пед кеңес баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

пед кеңес баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
тамаша
Материалдың қысқаша нұсқасы


СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТІЛДІК ПӘНДЕРДІ БЕЙІМДЕУ АЛГОРИТМІ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңының 6-тарау43-бабында білім беру ұйымдарының құзыретіне білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру кіретіндігі жазылған.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы дегеніміз –оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы психикалық дамуы тежелген, көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, тірек қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған, ауыр сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалар мен қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктіңайқын бұзылыстары бар балалар ұсынылады және бір тоқсанға жоспарланады.

«Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының әдістемелік нұсқау хатына сәйкес білім алушыға қиындық туғызатын пәндердің ғана оқу бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады және оқу бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі білім беру сатыларында жүзеге асырылады.

Егер, білім алушыда ПМПК қорытындысы болмаған жағдайдаоқу бағдарламаларын бейімдеу білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі немесе білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бағдарламаны бейімдеу екі (одан артық емес) негізгі оқу пәнібойынша белгілі бір мерзімге (1-3 тоқсан) жоспарланады. Қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы сәйкес оқытылады. Бейімделген оқу бағдарламалары бойынша пәндерді меңгеруде 2-3 оқу тоқсаны ішінде тұрақты қиындықтар сақталған жағдайда, білім беру ұйымы баланы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, оның ішінде баланың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқыту бағдарламасының түрін айқындау үшін ПМПК-ға жібереді.

Оқу мақсаттары қалай бейімделеді?

  • Мақсатты жеңілдету (деңгейлерді таңдау: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау - оқушы үшін қол жетімді, төменгі деңгейді таңдау);

  • Мақсатты қысқарту (оның көлемін азайту);

  • Мақсатты жекелеген кезеңдеріне бөлу;

  • Мақсатты келесі тоқсанға ауыстыру (егер оқушы оған қол жеткізуге дайын болмаса, осы оқу материалы үшін базалық білім әлі қалыптаспаған болса);

  • Оқытудың алдыңғы кезеңіндегі олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған мақсаттарды енгізу.

Мектеп логопеді тілдік пәндерді қалай бейімдейді?

Мысалы: ПМПК қорытындысында 1-сынып оқушысына тілдік пәндерді бейімдеу ұсынылған, мектеп психологы мен логопедінің көмегі жазылған.

Мұндай жағдайда тілдік пәндер бойыншаоқу бағдарламасынмектеп мұғалімімен логопеді бірлесе отырып бейімдейді.Логопед –психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі маманы, ол оқушының сөйлеу тілі бұзылыстарының себептері мен көріністерін жеңу үшін жұмыс жасайды, оның кеңестері мен көмегі мұғалімге оқушының оқуын сыныпта сәтті етуге көмектеседі.

Мұғалім мен логопед бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі»(әліппе, қазақ тілі, әдебиеттік оқу) оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспарын негізге ала отырып жұмыс жасайды(Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі№ 399 бұйрығы).


Ана тілі пәнінің «Тыңдалым мен айтылым»бөлімінің оқу мақсаттарын бейімдеп көрейік...

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Ана тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)

Тыңдалым мен айтылым

Тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы

1.1. 1.1 мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсіну

1.1. 1.1 2-3 сөз тіркесінен сөз, дыбысты ажырату;

1.1. 2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау

1.1. 2.1 көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы жай сөйлемдер құрау;

1.1. 3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

1.1. 3.1Келесі тоқсанға ауыстырылды

1.1. 4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.1. 4.1 коммуникативтік қатынаста сөз әдебін (сәлемдесу, алғыс білдіру, кешірім сұрау, өтініш айту, рұқсат сұрау, қоштасу) дұрыс қолдану

1.1. 5.1 заттар мен құбылыстарды сипаттауға, салыстыруға қажет сөздерді қолдану;

1.1. 5.1Келесі тоқсанға ауыстырылды

1.1. 5. сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу

1.1. 5. сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен, қарқын, кідірісті сақтау, ойды ым-ишара, қимыл арқылы жеткізу

1.1. 6.1 тыңдалым материалына қатысты өз ойын білдіру

1.1. 6.1 тыңдалым материалына қатысты мұғалімнің сұрақтарына жауап беру

1.1. 7.1 сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрау

1.1. 7.1 Суреттер бойынша сөйлем құрау

1.1. 8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

1.1. 8.1 сөздерді үндестік заңына сәйкес дұрыс айту

Мұғалім мен логопед білім алушының сөйлеу тілінің дамудеңгейін, жоспарланған дағдыларды игеруге дайындығын ескере отырып, әр мақсаттыталдайды. Ол үшін:

  • Мақсатты жеңілдетеді, білім алушы үшін қолжетімді, төменгі деңгейді таңдайды(1.1. 1.1);

  • Мақсаттың көлемін азайтады(1.1. 6.1);

  • Мақсатты келесі тоқсанға ауыстыруға болады (1.1. 3.1; 1.1. 3.1);

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасында:

  • Өзгеріссіз қалған мақсаттар тек кодпен көрсетіледі;

  • Қысқартылған, нақтыланған, жеңілдетілген мақсаттар өзгертіле отырып, өз кодымен жазылады.

Мектеплогопедінің жеке дамыту бағдарламасына білім алушының оқу бағдарламасын меңгеруге қажетті сөздік қорын, фразалық және байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сұрақ қою және сұрақтарға жауап беру және сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар енгізіледі.

Сонымен қатар, мектеп логопеді байланыстырып сөйлеутілін дамытуға, сұрақтарды түсінуге және сұрақтарға жауап беру (3-4 сөзден), сюжеттік сурет бойынша 3-4 қарапайым сөйлемнен әңгіме құрастыруға, жоспар бойынша әңгіме құрастыруға көп көңіл бөледі. Логопедтің сабақтарында қалыптасқан дағдылар оқушының сабақтағы іс-әрекетіне бірден енеді, ол үшін мұғалім мен логопед үнемі ақпарат алмасып отыруы керек.

Мектеп мұғалімдері ЕББҚ ететін білім алушыларға жеке КТЖ, ҚМЖ құрастырмайды. Сыныпқа арналған КТЖ сәйкес сабақ өткізеді және қысқа мерзімді жоспарына бейімделген оқу мақсаттарын енгізеді, жеке тапсырмалар ұсынады.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 Бұйрығында: «Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді».

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасымен оқытылатын білім алушыларға бақылау тапсырмалары (БЖБ, ТЖБ тапсырмалары)өзі оқыған бағдарламаның мазмұнына сәйкес болуы керек, яғни мұғалім бейімделген мақсаттарға сәйкес сараланған немесе жеке тапсырмалар құрастырады және соның нәтижесі бойынша бағаланады.

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы;

  2. «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының әдістемелік нұсқау хаты;

  3. Жалпы білім беру мектептеріндегі ерекше білім алуды қажет ететін балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету: әдіс.нұсқаулық/ Елисеева И.Г., Ерсарина А.К. - Алматы: ТП ҰҒПО, 2019. – 92 б.

  4. Индивидуализация учебно-воспитательного процесса школьников с особыми образовательными потребностями в общеобразовательной школе: метод. рекомендации/ Елисеева И.Г. - Алматы: ННПЦ РСИО, 2021, 62 с.












ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ

АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАКСИМ ГОРЬКИЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА

МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ









Баяндама

«СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА ТІЛДІК ПӘНДЕРДІ БЕЙІМДЕУ АЛГОРИТМІ»









Логогпед: Әжім А.А




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
60
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі