Материалдар / ПДД 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ПДД 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ПДД КТЖ ҚМЖ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2024
328
2 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-сынып



р/с

Айлар

Тақырыптың атауы

Сағат саны

1.

қыркүйек

Біздің қала (ауыл), аудан.

1

2.

қазан

Жол таңбаларының белгіленуі.

1

3.

қараша

Қосымша секциялары бар бағдаршамдар.

1

4.

желтоқсан

Жол реттеушісінің белгілері.

1

5.

қаңтар

Жол жүру белгілері және олардың қолданысы.

1

6.

ақпан

Жүргізушінің еңбегінің ерекшеліктері мен негізгі міндеттері. Қазіргі заманғы көлік – жоғары қауіпті аймақ.Қоғамдық көлік.

1

7.

наурыз

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ауа-райының әсер етуі.

1

8.

сәуір

Велосипедпен жүру.

1

9.

сәуір

Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету. Жоғарғы және төменгі аяқ-қол дене бөліктерінің сынған немесе буын шығып кеткен кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

1

10.

мамыр

Қорытынды сабақ.

1


Барлығы:

10



Тәрбие сағат тақырыбы: Біздің аудан (ауыл), қала


Сабақтың мақсаты:


1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру . 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. 3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, топқа бөлу, сұрақ - жауап, суреттеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, Интерактивті тақта, жол белгілері салынған суреттер, нақыл сөздер. Тәрбие сағатының барысы.


I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. II.Негізгі кезең Мұғалім : -Сәлеметсіздер ме,оқушылар!Бүгін біздерге мемлекеттік авто инспекция қызметкері келіп тұр.Ол сендерге жолда жүру тәртібі туралы айтып өтеді МАИ қызметкері: - Сәлеметсіздер ме,балалар!Бүгін мен сендерге жарақаттардың алдын алу мақсатында жол тәртібі нұсқауларына қысқаша шолу өткіземін. Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші: 1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? - Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды. 2.Жиекжол дегеніміз не? - Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол. 3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? - Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді. 4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады. 5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады? - Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады. 6.Ал жиекжолда қалай жүру керек? - Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды. 7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді? - Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.


МАИ қызметкері: -Оқушылар,сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?


Жол тәртібін сақтап,өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.


Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.


1. Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 2. Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус) 3. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) 4.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді, Есіркеп ешбір адам жемдемейді. Жүк емес жануарға жүз адам да, Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді. ( Трамвай) 5.Арқаным тым ұзын, Ала алмайсың бір үзім. (Жол) 6.Қозғалмасаң құлайды, Сүйемесең сұлайды. Құйымшақты ері бар, Бұл не деген жануар? (Велосипед)


«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық. 1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.


2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт. 3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. 4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр. 5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.


6.Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.


1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек? 2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің? 3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? 4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің?


Қимылды ойын: «Бағдаршам»


Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.


Балаларға алдын-ала дайындалған дөңгелек, шеңбер, үшбұрыш және басқа да белгілерді көрсете отырып, олардың жол бойларында, көшелерде ілініп тұратын белгілерді барлықтарын көрдіңдер. Бұлар — жол белгілері.бұл белгілердің арнайы


жарқырап тұратын, белгілердің тиімділігі — жол бойының нағыз хабарландырушысы екендігінде.


Жол белгілері бірнеше топқа бөлінеді:


Ескерту белгілері, ұшбұрышты қызыл болумен көмкерілген бұл белгілер жол бойындажайсыз, қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.


Тыйым салу белгілері дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады.


Көрсеткіш белгілер, дөңгелек шеңбермен беріліп, көк бояумен көмкерілген. Бұл белгілер көліктің жүретін бағытын, жаяу адамдардың жүруіне болады дегенді білдіреді.


Есіңе сақта.


Көшеден өткенде арнаулы жерден, жасыл жанғанда ғана немесе реттеушінің белгісін күт. • Жол қиылысында аса абай бол. • Көшеден тек жаяу адамдар өтпелері бойынша жүр. • Көшелер мен жолдарда шанамен сырғанап ойнама.


Бағдаршамға қарауды ұмытпа. • Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына содан соң оң жағына қарап, арнайы жаяу жүру жолымен өт. • Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлеспе және ілісіп кетпе.


Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал кейбіреулер өмірлік мүгедек болып қалады.


Қорытындылау:


Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!





тәрбие сағаты: Жол таңбаларының белгіленуі.

Сыныбы 5 «а» сыныбы

Мақсаты 1.оқушыларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, көшеде дұрыс жүруін ескерту, қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге үйрету, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету. 2. оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, өзін-өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүруіп тұруын, жол белгілері бойынша қиылыстан, бұрылыстан өтерде жол ережелерін есте сақтай білу қасиеттерін дамыту. 3. жол белгілерін жатқа білуге, сақ болуға, мәдениетті сөйлей білуге, өзара достыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік АКТ, жол белгілерінің суреттері, үлестірме қағаздар, жасыл, қызыл, сары жетондар.

Жұмыс кезеңі Қатысушылардың іс әрекеті Уақыт

Психологиялық

сәт

Мақсаты: психологиялық ахуал қалыптастыру. «Амандасу» бағдаршам түстері бойынша: оқушылар алдарына берілген бағдаршам суретінің әр түсіне екі оқушының атын жазады, содан кейін сол түске сай амандасады. Қызыл түс – қолыңды бұлғап амандас Сары түс – қолын алып амандас Жасыл түс- құшақтасып амандас Жасыл, қызыл, сары жетондар арқылы топқа бөлінеді. 1. «Жол сақшылары» 2. «Жаяу жүргінші» 3. «Жол белгілері» 5 мин

Жаңа

мәліметпен

танысу Мұғалім сөзі: Қазіргі таңда адам өмірінде көліктің пайдасы мен маңызы зор. Ертеде көліктің орнына қазақтар ат пен түйені, үнділіктер пілді, өзбектер есекті, тау халықтары өгізді пайдаланған. Қазірде қала ішінде автобусқа, алыс жаққа баратын болсаңдар пойыз, ұшақ тәрізді көлік түрлеріне мінесіңдер. Ол үшін жолда жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін білу керек. Көліксіз жүріп-тұру мүмкін емес. Біз демократиялық құқықтық мемлекетте өмір сүретіндіктен әр адам құқықтарын білу керек. Қарапайым көшені алсақ, оның өзі бір заңдылықтарға бағынады. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Бағдаршам қалай пайда болды? Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды. Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. 5 мин

Топтық жұмыс Сабақ барысы: 1) «Сұрақ-жауап» (әр топқа сұрақтар қойылады) 2) «Жол ережелері» («Жалғасын тап» деген ойын) 3) «Кім тапқыр?» (жұмбақтарды шешу) 4) «Кім жылдам?» (әр топқа тапсырма беріледі) 5) Ситуациялық сұрақтар (көрініс) 1. «Сұрақ-жауап» 1. Бағдаршам деген не? (Жол бойының қозғалысын реттейтін құрал) 2. Қай түс жанғанда машиналар жүреді? (жасыл) 3. Көлік күтетін жерді қалай атайды? (аялдама) 4. Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? (жүргіншілер) 5. Автобус тоқтайтын жерді не деп атайды? (аялдама) 6. Бағдаршамның «Қызыл» көзі не дейді? («Тоқта» дейді) 7. Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады? (14 жастан) 8. Бағдаршамда неше көз бар? (Үш көз бар: қызыл, сары, жасыл) 9. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызық. (ақжолақ) 10. «Жолаушылар» деген кім? (көлікке мінетін адамдар) 11. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз) 12. Жиек жол (тротуар) деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол) 13. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.) 14. Көшенің келесі бетіне қай жерден өту керек? (Жаяулар өтетін жолмен /пешеход/ өту керек) 15. Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 5 мин

2. «Жол ережелері» Бұл кезең «Жалғасын тап» деген ойын түрінде өтеді. 1. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма.Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр. 2. Аялдамада тұрған автобустың арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңынан келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың. 3. Жолдан өткенде әңгімені доғарып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек. 4. Көшенің шетіне өту үшін арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлермен, жол асты жолымен жүреді. 5. Транспорттың артына жабысуға болмайды, құлап, апатқа ұшырауын мүмкін. 6. Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан көлікті көрсең күте тұр. 3. «Кім тапқыр?» Екі аяқты, бір ізді Үстіне мені мінгізді. Мінгізгенмен ол менің Аяғымды жүргізді. (велосипед) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (полиция қызметкері) Қозғамасаң – құлайды, Сүйемесең – сұлайды. Құйымшақта ері бар, 10 мин

Бұл не деген жануар? (велосипед) Көзін ашып жұмады, Бағыт сілтеп тұрады. (бағдаршам) Көше бойлап аяндайды, Адам тасып аялайды (автобус) Арқаным бар тым ұзын, Ала-алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол) 4. «Кім жылдам?» деп аталады, әр топқа бірдей үлестірме қағаздар беріледі, тақтада тұрған жол белгілерінің суреттеріне сәйкестендіріп жабыстырасыздар. Сергіту сәті. Кел, достарым,ойнайық, Ойнайық та, ойлайық Босқа бекер тұрмайық, «Қызыл, сары, жасыл» ойынын ойнайық! Ойын «Қызыл, сары, жасыл» Бағдаршамның қызыл түсін көрсету Оқушылар орындарынан тұрады Тоқта! Бағдаршамның сары түсін көрсету Оқушылар екі жаққа кезек – кезек қарап дайындалады Дайындал! Бағдаршамның жасыл түсін көрсету Аяқтарын топ-топ басады.

Жұптық жұмыс 1. Жол белгілері не үшін керек? 2. Жолда жүру ережесі қай жылы қабылданған? 3. Жиек жол дегеніміз не? 4. Жаяу жүргінші қай жермен жүреді? 5. Қандай белгілерді білесіңдер? 3 мин

Ситуациялық

сұрақтар

(көрініс)

1. Сен ауылды жерде тұрасың, ол жақта ешқандай жол белгілері мен бағдаршам жоқ. Сен жолды өту үшін істер едің. 2. Сен жолдан өтуге жақындағанда бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап тұрды, сенің жаныңда бастауыш сынып оқушылары жолдан өткелі жатыр. Сен не істер едің? 3. Сен досыңмен киноға асығып бара жатырсың, досыңның құлағында наушник. Жаяу жүргіншілер өтпесінен досың жүгіріп өткісі келді, сен не істейсің? 5 мин

Өлең

құрастыру

_______________ БАЛАЛАР _______________ТРОТУАР _______________ҰМЫТПА _______________САҚТА 5 мин

Рефлексия «Бағдаршам» әдісі. Құрметті оқушылар! Бүгінгі жол белгілері арқылы, жол қауіпсіздігін білетін болдыңыздар. Жолда жүру ережесіне мұқият болу керек. Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі – заңды тәртіп, Ол ортақ! Үлкен – кіші, баршамызға, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Тақырыбы: Қосымша секциялары бар бағдаршамдар

Мектеп: Мұғалімнің есімі: СЫНЫП:

Күні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақ

мақсаттары Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау. Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Бағалау

критерийі Жеке, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт Сабақ барысы Ресурстар

Басталуы

3минут

Ұйымдастыру кезеңі: 1)Оқушылармен сәлемдесу. 2)Оқушыларды түгелдеу. 3)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 4) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру. «Комплимент» әдісі арқылы жағымды ахуал туғызу Бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын комплименттер айтады. Топқа парта бойынша бөлу: І топ «Бағдаршам» ІІ топ «Жүргізуші» ІІІ топ «Аялдама» Реттеуші деген кім? Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды. Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Суреттер, слайд Бағалау

Ортасы 20

минут Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға

қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды. Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады. Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек. 1-тапсырма. 1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай? 2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек? 3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады? 4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек? 2-тапсырма. «Жұмбақ» Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып, Помощқа елдің көбін қойдым жауып, Аспанда бұрқырады,топан ұшты, Алмады жалғыз дәнді адам тауып. Қара жол Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Полиция қызметкері Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып, аялайды. Автобус Көліктің қаншасын үстінен өткізген, Іргеден басталып, алысқа жеткізген. Жол Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та, Бақырайған үш козі бар бірақ та. Бағдаршам Арқаным бар тым ұзын, Ала - алмайсың бір үзім. Табыңдаршы, балалар, Бұл жұмбақтың шешуін. Жол Өзі сөйлей білмейді, Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. Бағдаршам белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Аяқталуы 10

минут

Қорытынды. Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік! Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділік пен қатысқан топты басқа топ

оқушылары бағалайды.

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлекция « Аяқталмаған сөйлем» әдісі Сабақ соңында оқушылар өз ойларын стикерлерге жазады: - Мен бүгін ........білдім - Маған .... қызықты болды - Маған....қиын болды «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды







Сабақтың тақырыбы: Жол реттеушісінің белгілері.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.

Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.

Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағдаршам.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Арманға алда күткен асығармыз

Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

900 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!