізін құрайтын, жеке адамды мемлекетімен, ұлттық болмысымен біріктіріп отыратын дүниелерді айтамыз. Ұлттық құндылықтардың қатарында дүниетаным, ана тілі, ұлттың ділі, дәстүрі, мәдениеті, діні, ұлттық өнер түрлері, атамекен, осы атамекен жер рухын негіздеп отыратын ата кәсіп түрлері, білім, ғылым және т.б. жатады. Бір сөзбен айтқанда ұлттың табиғи ортасына сай өмір сүрудегі қол жеткізген тәжірибелері мен игіліктерін ұлттық құндылықтар дейміз.

Пазл дегеніміз не?

Пазл — бұл бөліктерден тұратын ойын немесе тапсырма, оны құрастыру арқылы толық бір бейнемазмұнды (сурет, картиналар, геометриялық пішіндер) немесе логикалық шешімдерді табуға арналған материалды алу мүмкін болады. Пазлдер әртүрлі болады: олардың арасында сурет пазлдары, сөз пазлдары, математикалық пазлдер, логикалық пазлдер, т.б. бар.

Пазлдерді шешу адамның ойлау қабілетін дамытуға, қиялын ашуға және логикалық ойлауын жақсартуға көмектеседі. Әдетте, пазлдерді балалар да, ересектер де жинай алады.

Пазл тарихы қандай?

Пазлдің тарихы өте қызықты және ұзақ уақытты қамтиды. Пазлдің қазіргі түрі негізінен ХХ ғасырда танымал болғанымен, оның бастамасы XIX ғасырдың соңында жатқан.

1. Алғашқы пазлдер (XVIII ғасыр):

Пазлдің алғашқы прототипі XVIII ғасырдың соңында пайда болды. Бірінші пазлдің негізі ретінде картограф Джон Спилсберри (John Spilsbury) 1760 жылы географиялық картадан жасалған ағаш кескіндерді пайдаланған. Ол Лондонның көшелерінің картасын ағашқа қашап, оны бірнеше бөлікке бөліп, балаларға географияны үйрету үшін қолданған. Бұл идея сол кезде жаңа болған және адамдар оны ойын ретінде қабылдаған.

2. Пазлдер және өнеркәсіптік революция:

XIX ғасырда ағаштан жасалған пазлдер кең тарала бастады. Бұл кезеңде ағаш материалдары мен онымен жұмыс істеу технологиялары жетілдірілді, сол себепті пазлдерді жасау жеңілдетілді. Бірақ олар әлі де көбінесе карталар мен географиялық білімдерді үйренуге арналған құралдар ретінде қолданылды.

3. Картон пазлдер мен массовое производство (XX ғасыр):

XX ғасырда, әсіресе 1900 жылдардың басында, ағаш пазлдерден картон пазлдерге көшу басталды. 1908 жылы Американдық «Milton Bradley» компаниясы картон пазлдерін шығара бастады, ал 1930 жылдары көптеген басқа компаниялар да осы өнімді шығаруға кірісті. Бұл кезеңде пазлдер тек балаларға арналған ойындар ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін де қызықты хобби болып қалыптасты.

1930 жылдары пазлдер өнеркәсіптік ауқымда шығарыла бастады, және бұл ойындар қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтарында танымал бола бастады.

4. Пазлдердің қазіргі замандағы дамуы:

Қазіргі таңда пазлдер әртүрлі түрлер мен форматтарда қол жетімді. Олардың арасында дәстүрлі сурет пазлдері, 3D пазлдер, математикалық және логикалық пазлдер, сондай-ақ интернетте шешілетін виртуалды пазлдер де бар. Олардың танымалдылығы ғаламдық деңгейде жоғары, адамдар бұл ойындарды бос уақытты қызықты әрі пайдалы өткізу құралы ретінде пайдаланады.

5. Пазлдердің танымалдығы:

Пазлдер тек қана ойын ретінде емес, адамдардың ойлау қабілетін дамытуға, креативтілігін арттыруға, стрессті жеңілдетуге көмектесетін құрал ретінде де маңызды болып келеді. Олардың тарихы мен дамуы қоғамның мәдениетіне, психологиясына, және технологиялық прогреске әсер еткен.

Қорытынды:

Пазлдің тарихы — адамның логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін және шыдамдылығын дамытуға арналған ұзақ және қызықты жол. Ол ғасырлар бойы түрленіп, қазіргі уақытта көптеген түрлері мен форматтары арқылы әлемнің барлық бөлігінде танымал болып келеді.



  1. Тиімділігі мен артықшылықтары

Пазл – әдісінің тиімділіктеріне тоқталатын болсақ сабақтың басынан аяғына дейін бір ғана әдіспен қамтып шығуға мүмкіндік береді. Сабақ барысында бір емес бірнеше тапсырманы орындауға яғни уақытты тиімді пайдалануға, сондай ақ деңгейі әр түрлі оқушылардың барлығы кез келген тапсырманы орындап бере алады.

Артықшылықтары:

  1. Cабақ түріне қарамайды.

Жаңа сабақ, пысықтау сабағы, қорытындылау сабағы болсын тіпті сайыс сабақтарда да қолданса болады.

  1. Кез келген пәнде қолданса болады: қазақ тілі, ағылшын тілі, әдебиет, тарих, химия, физика, биология, т.б.

Қорытынды

Пазл әдісі жаңа сабақта немесе пысықтау сабақтарында ғана емес сайыс сабақтарда да қолдануға болады. Бұл әдіс сонымен қатар пән таңдамайды идеяның өзі толық алып қарағанда әр құрастырылар бөлігі бір бірімен байланысы және де сабақтастығы жоғары деңгейде екендігі байқалады. Бұл толыққанды идея сабағыңыздың жоғары дәрежеде өтуіне өз септігін тигізеді. Болуы мүмкін мәселелер мен кедергілер және де одан шығу жолдары да толығымен қарастырылған. Идея сабақ барысында жүргізілген тәжірибелер мен зерттеулердің жемісі



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Негізгі педагогикалық әдебиеттер:

  • Ахметов, Ә. (2005). Педагогика негіздері. Алматы: Мектеп.
    Бұл кітапта педагогикалық әдіс-тәсілдер мен оқыту теориясы туралы толық түсінік беріледі, оның ішінде шығармашылық және топтық жұмысқа арналған әдістер де бар.

  • Қоянбаев, Ж.Б., Қоянбаев, Р.М. (2018). Педагогика. Алматы: Білім.
    Қазіргі заманғы педагогикалық әдістемелер мен білім беру технологиялары туралы кітап, пазл әдісін пайдалану туралы жалпы түсінік береді.

  • Гребенникова, Л.Н., Харламова, С.Ф. (2004). Дидактика: Теория и практика. Мәскеу: Высшая школа.
    Дидактика және оқыту әдістері туралы жалпы көзқарас, шығармашылық тапсырмаларды ұйымдастыру жайлы кеңестер.

2. Көркем еңбек және шығармашылық сабақтарды ұйымдастыру туралы әдебиеттер:

  • Бахрушин, Л.А. (2006). Көркем еңбек педагогикасы. Мәскеу: Высшая школа.
    Бұл кітапта көркем еңбек сабағының педагогикалық негіздері мен әдіс-тәсілдері, соның ішінде шығармашылық тапсырмалар мен топтық жұмыстар туралы айтылады.

  • Зимняя, И.А. (2003). Педагогикалық технологиялар: теория и практика. Мәскеу: Педагогика.
    Көркем еңбек сабақтарында қолданылатын түрлі педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдістер жайлы ақпарат берілген.

3. Шығармашылық және өнер сабағында топтық әдістерді қолдану туралы әдебиеттер:

  • Дьяченко, И.М. (2007). Искусство и творчество в образовательном процессе. Мәскеу: Педагогика.
    Бұл жұмыс шығармашылық және көркемдік сабақтарды ұйымдастырудың теориясы мен практикасымен таныстырады, оның ішінде топтық жұмыс пен пазл әдісін қолдану да қарастырылады.

  • Калинин, Н.И. (2000). Креативные технологии в обучении. Мәскеу: Школьная пресса.
    Оқыту процесінде шығармашылықты дамыту мен креативті әдістерді қолдану, оның ішінде пазл әдісінің қолданылуы туралы кеңестер бар.

4. Топтық жұмыс және білім беру әдістемелері:

  • Савина, В.В., Лебедева, И.Н. (2012). Методика преподавания в школьном искусствознании. Санкт-Петербург: Издательство «Летний сад».
    Көркем еңбек сабағында топтық жұмыс әдісін тиімді қолдану, оның ішінде пазл әдісімен жұмыс жасау туралы пайдалы ақпарат.

  • Махмудова, М.Х., Тураева, Р.Х. (2010). Методические аспекты обучения искусству. Ташкент: Узб. гос. изд.
    Әдебиетте көркем еңбек пәні бойынша түрлі әдіс-тәсілдер мен жобаларды пайдалану тәсілдері қарастырылады, пазл әдісі де осындай тәсілдер арасында аталады.





8


20 Наурыз 2025
178
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі